ЗАҢСЫЗ DVD ДИСКІСІН САТҚАН ЕР АДАМДЫ ҰСТАЛДЫ

Созақ АПБ-нің қызметкерлері ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған рейдтік-профилактикалық  жұмыстарды үнемі жүргізіп отырады.      Осылайша Созақ ауданының полицейлері «Контрафакт» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында, ауданның орталық көшелерінің бірінде орналасқан дүңгіршектен заңсыз DVD дискісін сату дәйегін анықтады. Аталған жайтты ҚР ҚК-нің 198-бабы 2-бөлігі «Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оның пластикалық дүңгіршекте тіркеу құжатынсыз DVD дискілерін сатқандығы анықталды. Одан айғақтық зат ретінде шамамен 180 дана дискі тәркіленіп алынды.                                    Қазіргі таңда ауданда осы сияқты сатылымға тыйым салынған заңсыз саудамен күрес жүйелі түрде жалғасын табуда.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарға заңсыз сауда айналымымен айналыспауды ескертеді. ҚР аумағында лицензияланған бейнефильмдерді, бейнеклиптерді өткізуге, сатып алуға, сақтауға және оны көбейтіп сатуға, тасымалдауға лицензиялық келісім-шарт жасалуы қажет. Келісімшарт болмаған жағдайда, олар заң алдында тиісті жазасын алады.

 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *