АНТИКОР КӘСІПКЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған «Бизнеске жол» жобасын іске қосты. Толық ақпаратты антикордың call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласып ақпарат алуға болады.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге құжаттарды рәсімдеу кезінде әкімшілік кедергілерді, әуре-сарсаңды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімі мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

«Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ түрлі мемлекеттік қолдау шараларын (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысатын боламыз», — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарламасында.

Бұл туралы аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламалар қабылдауда. Мәлім етілгендей, қазір өңірлерде бизнестен өтініш қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналары жұмыс жасап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *