АЛҒЫС АЙТУ- БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ

Бүгін, Түркістан қаласында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай, №4 кітапхана филиалының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара болып өтті. Жиын ардақты ақсақалдарымыз бен әжелеріміздің сөз алып, бір біріне алғыс айтуымен бастау алып, ХҚТУ- дың өнерлі студенттерінің өлең оқып, күмбірлете күй тартуымен жалғасын тапты.

Кездесуге қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаев, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Өтепберген Қуанышбаев, ҚР Журналистер одағының мүшесі Әкімжан Ыстыбай, Түркістан қалалық аналар алқасының мүшелері Огылжан Халыхбердиева мен Раушан Саржанова және тағыда басқа қоғам белсенділері қатысты.

«Бүгінгі шарамыз алғыс айту күніне арналады. “Алғыс айту-бірлік пен достықтың мерекесі” деп аталатын тақырыпта шара өткізіп отырмыз. Жиынды өткізудегі басты мақсатымыз, жастарға бүгінгі мерекенің құндылығын түсіндіру. Жалпы алғыс айту- адамзаттың бір-біріне деген ризашылығын білдіру, қауышу. Бұл мереке бұрыннан келе жатқан мереке болып есептеледі. Бүгінгі шараға ақ жаулықты аналарымыз мен ардақты аталарымыз және тұрақты оқырмандарымыз қонаққа шақырылды. Үлкен кісілердің әңгімелері тыңдалды, жастарға сүбелі дүниелер айтылды. Осындай шаралар арқылы жастарға тәрбие, тәлім берсек дейміз»,- деді Түркістан орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапхана филиалының менгерушісі Раушан Майбасарова.

 

Шапағат ҒАЙБУЛЛА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *