
Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов қаладағы Құралбаев көшесінде жүргізіліп жатқан құрылыстардың барысын бақылады.
Аталмыш көшеде сметалық құжаттамаға сәйкес, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Онда автомобиль жолын асфальт жабындысын алыптастау, жолдын денгейіне дейін қиыршық таспен тегістеу, су ағар және аяқ жол тротуар салу жұмыстары көрсетілген.
Кәзіргі таңда жолдың үстінгі қабатын қыру жұмыстары жүргізілді. Осыған орай су ағар орнату үшін қазба жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, осы күнге дейін осы аталған көшеде су жиналып, тұрғындардың жүріп-түруына қолайсыздықдар тудырып келген. Бұл мәселені тұрғындар қала басшысымен кездесуде үнемі көтеріп келген.
Қала басшысы құрылысты аралау барысында сапалыққа мән беруді, тұрғындар тарапынан көтерілген шараларды қарастыруды тапсырды.