«КАНАЛ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауылға қарасты егістік алқапта жайылып жүрген 28 бас жылқысының ішінен көк түсті биесі жоғалып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 400 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Оқиға орнына жеткен полицейлер жоғалған малды табу мақсатында дереу «Канал» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Шара барысында тәртіп сақшылары 20 шақырымдық жердегі тоғайлы алқапта жалғыз жайылып жүрген жылқыны тапты. Оның түр-түсін, ен-таңбасын анықтай келе аталған азаматтың көк түсті биесі екені белгілі болды. Сондай-ақ бие заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде жылқысының табылғанына қуанған тұрғын: «Мен өзімнің жылқымды жайылымға жіберіп, соның ішінде 1 биемді жоғалтқанымды айтып полиция қызметкерлерінен көмек сұраған едім. Олар дереу іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлерінің тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде жылқымды тауып, өзіме қайтарып берді. Тәжірибелі тәртіп сақшыларына алғысымды білдіремін» — деді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *