Жас кәсіпкер замандастарын еңбектенуге шақырды

Ордабасы аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қараспан ауылында жаңаша форматта кездесу өтті. Ауыл тұрғыны Нұрсұлтан Сұлтанқұловтың жылыжайында бас қосқан жастар кәсіпкердің табысқа жетуінің қыр-сырына қанықты.
Кездесу барысында шағын ғана жылыжайда қияр өсірумен айналысатын Нұрсұлтан бұл кәсіпті ата-анасының қолдауымен ашқандығын айтып, жастарды кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды.
Сондай-ақ, алдағы уақытта мемлекеттен беріліп жатқан грантты алып, кәсібін кеңейткісі келетін де атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *