ОТБАСЫНДА ЕКІ РЕТ ЕГІЗДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

Возможно, это изображение (8 человек, ребенок, люди стоят и в помещении)
Халқымыз өз ұрпағына «Отан – отбасынан басталады» деп шаңырақтағы шаттыққа, жарымен жарасым табуға, жасыл құрақтай жайқалған ұл-қызына тәлім-тәрбие беруге, ағайын-туғанның арасында сыйластық орнауына айрықша мән беріп, отбасы құндылықтарын сақтауды мұра еткен. Сондықтан болар, жас отау иелері алғашқы кездері үлкен шаңырақта тұрып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген. Бүгінде жастар арасында отбасы институтын дамыту мен нығайту арқылы болашағына жарқын жолдар ашуға ұмтылатындар саны көп. Сондай-ақ, жас отау иелері отбасының ең басты байлығы — ұрпақ санын көбейтіп, демографияға үлес қосуды жоспарлап отыр.
Осындай отбасылардың бірі — Төлеби ауданындағы ең жас, көпбалалы Асановтар шаңырағы. Бұл отбасында екі егіз дүниеге келген. Отанасы, Мәдіхан Жанар Сәбитханқызының жасы небәрі 22-де болса, шаңырақ иесі Асанов Ерсұлтан Әсілбекұлы 29 жасқа толған. Жас отау иелері 2017 жылы шаңырақ құрған. Алланың қалауымен бірінші егіздері 2018 жылы 23 тамызда дүниеге келіп, сәбилерге Медина, Алина есімдері берілген. Жанар сәбилерін қарап қана қоймай, акушер мамандығы бойынша білімін жалғастырып, оны 2020 жылы аяқтаған. Дәл осы жылы 4-ші шілдеде екінші егіздерін дүниеге алып келген. Нәрестелер Диана, Раяна есімдеріне ие болды.
Возможно, это изображение (4 человека, люди стоят и новогодняя елка)
Қазіргі кезде Жанар бала тәрбиесімен үй шаруасына көңіл бөліп отыр. Үлкен қыздар 3 жастан, кіші егіздер 1 жастан асты. Отағасы жұмыстан қолы бос уақытында бала тәрбиесіне көңіл бөледі. «Сәбилерім егіз болғандықтан, олардың күтіміне ата-енем көп көмек береді. Егіздер ата-анасына екі есе қуаныш сыйлап қана қоймай, сондай күтімді қажет етеді. Себебі, олар бір-бірінің әрекетін қайталап, екеуі бірдей жылайды, бірдей ойнайды. Олардың мінездерінде де ерекшелік бар. Сондай-ақ, олар бір-бірін қорғап, қамқор болып жүреді. Бірақ, біреуі ауырса екіншісі де сырқаттанып қалады. Егіздермен қоса үйдегі қарт әжеге де күтім жасаймын. 95 келген әжемнің батасын алуға тырысамын»,- дейді егіздердің анасы Жанар.
Жас отбасылардың шаңырағында екі егіз қыз баланың дүниеге келуі, олардың көпбалалы болуларын жаратқанның сыйына, тағдыр бақытына балауы сүйсінтерлік жағдай деп атар едік. Айта кетерлігі, жас шаңырақ иелері былтырғы жылы жастар арасында «Үздік жас отбасы» номинациясының иегері атанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *