САУРАНДА КҮДІККЕ ІЛІНГЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚАНДАЙ ШАРА ҚОЛДАНЫЛМАҚ?

Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу сотының санкциясымен лауазымды тұлғаны «үйқамақ» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тергеуді бастады.

Ол полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн.теңге мөлшерінде ақша алды деген күдікке ілінуде.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *