Түркістан қаласында 80 орындық жаңа перзентхана салынып жатыр

Түркістан қаласында Абу – Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы 80 орындық перзентхананың құрылысы басталды. Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян жаңа «Ана мен бала орталығының» іргетасына капсула салды.

«Біз денсаулық сақтау саласының маңызды нысандарының бірі — Шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның Түркістан тұрғындары үшін қайырымдылық көмегі болып табылатын құрылыс алаңына капсула саламыз. Жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Абу-Даби Даму қорының бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бастама Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан Республикасы арасындағы тығыз тарихи байланыстар мен стратегиялық әріптестікті нығайтудың символы, сондай-ақ Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға және Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі болып табылады», — делінген капсуладағы жазбада. Түркістан қаласында заманауи перзентхана құрылысы  Біріккен Араб Әмірлігінде өткен кездесуде қол жеткізген келісім-шарттардан кейін жүзеге асып отыр.

Абу-Дабидің мұрагер ханзадасының қолдауымен бой көтеретін жаңа перзентхананың құрылысы келер жылы аяқталады деп жоспарланған. Ғимараттың жалпы ауданы 8 мың шаршы метр, жер аумағы — 33 000 шаршы метр.Заманауи перзентхана еуропалық үлгіде салынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *