ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖЕТІСАЙДА ҚЫРЫҚҚАБАТТАН АЛҒАШҚЫ ӨНІМ РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛДЫ

Түркістан облысына қарасты  Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы дамыған  аграрлы аймақ.  Ауданның табиғаты шаруа қожалыққа қолайлы болғандықтан диқандар ерте  көктемнен бастап, егіншіліктің алғашқы өнімін алып жатады. Ауданға қарасты  Ж.Ералиев ауылдық округінде шаруашылығын дөңгелетіп  отырған қожалықтартың бірі «Дауылбай ата» шаруа қожалығы.  Аталмыш қожалық биыл қырыққабаттың алғашқы өнімдерін көршілес Ресей еліне экспорттаған болатын. Жалпы ерте пісетін қырыққабат өнімінің басым бөлігі Ресей, Белоруссия және Еуропа елдеріне экспортталатыны анықталды.
«Дауылбай ата» шаруа қожалығының төрағасы Момынжан Раджапов қожалыққа қатысты ақпарат берген болатын. «Шаруа қожалыққа  тиесілі 3 гектар жердің 1,5 гектарына ақпан айында қырыққабаттың ерте пісетін «Магнус» түрін еккен болатынбыз.   Жобамен 48-50 күнде пісетін пекинка қырыққабаты бүгін алғашқы өнімін беруде. 1,5 гектарға егілген 60 мың түп көшеттен өндірілген өнім көлемі 60 тоннаны құрап отыр. Бұл кеткен шығындарымыз мен төккен теріміздің толықтай ақталғанын білдіреді. Артылған қырыққабат Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеу қаласына жөнелтілетін болады»
Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің бас маманы Нұртас Тұрсынбековтың айтуынша ауданында биыл 1162 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егіліп, болжам бойынша 50 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Егілген өнімнің басым бөлігі «Зарисма», «Валикор», «Магнус», «Кевин Фарао», «Ринда», «Заказ» сорттары. Былтыр аудан диқандары 981,3 гектар жерге қырыққабат дақылын егіп, 31 919,5 тонна өнімін өндірген.
Сонымен қатар,  биыл ауданда 79,2 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады. Оның ішінде 44 мың гектарға мақта, 19 мың гектар алқапқа бақша, 3,3 мың гектар жерге көкөніс, 6 мың гектарға дәндік жүгері, 727 гектарға күріш пен 6 мың гектарға мал азықтық дақылдарын егу жоспарлануда. Жетісай ауданы Түркістан облысының оңтүстік жүрегінде орналасқан шаруа қожалыққа бай аудандардың бірі. Бүгінде ауданның халық саны  187 384 адамға жетті. Аудан тұрғындарының бірден-бір табыс көзі егіншіліктен тұрады.  Орталығы Жетісай қаласы. Аудан тарихына тоқталар болсақ, 1955 жылдың қазан айында құрылған. Алайда 1997 жылы орталығы Мақтаарал ауданы берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен  2018 жылы 5 маусымда  Жетісай ауданы қайтадан жеке әкімшілік бірлік болып,  Мақтаарал ауданынан бөлініп шықты. Ауданның оңтүстік батысы көршілес мемлекет Өзбекстан мен шектесіп жатыр. Жетісай халқының басым бөлігі қазақтар. Сонымен қатар, өзбек, қырғыз, тәжік ұлтының өкілдері де қоныстанған. Ауданның табиғаты егіншілік пен мал шаруашылығына өте қолайлы. Шаруашылықтан бөлек ауданда біргеше кәсіпорындар іске қосылған. Атап айтар болсақ,  мақта тазалау цехы, сыра цехы, нан зауыттары, май өндіру цехы. Ауданның 2023-2025 жылдар аралығында бюджеті облыстық және республикалық бюджеттен мақсаты трансферттердің түсімдерінен 2022 жылға 13 813 025 мың теңге сомасы бекітілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *