Ел экономикасының дамуы тікелей өндірістік өнеркәсіп саласымен тығыз байланысты. Ал бұл салаға – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын өңдеумен яки қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар жатады. Сонымен қатар, дені сау ұлт болу үшін ең әуелі медицина саласының дамуы өте маңызды. Елдегі медицина саласы өзге дамыған елдермен салыстырғанда ақсап тұрғаны белгілі. Алайда шет елдік тәжірибе алмасулардың арқасында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі ауруларға қарсы арнайы ота жасауға мүмкіндіктер қарастырылған. Сол себепті бұл саланың да ел экономикасына айтарлықтай әсері бар. Айта кететіні, Түркістан облысына қарасты көптеген аудандар мен қалаларда орналасқан медициналық орталықтар мен арнайы ауруханаларда күрделі ота түрлері сәтті жасалуда. Солардың бірі Отырар аудандық орталық ауруханасында әйелдерге бірінші рет күрделі ота түрлері жасала бастады. Жуықта ғана Отырар аудандық орталық ауруханасында гинекологиялық патологиясы бар үш науқасқа ота жасалды.
Дистанционды соққы – толқынды литотрипсияның немесе ретроградтық интраренальды хирургияның арасында кездесетін тиімсіздігінен әлемдік тәжірибеде ультрамини — перкутанды нефролитотрипсия (УМПН) отасы енгізілген. УМПН — тастарды емдеудің жоғары тиімді әдісі (тиімділігі 95% жетеді) перкутанды нефролитотрипсия әдіске қатысты бірқатар артықшылықтарға ие. Негізгілерінің бірі қан кетудің минималды қаупі, операцияның дренажсыз (нефростомиясыз) аяқталуы және бүйректің өзі де, оның қуыс жүйесі де минималды жарақаттануы. Соның салдарынан науқастар отадан кейін 3-4 күнде стационардан шығарылады.Ота кезінде дәрігерлер өте жұқа және жіңішке құралдарды қолданады. Тасқа диаметрі 3 мм тесу арқылы қол жеткізіледі, тас ұсақталып, ультрадыбысты литотриптермен жойылады. Мұнда диагнозбен тіркелген науқастарға елімізде бірнеше жыл бұрын бүйір тұсынан 1,0 см тесу арқылы ота жасалынып келген. Бұл әдіс өз кезегінде бүйрекке көптеу жарақат келтіреді, әйтсе де науқастың стационарда жату ұзақтығы артып, ота кезінде және отадан кейінгі кезеңде қан кету қауіпін жоғарылатады. Бүйрек тастары бүйірдің ауырсынуы, бүйрек шаншуы шабуылдары, гематурия, пиуриямен бірге жүреді. Тастарды алмаған жағайда, зәрдің ағуы бұзылып, асқынулар дамуы мүмкін.
Дәл осы бағытта Түркістан қалалық орталық ауруханасында алғаш рет жатыр артерияларының эмболизациясына қарсы ота жасалды. Ота барысында Астана қаласының көпсалалы медициналық орталығының жетекші нейрохирургі Б.Кыстаубаев және Астана қаласы көпсалалы облыстық ауруханасының жетекші рентгенхирург Е.Мунның қатысуымен тәжірибе алмасу қоса өтілді. Айталық бұл ота жатыр миомасынан зардап шеккен 1981 және 1977 жылғы науқастарға жасалды.
Медицина айтуға жеңіл болғанымен бір адамның өміріне тікелей қатысты жауапкершілік жүктелетін ауыр сала. Өңірде күн өткен сайын жаңарған медицинамен танысудамыз, бұл әрине қуантады. Себебі қарапайым халық шетел асып сабылмайды. Кімде болса өлшеулі өмірінің пышақ астында қиылуын қаламайды. Сондықтан да сапалылық пен жауапкершілікті талап ететін мамандыққа немқұрайлы қарамау тиіс.
Алайда Түркістан облысында ерекше ота жасау тәсілдері дамып келеді. Дәлірек айтсақ жақ, бет оталары жасалуда. Туылғаннан ерін мен таңдай жырығы бар науқастардың саны жетерлік, бұл паталогиялық күрделі ауру саналады. Түркістан қалалық орталық ауруханасында аталмыш дертке қарсы ота жасалуда. Түркістан қалалық орталық ауруханасына Астана қаласының Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығының жетекші маманы, Мәскеудегі Д.Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкология және иммунология, ұлттық медициналық зерттеу орталығында үздіксіз бірнеше рет тәжірибесін шыңдаған білікті маман Қанағат Қожамжаров жұмысқа қабылданып, алдағы уақытта тұрақты түрде аталған проблемалармен айналыспақ. Жақ-бет хирургиясына жасалатын күрделі ота әдісі орталық ауруханада 2022 жылдан бастап жоспарлы түрде жүріп отырған.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүйректің созылмалы ауруы өлімге алып келетін алтыншы себеп екені анықталған. Яғни әлем бойынша бүйрек дертіне шалдыққандардың саны — 850 млн болса, жыл сайын олардың 2,4 млн өлшеулі өмірімен қош айтысады. Елімізде осы дертке шалдығып ауруынан айыға алмай дал болғандар қатары күн санап артып келеді. Бүйректің негізгі қызметі зәрді өндіріп, оны несеп жолдары арқылы сыртқа тасымалдау. Дәл осындай бүйрек қанның қышқылын арттырмаудың алдын алатын қышқыл-сілтілік тепе теңдікті реттеп отырады. Бүйрек артериялық қысымды қалыпты ұстап, гормрндарды өндіруге ат салысады. Эритропоэтин секілді бүйрек гормоны жілік майындағы қан жасушаларын бақылап отырады. Бұл дәрумен сүйектің мықтылығын сақтауға көмектесетін минералдандыру әрекетіне өте қажет. Яғни бүйрек адам ағзасында тәулігіне 24 сағат артық сұйықтық пен зат алмасудың қалған токсиндерді сыртқа тасымалдаушы орган. Ағзада орналасқан кішкентай ғана бөліктің бір тәулікте қанды 300 рет тазалауға қауқарлы екенін білдіңіз бе? Адамның кез-келген ішкі құрылысы зор маңызға ие. Денедегі бір орган жұмысын тоқтатса ол басқа дене мүшелеріне міндетті түрде кері әсерін берері анық. Дәл осы бүйрек ауруларына қарсы Кентау қалалық ауруханасында бүйрек кистасы миниинвазивті жолмен алу отасын жасау қолға алынған. Бір қызығы алғашқы күрделі ота бүйрегінде 5 жылдай уақыт кистамен күн кешкен науқасқа жасалды. Алпыс жастағы науқасқа қойылған диагноз сол жақ бүйректің кистасы. Күрделі отаны хирургия бөлімінінің меңгерушісі Жәңгірхан Оразбақов және уролог дәрігер Роман Тұрсынбековпен бірге лапароскопиялық әдісті қолдана отырып, сәтті аяқталған. Кентау қаласында алғаш рет қолға алынған ота спинальді анестезияның көмегімен жасалды. Нәтижесінде науқас небәрі 4 сағаттан соң төсектен тұрып жүру мүмкіндігіне ие болды.
Жалпы Кентау қалалық орталық ауруханасында лапароскопиялық, гинекологиялық, урологиялық, оталар науқастарға 2001 жылдан бастап жасалып келеді. Жылда жаңа ота түрлері мен түрлі әдіс-тәсілдері көбеюде. Бүйрек кистасын лапароскопиялық әдіспен ота жасап алу ең қауіпсіз операция болып табылады. Ол операциядан кейін науқас қысқа мерзімде сауығып жатады. Егер бүйректегі кистаның көлемі 5-10 см артық болса, консервативті емдеу ешқандай нәтиже бермейтінін айтады ақ халаттылар.
Жатыр артерияларының эмболизациясы (ЖАЭ) — жатыр миомасын емдеудің заманауи, аз инвазивті әдісі. Оның көмегімен аурудың белгілерін жоюға және миоматозды түйіндердің өсуін тоқтатып ғана қоймай, сонымен қатар әйелдің репродуктивті функциясын сақтауға болады. Әдістің принципі барлық миоматозды түйіндердің қанмен қамтамасыз етілуін тоқтату болып табылады. Отаның жасалу ұзақтығы 15-20 минуттан аспайды, ауыртпалықсыз және оңай әрі жергілікті анестезиямен жасалады. Түркістан қалалық ауруханасында есту қабілетін қалпына келтіруге арналған ота түрі жасалуда. Бұл аурухана осы уақыт аралығында 153 есту қабілеті нашарлаған науқастың дертіне дем болды.