МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі тұрғындарымен және Иассы ауылдық округінде ауданның шаруаларымен, кәсіпкерлерімен кездесті.
Үшқайық ауылдық округі С.Қожанов елдімекенінің тұрғындарымен болған кездесуде тұрғындар ауызсу, табиғи газбен қамту мәселелерін көтерді.
Мәселелерді мұқият тыңдаған Қ. Абасов:«Қазіргі таңда жаңа су кодексі әзірленуде. Ол жерде сапалы ауыз су, өзендер мен көлдерді, бөгендерді тиімді пайдалану сияқты бірқатар мәселелер қамтылады. С. Қожанов ауылында су жетіспеушілігі салдарынан егін шаруашылығы ақсап тұрғанынан хабардармын. Бұл мәселе жаңа заң қабылданғанда өз шешімін табатын болады. Шалғай елдімекендерде өңірлерді дамыту бағдарламасы бірінші кезекте орындалуы керек. Сол арқылы табиғи газбен, сапалы ауызсумен қамту мүмкіндігі бар», -деді.
Аудан әкімі Ғани Рысбеков Үшқайық ауылдық округіне табиғи газ тартылғанын және көшелерге үйлерге жеткізу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Өз сөзінде аудан әкімі Сауран ауданы бойынша табиғи газ ең бірінші Үшқайық ауылдық округіне берілетінін айтып, тұрғындарды қуантты.
Сондай-ақ ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов С. Қожанов ауылындағы мектептің жағдайымен танысты. Балабақшадан мектепке ыңғайластырылған бұл мектепке оқушылар да сыймауда. Замануи жабдықтармен жабдықталмаған мектеп ұжымы мәжіліс депутатынан жаңа мектеп құрылысын жүргізуге септігін тигізуді сұрады.
Ал Иассы ауылдық округінде өткен кездесуде шаруалар мен кәсіпкерлер субсидия, ағын су сияқты шаруалар үшін өзекті болып отырған бірнеше мәселелерді көтерді.
Қайнар Абасов:« Мемлекет тарапынан субсидия бөлінбесе күзде қымбатшылық келу қауіпі бар. Түркістан облысының субсидия бойынша қарызы 15 млрд. теңгені құрап отыр.
Президенттің жаңа тапсырмасы ауыл тұрғындарының табысын көбейтіп, инфляциямен күресу. Ол үшін біз шаруалар мен кәсіпкерлерлерге қолдау көрсету керекпіз. 3 жылға көктемгі дала жұмыстарына несие беретін болсақ, егін шаруашылығындағы көптеген мәселелер шешім табады. Шаруалар үшін жыл оны екі ай жанармаймен қамтылуы да маңызды.»,- деп, қазіргі таңда заңға өзгерістер енгізіліп жатқанын, Сауран ауданының шаруалары мен кәсіпкерлері көтерген мәселелерді назарға ала отырып, ұсыныс ретінде жеткізетінін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *