«БАРЫС» БҮГІН «СПАРТАК» КОМАНДАСЫМЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында бүгін ресейлік «Спартак» (Мәскеу) командасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Аталған ойын Мәскеу қаласындағы «Лужники» аренасында болады. Басталуы — елорда уақытымен 16:00. Кездесу жанкүйерсіз өткізіледі.

Бұдан кейін қазақстандық клубты Ресей астанасында мәскеулік «Динамоға» қарсы екі ойын күтіп тұр.

Аталған кездесулер 22 және 24 ақпанға белгіленген. Еске салсақ, Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысы бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *