ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨКӨНІС ЭКСПОРТТАУДАН КӨШ БАСТАП ТҰР

Түркістан облысы ет экспорттаудан  республика бойынша бірінші орында келеді.  Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%-ы, ал қой етінің 40%-ы – Түркістан облысының үлесінде. Өңірде жалпы 9 185 мал бордақылау алаңы бар. Жыл қорытындысымен 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортталған. Жалпы елімізде  ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің 12%-ы Түркістан облысына тиесілі. Республика  бойынша тіркелген шаруа қожалықтардың 31%-ы күнгей аймақта. Облыстағы 74,2 мың шаруа қожалықта 184,6 мың адам жұмыс істейді.  Облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 1036,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы – 396,9 млрд. теңге (99,7 %), өсімдік шаруашылығы – 632,8 млрд. теңге (101,4 %). Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 74,7 млрд. теңге инвестиция тартылған. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 123 ауыл округте 8,4 мың гектарды құрайтын 2911 жоба жүзеге асырылып, 294 мың тонна өнім өндірілді. Облыста қарқынды баулардың егіс алқабы 4,7 мың гектарды құрайды. Былтыр жылыжайлар 101 гектар алқапқа салынып, жалпы көлемі 1 569 гектарға жетті. Республикадағы жылжайлардың 71%-ы – Түркістан облысында. Түркістан облысында  мал шаруашылығының дамуы елімізде жетекші орында екені белгілі. Республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%, ұсақ малдың 22,5%, жылқының 10,2%, түйенің 14,5% және өндірілген еттің 11,4%, сүттің 12,1% өңірдің үлесінде.  Жуықта ғана Түркістан облысынан ерте пісетін көкөністерді өзге өңірлерге экспорттау жөнінде форвардтық келісімшарт қаралған болатын.  Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру мақсатында биыл Түркістан өңірінде ерте пісетін картопты 9,02 мың гектарға, пиязды 2,0 мың гектарға, сәбізді 1,24 мың гектарға және қырыққабатты 7,54 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Нәтижесінде 186,3 мың тонна картоп, 55,5 мың тонна пияз, 30,4 мың тонна сәбіз және 187,2 мың тонна қырыққабат алу көзделуде.  Аталмыш жиында  Түркістан облысы әкімдігі мен облыс және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы тұрғыда облыс әкімдігі тарапынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне көктемгі дала жұмыстарына берілетін жеңілдетілген несие көлемін ұлғайту жөнінде ұсыныстар енгізілді.  Сарыағаштық шаруалар ерте көктемгі өнімдерін өзге өңірлерге жөнелту жұмысын бастап кетті. Диқандар осыдан бірер уақыт бұрын қызанақ экспортын бастайтындарын айтқан болатын.  Айтпасқа болмас, Түркістан облысы жылыжай шаруашылығы жақсы дамыған өңірлердің алды саналады.  Қазір өңір диқандары көкөністерді өсіріп, көктемде нарыққа шығаруға дайындалып жатыр. Солардың бірі – Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі аумағындағы «Занджаниджад» шаруа қожалығы. Шаруа қожалығының басшысы Занджаниджад Рустемнің айтуынша, жылыжай шаруашылығымен айналысу өте қиын. Төзім мен еңбекті талап етеді. Күндіз-түні от жағу, жылыжайды жылы ұстау, ауа райының түрлі сынақтарынан өнімді аман сақтау оңай емес. – Бұл – отбасылық бизнес. Диқаншылықпен 30 жылдан бері айналысып келеміз. Қараша айында қызанақ тұқымын септік, желтоқсанда жылыжайда көшетін отырғыздық. Наурыз айының соңында өнім аламыз деген үміт бар. Қызанақ егу, оны өсіру жұмыстары жүріп жатыр. Қызанақтан бөлек гүл өсіруді де жоспарлап отырмыз, – дейді диқан. 2005 жылы құрылған шаруа қожалығында 1,5 гектар аумақта жылыжай салынған. Кәсіпкер бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Қызанақ өсірумен айналысатын жылыжайда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Аталған жылыжай жылына 200 тонна қызанақ өндіруге қуатты. Өнім кәсіпкерлер арқылы негізінен Ресейге экспортталады. Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудағы негізгі саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Аудан аумағында орналасқан 683,2 гектар жылыжайларда негізінен қызанақ, қияр, болгар бұрышы, аскөк, баклажан, түсті қырыққабат, құлпынай және гүлдер өсіріледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Сарыағаш, Келес аудандарында агроиндустриалды аймақ құру жоспарланған. Сол арқылы өңірдегі жылыжайлар көлемін 690 гектарға ұлғайтып, 2259 гектарға жеткізу көзделген. Қожалық иелері бүгінде нарыққа шығару барысында жылыжай шаруашылығымен айналысу қиын екендігін және оған төзім қажет екенін жеткізді. Жылыжайды жылы ұстау, ауа райының түрлі сынақтарынан өнімді аман сақтау оңай емес. Желтоқсан айында жылыжайға көшетін отырғыздық. Осы айда өнім аламыз деген үміт бар. Бүгінгі таңда жылыжайда қызанақ және гүл өсіру жұмыстары жүріп жатыр, – дейді Рустем Занджаниджад. Аудан басшысы  – Ауыл шаруашылық өнімдері-тұрғындардың басты азығы. Аудан тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерімен толығымен өзіміз қамтуымыз керек. Мемлекет қолдауы жылдан-жылға артып келеді. Мүмкіндікті дұрыс пайдалану арқылы, шаруақожалықты үлкен мекемеге айналдыруға болады. Бұл бағытта жұмыстарыңызды тоқтатпаңыздар, – деді.

Айта кетсек, шаруақожалық төрағасы 1,5 га аумаққа жылыжай тұрғызып, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Қызанақ және гүл өсірумен айналысатын жылыжайда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Аталған жылыжай жылына 12 мың түп гүл және 200 тонна қызанақ өндіруге қуатты. Өнімдерін еліміздегі басқа да облыстарға жөнелтуде. Ерте өнімді экспорттаудан Келес ауданының диқандары алдыңғы қатарда.  Аудан  ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаудан  әлеуеті жоғары шекаралық аумақ болып саналады. Аудан тұрғындарының басты тіршілік көзі – ауыл шаруашылығы саласы. Өткен жылы ауданда алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 рет өнім алу бойынша 325 жоба немесе 1 502 гектарды құрайтын егістік алқаптарға егін егіліп, 89,3 мың тонна бақша және көкөніс өнімдері өндірілген.  Сонымен қатар, Келестік шаруалар шалғам көкөнісін де нарыққа шығарды. Ауданға қарасты  Жүзімдік ауылдық округіндегі «Серік» шаруа қожалығы бір жерден үш өнім алып отыр. Атап айтқанда, қожалық биыл картоп, шалғам, қызылша ексе, үшінші өнім ретінде күздік қырыққабат отырғызады. Қожалық бүгін алғашқы өнім ретінде 25 соттық жерге орналасқан шалғам көкөнісін жұлып бастады. Шалғам өткен жылы желтоқсан айында отырғызылған. Қожалық екінші өнімге картоп пен қызылша алуды көздеп отыр.   Ал кезекті өнімге күздік қырыққабат егуді жоспарлауда. Айта кетейік,  аудан тұрғындарының  дерлік барлығы да ауыл шаруашылық саласымен айналысады. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім көлемі — 70,4 млрд.тг құраған. Егін шаруашылығы бойынша егіс көлемі 26,3 мың гектарды құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,8 мың гектарға артқан болса, көкөніс, картоп және бақша дақылдарынан жалпы 535,6 мың тоннаға өсіп, шаруалар мол өнім алуға қол жеткізген.  Дегенмен Келес ауданында ауылшаруашылық саласынан 510 мың тонна өнім өндірілген. Өткен жылы  ауданда ауылшаруашылығы саласындағы көрсеткіштер едәуір жоғарылады. Бұл нәтижеге жетуде жергілікті шаруалардың еңбегі орасан. Жалпы  егілген егістік көлемі 26 314 гектарды құрайды. Оның ішінде астық дақылдары, дәндік және бұршақ дақыл – 8 397 га, майлы дақыл – 53 га, техникалық дақыл – 440 га, көпжылдық мал азықтық дақыл – 4 358 га, Көкөніс, картоп, бақша дақылы – 11 981 га егілді.  Ауылшаруашылығы саласындағы іргелілеуге тың технологиялар мен техникалардың рөлі орасан. Өткен жылы ауылшаруашылығында қолдану мақсатында 71 дана жаңа техникалар шаруалар тарапынан сатып алынса, 10-нан аса жаңбырлатып суару технологиялары енгізілді, — дейді Келес аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының м.у.а. Өмірсерік Алтынбаев. Айта кетейік, келестік шаруалар егін жинау науқаны барысында 20 676 тонна астық дақылдары, 5 730 тонна техникалық және майлы дақылдары, 431 953 тонна көкөніспен картоп және бақша дақылдары, 52 320 тонна қыстық мал азығына жинап алынды. Қос өңірдің диқандары да ауылшаруашылық саласында алда келеді. Бұған дәлел Сарыағаштық шаруалар алғаш рет қыс мезгілінде құлпынай өндірісін қолға алған. Міне Сарыағаш жылыжайларында енді құлпынай өнімін өсіру басты назарда.  Аудан шаруалары негізінен көкөніс өсірумен айналысатын болғандықтан, өнім саудалау кезінде қиындықтар болады. Сол үшін өнімдерін әртараптандыру маңызды. Осыған орай аудан шаруалары көкөністер мен қоса жеміс-жидектерді де өсіруді қолға алып, өнім түрлерін көбейтуде. Осыған орай бүгінгі таңда аудан шаруалары қыс мезгілінде құлпынай өсіріп, ерте пісетін құлпынай өнімін саудалап мол табыс табуды жоспарлауда. Айта кетсек, қазіргі таңда аудан аумағындағы 271 га астам жерге құлпынай көшеті егілген. Олардың басым бөлігі «Жабай ата», «Абдурахман», «Agro tur» шаруа қожалықтарында өсіріліп, ішкі нарықта саудалануда. Құлпынай өніміне сұраныс еліміздің ірі қалалары және аудан аумағындағы кәсіпкерлер мен тұрғындардан келіп түсуде. «Басын көтеріп елден сұрағанша, басын иіп жерден сұрайтын» диқандар иелігіндегі жерлерден жылдық азық жинауға бел байлап, құлпынайды құлпыртып, бүгінде кәсіптерін жандандырып отыр. Жуықта ғана ауылшаруашылығы аясында Түркістанды азық-түлікпен қамту жобасы жолға қойылды. Республикамыздағы тұңғыш рет басталған «Ауыл аманаты» жобасымен Сауран ауданындағы Түркістанға жапсарлас орналасқан екі ауылдық округте ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін қалыптастырудың қанатқақты жобалары басталды. Бұл жобаларға неге осы екі ауыл ғана таңдалып отыр? Олардың басқа ауылдардан қандай артықшылықтары бар?,-деген сұрақты Сауран ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаевқа қойған едік. Республикалық деңгейдегі жаңадан басталып жатқан қанатқақты жоба жайлы Сауран ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев өз ойын былай деп қорытындылаған еді.

 

     

-Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған қанатқақты жобасы аясында облыстағы 16 ауданға Республикалық бюджеттен 11 млрд.теңге қаралған. Қанатқақты жоба болғандықтан әр ауданнан екі ауылдық округ тұрғындарын негізгі алты бағыт бойынша қаржыландыру көзделіп отыр. Соған біздің Сауран ауданымыздан екі ауылдық округтің мүмкіндігі жоғары болғандықтан таңдалып отыр. Ол Оранғай мен Қарашық ауылдық округтері. Себебі, екеуі де Түркістан қаласының іргесінде орналасқан. Жері шұрайлы, халқы бейнеткеш ауылдар. Мұнда атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылығын дамыту көзделеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау жүзеге асырылады. Тұрғындардың өз кәсібін ашуына қолайлы жағдай жасау – басты мәселе болып табылады.

Бұл негізінен басқа ауылдарды алалау емес. Облыс әкімдігі Сауран ауданында сүт өндіру, құс өсіру, азық-түлікті қайта өңдеу, жылыжай бағытын мықтап қолға алуды арнайы тапсырма ретінде ұсынып отыр. Осылардың ішіндегі таңдаулысы Оранғай мен Қарашық болғандықтан соларға басымдық беріліп отырғаны рас. Қанатқақты жоба бойынша мүдделі ауылдық округтер мен тұрғындарына, жеке кәсіпкерлеріне тоғыз талап қойылады. Алдымен несие алушының жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі міндетті. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінде мүшелікте болуы, басқа да несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның болмауы, мемлекеттік кірістер органдары алдында берешектің болмауы керек. Несие алушының жасы зейнет жасынан аспауы тиіс, несиені кепілмен қамтамасыз ету мүмкіндігі, несиені кепіл нысанын сақтандыру қажет екендігі қарастырылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімі, мал қора секілді қолайлы аса қажетті жағдайлардың болуы шарт. Одан кейін қаржыландырылған жоба аясындағы өндірілген өнімді ауыл шаруашылық өндірістік кооперативке өткізу немесе өткізу жолдарын ұсыну көзделеді. «Ауыл аманаты» қанақтақты жобасына қатысушы ретінде аталған ауылдық округтерде кооперацияға бірігіп жұмыс істеу тәжірибесі бар. Қайта өңдеу кәсіпорыны мен жұмысы тоқтап тұрған фермерлік жылыжайлар бар. Сонымен қатар әрбір үйдің ауласында негізінен көкөніс өсіріледі.

Бүгінгі күнге ауылдық округтер әкімдіктері тарапынан әлеуетті қарыз алушылардың тізімін жасақтау жалғасуда. Жұмысшы топ құрылып, несие алуға қажетті кепіл нысанының құжаттарын жинақтау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге екі ауылдық округте 165 адам несие алуға ниет білдіріп отыр. Өтінім бойынша қажетті қаражат көлемі – 1060,8 млн.теңге.

Қарашық ауылдық округі бойынша 1725 аулада 11 215 тұрғын бар. Несие алуға ниет білдірген 96 отбасы, оның ішінде 12 отбасы АӘК алушылар. Қажетті қаражат көлемі – 564 млн.теңге. Қарашық ауылдық округінде сүтті қайта өңдеумен айналысатын «Картекс Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бар. Ондағы мүшелер саны – 132 адам. Сүт өңдеудің жылдық қуаттылығы – 1200 тоннаға жетіп отыр. Сиыр сүтін жинақтау қоймасының сыйымдылығы – 20 тоннаға барады. «Картекс Агро» АШӨК тәулігіне 40 тонна түйе және сиыр сүтін өңдеп, өндіруге мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда «Картекс Агро» АШӨК шикізат тапшылығына байланысты толық жұмыс жасамауда. Отбасылық сүт фермаларын ашу бағытына қаражат берілсе, тәулігіне 40 тонна түйе және сиыр сүтін өңдеуге мүмкіндігі бар. Жаңадан 162 жұмыс орыны ашылады деп күтілуде. Оранғай ауылдық округі бойынша 1427 аулада 8739 тұрғын бар. Жетпіске жуық отбасы несие алуға ниет білдірсе, оның ішінде 14 отбасы АӘК алушылар. Қажетті қаражат көлемі – 496,8 млн.теңгеге жетеді. Оранғай ауылдық округінде көкөніс, жеміс-жидек дақылдарын қайта өңдеу және сақтаумен айналысатын «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің мүшелер саны – 130 адамға жетті. Оларда көкөніс, жеміс-жидек дақылдарын қайта өңдейтін цех және дайын өнімді сақтау қоймасы бар. Көкөніс, жеміс-жидек дақылдарын өңдеу қуаттылығы жылына – 1200 тонна консерві, 1500 тонна шырын сығындысын жасау алады. Сақтау қоймасының сыйымдылығы қазіргі таңда 20 тоннаға жетіп отыр. Бүгінгі күнге – жылыжай кешенін салу және жаңарту бағыты бойынша – қырықтан астам адам және құс шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша тоғыз адам, көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бағыты бойынша жиырмаға жуық адам несие алуға ниет білдіріп отыр. Бұл дегеніңіз киелі қала іргесіндегі азық-түлік түрлерін өңдеудің жаңаша бағыт алып, өрісін кеңейтіп келе жатқандығын көрсетеді. Себебі, Қарашық пен Оранғай екеуі де Түркістан қаласына жапсарлас орналасқан ауылдар. Таяу болашақта бұл екі ауылдың да Түркістан қаласының құрамына кіріп кету мүмкіндігі бар. Сондықтан олардағы азық-түлік өнімдерін өңдеу мен ұқсата пайдаланудың жаңа нұсқалары біз үшін аса қажет. Себебі, киелі шаһардағы халық саны күн санап көбейіп келе жатқандықтан мұндағы тұрғындар мен қала қонақтарына сапалы азық-түлік өнімдері мен көкөністерді дер кезінде жеткізу уақыт талабы болып табылады. Сондықтан алдымен осы екі ірі шаруашылықтағы үлгі-тәжірибе ретіндегі қанатқақты жобамыз сәтті жүзеге асырылса, басқа да елді мекендерге таратуды жоспарлап отырмыз. —  деп анықтама беріп өткен болатын.

Жуықта ғана  облыста  экспортаушылар кеңесі өткен болатын. 2023 жыл сәуір айының көрсеткіші бойынша  Түркістан облысының экспорты 16,4%-ға артып, 264,2 млн АҚШ долларына көтеріліп отыр. Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 4 айында 428,8 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,5% — ға жоғары (418,3 млн. АҚШ доллары) құрап отыр.  Шикізаттық емес экспорттың оң серпініне ІҚМ етін жеткізудің 12,84 млн. АҚШ долларына немесе 309,4%-ға, қой еті 5,36 млн. АҚШ долларына немесе 788,2%-ға, өзге де балықтың жон еті 1,23 млн. АҚШ доллары немесе 96,1%, трансформаторлар 1,01 млн. АҚШ доллары немесе 23,5%-ға және бидай ұны 0,56 млн. АҚШ доллары немесе 14,7%-ға артқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *