Ауылдардың 86 пайызы ауыз сумен қамтылды

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, өңірдегі 831 елді мекеннің 86 пайызға жуығы ауыз сумен қамтылды. 
Бұл туралы арнайы өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы С.Далиев айтты.
«Түркістан облысында 831 елді мекеннің 712-сі (7 қала, 705 ауылдық елді мекен) яғни 85,7 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, биыл ауыз сумен жабдықтау бойынша 53 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 26-сын осы жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Ал, қалған 27 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі» деді басқарма басшысы Сәкен Шалабайұлы.
Спикердің сөзінше, жыл аяғына дейін 13 елді мекенді (Сарыағаш-4, Келес-4, Қазығұрт-2, Ордабасы-3) ауыз сумен қамтамасыз ету, ал, 14 елді мекеннің (Сауран-1, Қазығұрт-1, Төлеби-5, Жетісай-2, Мақтарал-1, Ордабасы-1, Шардара-1, Түлкібас-2) тозығы жеткен су құбырларын жаңарту жоспарланған.
Сонымен қатар, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 119 елді мекеннің 71-іне су құбырларын жүргізу, 48-іне блок-модуль кешенін (КБМ) орнату қажет.
Айта кетейік, өңірдегі елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарын» бекітті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *