Кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады
Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады. Ғылыми және арнаулы кітапханалар, ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі.
Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан былтыр 100 мың кітап қорына арналған орталық кітапхананың құрылысы басталған. Қазіргі таңда аталған нысанның екінші қабатының қабырғалары толық қаланып, шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық орталық кітапхана ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жаңа кітапхананың бірінші және екінші қабатында келушілерге арналған оқу залдары болады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы пандус пен емін-еркін көтерілуге лифт қойылады.
Орталық кітапхана бүгінде аудандық мәдениет үйінің ғимаратына уақытша орналастырылған. Жалпы аудан аумағында 25 кітапхана жұмыс істейді. Оның 23-і ауылдық, 1-і аудандық орталық кітапхана болса, 1-і балалар кітапханасы. Онда — 221 849 дана кітап қоры бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі