МАҚТААРАЛДА МАС КҮЙДЕГІ ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Облысымыздың полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізеді. Олар жүргіншілер мен жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін күн-түн демей халық үшін қызмет атқаруда.
Осындай жайтты болдырмау мақсатында Мақтаарал ауданының полицейлері түнгі уақытта рейдке шықты. Нәтижесінде түнгі сағат 23:00 шамасында бұрылатын кездегі жарық шамын жақпаған «DAEWOO NEXIA» маркалы автокөліктің жүргізушісін тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның масаң күйінен күдіктенеді. Тиісті медициналық сараптама тағайындалып, нәтижесінде оның орташа дәрежелі мас халде екендігі анықталды.

Көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша құжаттар Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Нәтижесінде Мақтаарал аудандық сотының қаулысымен жүргізуші 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамауға алынып, оған 7 (жеті) жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *