МЕССИДІ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАМҒА ОТЫРҒЫЗАТЫН КЕЗ КЕЛДІ

Франция ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эммануэль Пети «ПСЖ» футбол клубының ойыншысы, «Алтын доп» сыйлығының жеті дүркін жеңімпазы Лионель Мессиді қосалқы құрамға отырғызатын кез жеткенін айтты.

«Бүгінгі Месси бұрын «Барселона» футбол клубында жасындай жарқыраған футболшының көлеңкесі екені рас. «Манчестер Юнайтед» футбол клубының Криштиану Роналдуды бапкер Ральф Рангник қосалқы құрамға отырғызды. Содан кейінгі ойында ол гол соқты. Бәлкім Мессиді де қосалқы құрамға жіберу керек шығар. Сонда ол нәтижелі ойын көрсететін болар. Алайда Месси мұндай шешімге келісе ме? Әңгіме сонда», дейді ол өз ойымен бөлісіп.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *