ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫННЫҢ ҚОРАСЫНДАҒЫ ҚОЙЛАРЫН ЖЫМҚЫРҒАН КҮДІКТІЛЕРДІ ҰСТАДЫ

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, өзінің тұрғын үйінің ауласындағы қораға белгісіз біреулер заңсыз кіріп, әрқайсысы 50 000 теңге тұратын 6 бас қойын жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 300 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша тіркеуге алды.

Оқиғаны естіген бойда, тәжірибелі тәртіп сақшылары аталған мекен-жайға бірден жетті. Ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ұйымдасқан үшеуді бір тәулікке жеткізбей ұстады.

Анықталғандай ауылдас күдіктілер түнгі уақытта ұрлыққа түсіп, 6 бас қойды «Ваз-21014» маркалы автокөлікке салып, жасырын жымқырып кеткен. Яғни, олар малды ұрлаған соң сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлер мен ғимараттарға, дүкендерге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Егер де сіз, ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы