Жасөспірімдер арасында толағайдан жарыс өтті

Жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында бекітіліп өткізілетін бұқаралық спорттық іс шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2022 жыл «Балалар жыланы» орай Машат шатқалындағы Отырар жазғы балалар сауықтыру лагерінде «Есірткісіз болашақ!» және «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұрандарымен кіші футбол, волейбол және толағайдан жарыс өтті.
Жарысты өткізудегі мақсат: Жасөспірімдерді жаман жолға түсуінің алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға деген қызығушылықтарын арттыру. Тартысты әрі қызықты өткен жарыста, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге және үздік ойыншыларға мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі дайындаған диплом, медаль, кубок және арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *