ДЕНІ САУ ҰРПАҚ-БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

 

Түркістан облысының Кентау қаласында «Қала күніне» арналған қала әкімінің кубогы үшін ересектер арасында кіші футболдан республикалық ашық турнирінің жабылу салтанаты өтті.

Екі күнге созылған жарысқа Алматы, Тараз, Шымкент, Сарыағаш, Түркістан және Кентау қалаларынан былғары доп шеберлері қатысуда. Жалпы 12 команда өз ара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесі бойынша І-орынды «Болашақ» Түркістан қаласы,
2 орын «Жасұлан» Алматы қаласы,
3 орын «Южный» Кентау қаласына бұйырды.

Шараға қала әкімі Жандос Тасов, Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, Түркістан облысының футбол федерациясының президенті Хакім Көшқалиев қатысып, турнир қатысушыларына алғыс білдірді.
“Қала күніне орай ұйымдастырылған шараға ат салысып, белсенділік көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Келесі жылы да сіздермен қауышамыз деп ойлаймын”, деді қала әкімі Жандос Қалмұрзаұлы.

«Бүгінгі жарыс өскелең ұрпаққа үлгі боларлық дүние. Дені сау ұрпақ — жарқын болашақтың кепілі. Сол себепті де қатысушыларға алғысымды білдіргім келеді”, деді Түркістан облысы футбол президенті Хәкім Көшқалиев.
Салтанатты шараның ең маңызды бөлігінде турнирдің “үздік ойыншыларыда” қаржылай сыйлықтармен марратталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *