
Осындай тақырыппен бүгін Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығына орай, «Мемлекеттік Рәміздер-Еліміздің айбыны» атты патриоттық сазды концерті өтті.

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен атаулы іс-шарада Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева, Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің директоры Айдос Абпазов қатысып, Мемлекеттік рәміздердің құндылығы туралы ойларын білдірді.

Сондай-ақ, Әнұран, Елтаңба, көк туымыз туралы қатысушыларға кеңінен ақпарат беріліп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Кеш соңында ұлттық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықыласты оятар патриоттық жанрда әндер шырқалды.
Шапағат СЕЙІЛХАНҚЫЗЫ