ОБЛЫСАРАЛЫҚ ЖАСТАР ОРТАЛЫҚТАРЫ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН ТАРТЫСТЫ ДОДА

16 маусым күні бастау алған «БІЗ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» атты ұранмен аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталықтары» қызметкерлері арасында бастау алып, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен белсенді айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында футболды насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы облыстық ашық біріншілік өз мәресіне жетті.
Командалардың жеңіске жетуге ұмтылған жігері мен өзара ымыраласа әрекет етіп, қарсыластарының осал жерін аңдып, қақпаға доп енгізуге ұмтылуы ұжымдық ойын саналатын футболдың көрігін қыздырып, көрермендердің делебесін қоздырды.
Аяқдоп аламанында Жетісай ауданының Жастар ресурстық орталығы КММ-нің қызметкерлері жеңіске деген жігер танытып, үздік ойын өрнегін көрсетіп жүлделі ІІ орынға табан тіреді. Бұл жеңістің барлығы орталық ұжымының белсенділігі мен салауатты өмір салтына деген ұстанымының көрсеткіші болса керек.
Себебі Жетісай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері спорттық сайыстар мен мәдени-қоғамдық іс-шараларды жүйелі түрде жиі ұйымдастырып, жастардың еліміздің дамуына деген үлесін үнемі қанаттандыруда және спартакиада ойындарында жүлделі орындар иеленген болатын.
Шараның марапаттау рәсімінде Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов құттықтау сөз сөйлеп, сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындардан көрінген коммандаларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.
Аудан әкімі мұндай шаралар жалғасын табатынын, жастар әрқашан назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Сайысты тамашалауға келген көрермендер жарыстың сәтті өтуіне риза болып, қошеметтерін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *