БАЗАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЕКІ АУЫСЫМДА ЖҮРУДЕ

Базардағы өрт қалдықтарын тазалауға 100-ге жуық адам мен 20 техника жұмылдырылған.
Жұмыс барысына облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай жетекшілік етуде.
Жұмыс екі ауысымда, тәулік бойы атқарылып жатыр.
Соңғы 1 тәулікте «Күлпаршын» базарынан 60 жүк көлігімен қоқыс шығарылды.
Қазіргі кезде базар аумағының 40% тазартылды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, «Күлпаршын» орталық базарын тазалау барысында 105 жүк көлігімен қоқыс шығарылды.
Базар аумағының 50%-дан астам бөлігі тазаланды.
Шығарылған қоқыс көлемі 240 тоннаға жетті.
Сондай-ақ базардың жаңа жобасы жасалуда. Мамандардың айтуынша, жаңа жоба бойынша сауда нүктелері кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, әрі өрт қауіпсіздігі сақталатындай етіп салынады.
“Күлпаршын” орталық базарын өрт қалдықтарынан тазалау жұмыстары бойынша 170-ке жуық жүк көлігімен 430 тонна қоқыс шығарылды. Таңға дейін базардың 75%-ы тазартылды.
Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен базардың жаңа жобасы жасалып жатыр. Сауда нүктелері кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, өрт қауіпсіздігі толықтай сақталатындай етіп салынатын болады.
Базарды тездетіп іске қосу үшін нысан аумағы 6 секторға бөлініп, әр секторда Жетісайға жақын орналасқан Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай және Қазығұрт аудандарының құрылысшылары жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *