ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНА 7 ЖЫЛҒА ДЕЙІН НЕСИЕ ҚАРАСТЫРЫЛМАҚ

48 просмотров

Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту. Жуырда іске қосылатын жоба жайлы «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына» барып толық ақпарат алуға болады.

Пилоттық жобаны іске асыру үшін Түркістан облысына республикалық бюджеттен 11 млрд теңге қаржы бөлінбек. Ол облыстағы 16 ауданның 32 ауылдық округіне қарастырылған. Аталған жоба қазіргі таңда Жамбыл және Ақтөбе облыстарында іске асқан.

Тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, табысын молайтуға негізделген «Ауыл аманаты» жобасымен таныстыру мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы аудан әкімдерінің орынбасарлары, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің басшылары және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті.

— «Ауыл аманаты» сынды жобалар арқылы біз ауыл халқының табысын арттырамыз. Қай аймақта қандай дақылдарды өсіруге қолайлы екенін анықтап, сол бағытқа тиісті қаржыны бағыттаймыз. Жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсібін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады. Сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Несие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін. Несиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, — деді облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.