ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ НЫСАНДАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Қожа Ахмет Ясауи музейі Түркістанның ең маңызды әрі туристер жиі келетін орнына айналмақ. Әлемдік деңгейдегі рухани орталыққа жеткізу үшін мәдени ошақтың тұжырымдамасын жасауға түркістандық белгілі ғалымдар мен ясауитанушылар атсалысуда. Музейдің құрылысы мен даму бағыты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Рухани орталықтың басты бағыты – ұлы тұлғаның тарихи болмысын, өмірі мен ілімін жаһанға танытып, Ясауи жолын дәріптеп, өсиеттерін паш ету.
Мәдени ошақта болған облыс әкімі жоба жетекшілеріне бірқатар міндеттер жүктеді. Ұлы ойшылдың ел руханиятындағы орнын айқындайтын музейді бірегей жобаға айналдыру жолдарын көрсетіп, ой қосты. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі болған Арыстанбабтың өмір жолымен байланыстырыла отырып, шын болмысын ашып, халықты рухани серпілтетін, тарихи танымын оятатын орталық болуы керектігін жеткізді.
Музей ғұламаның іліміне сапар шегіп, күллі шығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған діни қайраткердің еңбектерін дәріптейтін мәдени ошақ болмақ. Түркі тілінде мағынасы терең жыр жазудың үлгісін жасап, ілімін ұрпаққа қалдырған ойшылдың еңбектері дәріптелген орталықта құнды жәдігерлер жинақталған.
Шежірелі шаһарда туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып, 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Солардың бірі – өткен жылдың соңында іргетасы қаланған «Қылует» рухани орталығы болмақ. Облыс басшысы құрылыс алаңында болған орталық кәсіпкерлердің және жалпы халықтың қаржылай қолдауымен салынады. Ел руханиятына оң серпін беретін орталықтың құрылысына еліміз бен түркі әлеміне танымал кәсіпкерлер демеушілік жасауда. Биыл ел игілігіне беріледі. Жер асты мешітінің қасынан қарилар мен болашақ дін ғұламаларын даярлайтын медресе салынып жатыр.
В ТУРКЕСТАНЕ ДУХОВНЫЕ ОБЪЕКТЫ БУДУТ ПЕРЕДАНЫ НА БЛАГО СТРАНЫ
Музей Ходжи Ахмеда Ясави станет самым важным и посещаемым местом Туркестана. В разработке концепции культурного центра принимают участие известные туркестанские ученые и ясавиведы. Строительство и развитие музея находится на непосредственном контроле акима области Умирзака Шукеева. Основное направление духовного центра – показать миру историческую сущность, жизнь и учение великого человека, прославить путь Ясави и показать его заветы.
Аким области поставил перед руководителями проекта ряд задач и добавил идеи о том, как превратить музей в уникальный проект, определяющий место великого мыслителя в духовности страны. Он отметил, что Арыстанбаб, который был главным учителем, воспитателем Ахмета, должен быть центром, связывающим его с жизненным путем, раскрывающим его истинную сущность, духовно заряжающим народ, пробуждающим его историческое познание.
В центре собраны ценные экспонаты, в которых отражены труды мыслителя, создавшего образец поэтического письма на тюркском языке и передавшего свое учение потомкам.
В настоящее время туристская отрасль Туркестана активно развивается по 3 направлениям: историко-познавательный, лечебно-оздоровительный и экологический туризм. Одним из них станет духовный центр «Кылует», который был заложен в конце прошлого года. Глава области посетил строительную площадку центра и проследил темпы работ. Этот центр строится при финансовой поддержке предпринимателей и населения в целом, а также благодаря спонсорской поддержке известных в стране и тюркском мире предпринимателей. В этом году ожидается церемония открытия. Рядом с подземной мечетью строится медресе для подготовки Кариев и будущих религиозных деятелей.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *