ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚ БІР ТУҒАН!

Мен Нуралиева Мамагуль қырғызбын. Қазіргі таңда Қазақстанда тұрып жатырмын. Түркістан қаласындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқып жатырмын. Қазір Қазақстанда тұрып жатқаныма, оқып жатқаныма ешқандай өкінбеймін. Осында келгелі бері қазақтармен және көптеген ұлттармен достастым. Достарым әрқашан мені қолдап, көмектесіп жүреді. Қырғыз-қазақ бір туған демекші, бұл жақтағы достарым бауырларымдай болып кетті. Бүгінгі келіп жеткен көктемнің алғашқы күнімен, 1-наурыз Алғыс айту күнімен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларына амандық, кәсіптеріне табыс тілеймін.

Бүгінгі мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстан – азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер мен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет. Осы мерекеге арналған мәдени шаралар еліміздің барлық облыстары мен түпкір-түпкірінде өтіпте жатыр.

Мамагуль Нуралиева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *