
Aудан әкімдігі мен әскери шекара қызметінің ұйытқы болымен әуе қызметіндегі қайтыс болған қызметшілерге арнап «Жүрегіңде жүрсін жақсылық!» атты қайырымдылық марафоны өтті. Марафонды аудан әкімінің орынбасары Нурполат Талипов ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
-Мұндай марафондар аудан аумағында жылда ұйымдастырылады. Әр аудан тұрғыны осындай қайырымдылық марафонына бей жәй қарамай қатысуы көңіл қуантады. Бұл деген тұрғындардың жаны қашанда жақсылыққа ұмтылып тұруының көрінісі. Құрметті марафонға қатысушылар сіздерге қатысқандарыңызға өз алғысымды білдіріп, баршаңызға сәттілік тілеймін,-деп жылы лебізін білдірді.
Өткен қайырымдылық марафонына 100-ден аса тұрғын қатысты. Марафоншылар А-15 республикалық маңызы бар тасжолдың Тегісшіл елді мекеніне кіре берісінен бастау алып, елді мекен орталығына дейінгі 5 шақырым қашықтықты басып өтті.
Қайырымдылық шарасы жүгіру болса да, ол жарыс болғандықтан қатысушылар бір-бірінен озуға тырысты. Мәреге алғашқы болып жеткен марафонға қатысушылар арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.