Cайрамда сүт сарысуынан ұнтақ шығаратын жаңа технология іске қосылды

Сүт өнімдерінің қалдығы бұған дейін кәсіпкерді де, жергілікті тұрғындарды да мазалаған мәселе еді. Тұрғындар оны төгу үшін арнайы тәртіпті талап етсе, өндіріс иесі қалдықты да тиімді пайдалануды ойлайтын.
Бүгін Сайрам ауданындағы «Aykan» ЖШС-і сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорында сүт сарысуынан ұнтақ шығаратын жаңа технология іске қосылды.
Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды өндіріс орнының жұмысымен танысты. «Aykan» ЖШС-і басшылығы «Қазақстанда баламасы жоқ қалдықсыз өндіріс» деп таныстырды.
Сондай-ақ, ауданда өндірілетін өнімдердің көрмесіне қатысқан облыс әкімі мемлекеттік грант алып, кәсібін бастаған азаматтармен кездесті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *