ЖАСЫЛ ЕЛ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАСТАР ЕҢБЕК ЕТУДЕ

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы жеке мекемесінің ұсынысымен Қазығұрт ауданы Қызылқия елді мекеніндегі «Ag Niet Agro garders» ЖШС-де 20 жас, Бағжан ш/қ 20 жас, Әшір ш/қ 16 жас Айнатас елді мекеніндегі Тұрсын ата ш/қ 18 жас, Меруерт и Е 14 жас, Тұрбат елді мекеніндегі Ырыс ж/к 14 жас, жасыл аймақта келісім шарт бойынша маусым айында 62 азаматты жұмыспен қамтыса, шілде айында 40 жасты жұмыспен қамтыса, қазір осы бағдарлама негізінде 102 жас еңбек етуде. Жұмыссыз жастарға, студенттерге және мектеп бітірген түлектерге, бір айлық келісім шартпен жұмыс берілді. Бұл бағдарлама маусым, шілде,тамыз айларында жастардың демалыс уақытын тиімді пайдалану және ерікті жастарға жұмыс беру болып табылады.

«Жасыл ел» республикалық штабы жалпы мемлекеттік жастар қозғалысына айналды, белсенді жастарды біріктіріп, оларды еңбекке баулыды, патриотизм сезімін ұялатып, өмірлік маңызды әлеуметтік дағдылардың дамуына ықпал етті, ал ең белсенділері үшін – табысты кәсіби мансапты құрудағы әлеуметтік лифт болды.

«Жасыл ел» жобасының басты мақсаттарының бірі қазақстандық жастарда экологиялық дүниетанымды, мәдениетті, табиғат пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

«Жасыл ел» бағдарламасының арқасында көптеген жастар күн сайын еліміздің қалалары мен аймақтарында еңбек етеді, Қазақстан азаматтарын қоршаған ортаны бағалауға, олардың дүниетанымын, мәдениетін дамытуға және табиғат пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.
 Бүгінгі таңда жастар-халықтың үлкен әлеуметтік тобы. Қазақстан қоғамының болашағын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан қоғамындағы ауқымды реформалардан туындаған басым жағдайлар, жастардың даму ерекшеліктерін және оның әлеуметтік құрылымдағы маңыздылығын анықтады.
 «Жасыл ел» жобасының арқасында елімізді көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар біздің ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасының гүлденуіне жауапты жас азаматтарының жаңа буынын тәрбиелеу!
 «Жасыл ел» бағдарламасы құрылған алғашқы жылдардан бастап оң нәтиже беріп келеді. Осы бағдарлама аясында «Студенттік құрылыс жасақтары», «Жасыл ел» секілді еңбек жасақтары құрылған. Мұндағы мақсат – жастардың жазғы каникулда бос жатпай, еңбек етіп, жалақы табу ғана емес, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбие алуы да маңызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *