«Жастар ресурстық орталығы» КММ- нің ұйымдастыруымен әуесқойлар арасында балық аулаудан жарыс өтті

2022 жылдың 24-25 маусымы күндері Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ- нің ұйымдастыруымен әуесқойлар арасында балық аулаудан жарыс өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттай отырып туризмді дамыту, қоршаған ортаны қорғау, жастар арасында балық аулау спортына деген қызығушылықты арттыру, көршілес аудан, қалалардағы балықшылар арасында өзара тәжірибе алмасуын, достық қарым-қатынасын нығайту, Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатына Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Е. Төлебаев, Жетісай ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Е. Алданиязов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е. Сейдалиев, Қызылқұм ауылдық округінің әкімі Досжан Асхарұлы мен бірнеше округтің әкімдері қатысып, балықшыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа төрелік жасаған Жетісай аудандық әкімдігінің аппарат басшысы Е. Алданиязов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е. Сейдалиев, Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы О. Шәріпбай, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі М. Бейсенбай және «Жетісай спорт клубы» КММ-нің басшысы орынбасары Н. Қонарбаев қатысушылардың жарыс ережелерін қатаң сақтап, әділ өтуіне үлкен күш салды.
Балық аулау спортында өзара мықты қатысушыларды анықтау мақсатында Түркістан облысы, Шардара су қоймасының «Күміс жағажай» демалыс аймағында сайысқа Түркістан облысының түкпір-түкпірінен 18-ге жуық командада 50-ге жуық балықшы қатысты. Балық аулау сайысы өте тартысқа толы болды.
2018 жылы бастау алып, 2022 жылы жалғасын тауып келе жатқан екі күндік сайыстың қорытындысы бойынша І орынды «Абай» командасы қанжығасына байласа, ІІ орынды «Сәулет қала құрылысы» командасы иеленді. Ал, ІІІ орын «Орда» командасына бұйырып, кубоктарға ие болды.
Мұнан да басқа сайысқа белсенді қатысып, ерекше көзге түскен жекелеген балықшылар «Ең үлкен балық ұстаушы» Тойтиев Ержан,
«Алғашқы балық ұстаушы» Абдикаликов Ербол, «Ең жас балық ұстаушы » Түгел Ерасыл номинациялары бойынша ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *