Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап, облыс халқының саны 2119,1 мың адамға жетті. Қалалық елді мекендерде – 519,2 мың адам, ауылдық елді мекендерде – 1599,9 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 30,6 мың адамға немесе 1,5% өсті. Түркістан облысы халық тығыз қоныстанған аймаққа жатады. Өткен жылы мемлекет басшысы өңірдегі демографиялық жағдай ерекше тоқталған болатын.
«Кейінгі жылдары 83 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қазір 59 мектеп салынып жатыр. Себебі, еліміздің әрбір 7-ші сәбиі осы өңірде дүниеге келеді. Оларға сапалы білім ордаларын салып, жағдай жасау – маңызды міндеттің бірі» — деді мемлекет басшысы. Мемлекет басшысының сөзінше, халық санының өсімі бойынша, Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданы алдыңғы қатарда келе жатыр.
Сарыағаш ауданы ауылшаруашылыққа бейімделген аймақ. Жылыжайлар мен шипажайларға бай оңтүстіктің жүрегінде орналасқан ыстық мекен. Бүгінде қалада 42.000 мыңнан астам адам шоғырланған. Аудан болып 1992 жылы ақпан айында құрылған. Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. Аудан аумағында «Сарыағаш шипажайы» АҚ, «Арман», «Алтын бұлақ – Р» демалыс орындары, балалар шипажайы бар. «Алекс» ЖШС – Қазақстан – Польша бірлескен кәсіпорны, «Демеу», «Әсем-ай», «Курорт – Барс – 2030» ЖШС-тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, «Мырзакент»АҚ, «Айша бибі» ӨК – мақта тазарту завотында мақта талшығын өндіреді. «Сенім» ЖШС – тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Сарыағаш. ауданында жүзім шаруашылығын өркендету үшін «Жүзім» бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта «Қабыланбек» шарап жасайтын компаниясы, «Дербісек – Бахус» ЖШС, «Назико» ЖШС, «Ақжол» АҚ-ның шарап заттары, жүзім өңдейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс алқаптарының үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11,9%-на көкөніс, 17,3%-на мақта, 31,1%-на жүзімдік егілген. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің – 9,5%, жүгерінің – 26,5%, күнбағыстың – 36,5%, картоптың – 30,5%, көкөністің – 26,4%, жемістің – 24,5%, жүзімнің 39,9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін бірден-бір аудан. Аудан шаруашылықтарында облыстағы мүйізді ірі қара малдың – 10,4%, оның ішінде сиырдың – 12,5%, қой мен ешкінің – 13,7%, шошқаның – 3,7%, жылқының – 8,4% шоғырланған; түйе – 180, құс – 75,3 мың басты құрайды. Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк, ас сулары болып табылады. Ауданның экономикасы табиғи емдік жолмен емдейтін шипажайлары арқылы өркендеп отыр. “Сарыағаш”, “Арман”, “Ана мен бала”, “Алтын бұлақ” және басқа да көптеген шипажайлары бар.
Облыс бойынша 2023 жылғы 1 наурыздағы халық саны бойынша көрсеткіш 2124,5 мың адамды құрады. 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 7,2 мың адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-ақпанға – 100,1%), осы кезеңде 8,9 мың (97,9%) – туу, 1,7 мың (89,4%) — өлім оқиғасы тіркелді.
Облысқа 2023 жылғы қаңтар-ақпанда 4663 адам келген (облыс ішіндегі көші-қонды есепке алмағанда) (2022 жылғы қаңтар-ақпанда – 5212 адам), 6697 адам — кеткен (8025 адам), көші-қон ағыны бойынша абсолюттік ауытқу айырымы 2034 адамды (теріс) құрады, ал 2022 жылғы қаңтар-ақпанда – 2813 адамды (теріс) құрады.
2022 жылғы IV тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, бағалау бойынша, 84831 теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,2% өсті, ал нақты ақшалай табыс 1,6% кеміді.
Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Гүлнар Күнтуғанованың мәлімдеуінше,
