ШОКОЛАД ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

ШОКОЛАД ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

«КИТ КАТ» ШОКОЛАДЫН ЖАПОНДЫҚТАР ШЫҒАРҒАН. ЖАПОН ТІЛІНДЕ ОЛ «КИТТОКАЦУ» ДЕП ДЫБЫСТАЛАДЫ ЯҒНИ, ОЛ «МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖЕҢУ» ДЕГЕНДІ БІЛДІРЕДІ. СОЛ СЕБЕПТЕН ЖАПОНДЫҚТАР «КИТ КАТ» ШОКОЛАДЫН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ІСПЕН АЙНАЛЫСАР АЛДЫН ЖЕЙДІ.

Статистика бойынша әр жыл сайын адамдар шоколадқа 7 миллиард  доллардан астам қаржы жұмсайды екен.

Ал,біздің елде орта есеппен жыл сайын 162,7 мың тонна шоколад желінеді .

Әлемдегі ең танымал тәтті десерт жайлы қызықты ақпараттырды назарларыңызға ұсынамыз.

«Шоколад»  атауы майа «xocolatl» сөзінен шыққан. Ол «ащы су» деген мағынаны білдіреді.

Тәттінің тарихына үңілер болсақ , шамамен біздің жылымызға дейінгі 1500 жылы десерт ойпаттардағы мексикалық шығанақтың жағасы — Америкада ольмек өркениеті кезінде пайда болған.

Ең алғаш какаоның дәмін Мокая және и Омельки есімді мексикандықтар көрген.

Шоколад алғаш қасиетті су ретінде рәсімдерде қолданылған.

Латиноамерикандық емшілер шоколодпен бронхит сынды ауруларды емдейді. Ал, кей аймақтарда ыстық шоколадты ара мен сарышаян шаққан жерлерге жағады.

Шоколад жануарлар үшін құрамында «теобромин» болғандықтан улы болып келеді.

Шоколадтың бірнеше негізгі түрлері бар. Ащы шоколад какао майы мен ұнтақталған какаодан және қант ұнтағынан жасалады. Ащы шоколадтың пайдасы ауыз толтырып айтарлықтай –  бұл десерт түрі кез-келген адамға ұнай бермегенімен, бірақ оның құрамында қант аз болғандықтан және кілегей немесе сүт болмайтындықтан ең зиянсыз болып саналады. Құрамында калориясы көбі – сүтті шоколад. Онда кілегей немесе сүт және май болады. Шоколадтың тағы бір танымал түрі – ақ шоколад құрамында какао ұнтағы болмайды, әртүрлі қоспалар қосылады және қантқа бай.

Шоколадтың көңіл-күйді жақсартатын қасиеті бар. Ағзаға бақыт гормонын (серотонин) және эндорфиндерді (психологиялық стрессті және ауырсынуды жеңілдететін) тарататын десертті шамадан тыс жеу артық салмаққа әкеледі.

Есіңізде болсын, сапалы шоколадты сындырғанда, ол уатылмай шытырлауы керек, сондай-ақ тіске жабыспауы және қолда ерімеуі тиіс.

Аймақ ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *