Түркі жұртының астанасы Түркістан төрінде, Назарбаев Зияткерлік мектебінде фотоэлектрлік күн сәулесін іске қосу шарасы салтанатты түрде өтті. Бұл игі жүйе “Шелл” энергетикалық компанияның бастамасымен сәуір айының 21 күні салтанатты түрде қолданысқа енбек. Екі ел арасын байланыстырған ортақ келісім арқасында кезекті бесінші электрлік жүйесі қолданысқа берілмек. Атаулы “Шелл” компаниясының штаб – пәтері Ұлыбританияның Лондон қаласында орналасқан. Екіжақты келісім негізінен 2018 жылы “Мектептерге күн энергиясы” атты пилоттық жобасының іске қосылуымен бастау алған. Жобаның басты мақсаты республика төңірегінде 5 білім ордасына энергияның шағын қуатты жүйесін құруға арналған платформа дайындау. Аталған жоба аясында шешімін тапқан біршама шаруалар бар, яғни технология, жаратылыстану, инновацияға және кәсіпкерлікке деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ елдегі энергетикалық ауысым жайлы білімдерін толықтыру мәселелерін шешу.
Қанатқақты жоба Түркістан қаласында 2022 жылдың қараша айында қолға алынған және Қазақстанның бес қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектептерімен бірге Түркістан, Атырау, Ақтау, Астана, Орал қалаларында өз жалғасын табатын болады. Аталмыш жоба аясында энергияны үнемдеуге мол мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар, компания осы жоба аясында елдегі жасөспірімдерді энергетикалық ауысым мәселелерін зерттеуге ынталандыру және олардың энерготиімді ойлауын қалыптастыруға септігін тигізу үшін оқушыларға және мұғалімдерге арналған арнайы «Шелл NXplorers» бағдарламасын ұйымдастырады. Осы тұста компания өкілдері 2022 жылдың қазан айында Түркістан облысының ұстаздары үшін арнайы білім беру бағдарламасы оқыту тренингін өткізген болатын.
Аталған жобаның ашылу салтанатына келген зиялы қауым өкілдері: Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және ТМД елдеріндегі Шелл компаниясының байланыс жөніндегі вице-министрі Джоанна Кунсберг, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Сәкен Далиев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова, Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары– Садықова Ардақ Мадиханқызы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы – Әнуар Жанғозин, ҚР Еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткері, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері – Күләш Шамшидинова, ILF Consulting Engineer компаниясының бас директоры – Талғат Теміржанов, «MEK-Астана» ЖШС жобасының жетекшісі – Алексей Ляликов, «Шелл Қазақстан» корпоративтік байланыс қызметінің басшысы – Айгүл Барменқұлова ,”Шелл” аймақтық корпоративтік байланыс кеңесшісі – Анатолий Леонтьев, «Мектептерге күн энергиясы» жобасының жетекшісі – Ринат Хусаинов қатысып, жоба жайлы ой-тұжырымдарымен бөлісті.
– «Мектептерге күн энергиясы» жобасы – NIS стратегиясының маңызды бөлігі. Бұл STEM-білім беруді енгізу мен ең бастысы, оқушылар арасында эко-мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қоршаған ортаға зор жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеудегі табысты бастама екенін бесінші мәрте дәлелдеді. Қазіргі таңда экологиялық мәдениетті ғалымдар адамзаттың табиғатпен бірлігі негізінде қарастырып жүр. Расында, мұндай адам қоршаған ортаға қамқорлық жасап, оның жойылуы мен ластануына жол бермейді, – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин. Ғылым саласына ұзақ уақыт бойы назар аударылмай келе жатқаны хақ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте, Ғылым саласына ұзақ уақыт бойы назар аударылмай келе жатыр, осы олқылықтың орнын толтыру қажет екендігін айтқан болатын.
— Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы ғылымға баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек. «Шын мәнінде, бүгінгі басқосудың мән-маңызы зор. Қай заманды алып қарасақ та, дамудың басты кілті бұл – ғылым. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын.
Осы өзекті мәселе бойынша сайлау алдындағы бағдарламада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі.
Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек. Сол себепті менің Жарлығыммен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды. Оған Президент жанындағы кеңес мәртебесі берілді. Бұл – мемлекеттің ғылым саласындағы басымдықтарына қатысты ұсыным әзірлейтін негізгі құрылым»,-деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы кеңесті жасақтаған кезде оның құрамына айрықша мән берілгендігін атап өтті.
«Қазақ ғылымына зор еңбек сіңірген аға буын өкілдерін және шетел ғалымдарын шақырдық. Әлемге әйгілі ғылыми орталықтарда жұмыс істеп жүрген жас ғалымдарымыз да кеңестің құрамына қосылды. Бізге алдыңғы толқынның мол тәжірибесі, кейінгі толқынның озық білімі және тың идеялары аса қажет. Олар өзара үйлесім тауып, еліміздің кәдесіне жарайды деп сенемін»,-деді Президент.
Түркістан облысында ғылымға байланысты біршама істер қолға алынды. Соның бірі облысқа қарасты колледждерге 15 мыңнан астам грант бөлінді. Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаевтың айтуынша, әр саладан жинақталған ұсыныстарға сәйкес 87 мамандық бойынша қажеттілік анықталған.
Жалпы өңірде 52 колледж бар. Мемлекеттік тапсырысты білім стандарттарына әрі техникалық талаптарға сай оқу орындары ғана ала алады. Биыл өндірісті дамыту мақсатында инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары үшін 8375 грант, ауыл, орман, балық шаруашылықтары және ветеринария саласына – 700, қызмет көрсету кадрларын даярлауға 1575 грант бөлу жоспарланған. Яғни, техникалық мамандықтарға басымдық беріліп отыр. Ал, білім саласы мамандарын даярлауға – 1100, өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 275, кәсіпкерлік басқару және құқық саласына –375, цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы үшін 1950 грант бөлу межеленген.
2023-2024 жылы оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу жөніндегі комиссия отырысында жастарды орта біліммен қамту жайы талқыланды. Жиынға төрағалық еткен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев колледжге түсуші түлектерді мемлекеттік грантпен қамту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.
«Өткен жылы Түркістан облысы үшін арнаулы оқу орындарына 17 мың грант бөлінген. Бірақ оның біразы игерілмей, кері қайтарылған. Оның түрлі себептері бар. Бірақ биыл мұндай олқылық қайталанбауы тиіс. Осыған сәйкес өңірімізге 15300 грант ұсынылып отыр. Оның 650-ден астамы облыстық бюджеттен медициналық мамандарды даярлауға бағытталды. Колледжде грантқа түскен студенттерге 30 мың теңге стипендия беріледі. Осы мүмкіндікті жастарымыз пайдалансын», — деді Бейсенбай Тәжібаев.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша биылғы оқу жылында 30 мыңға жуық оқушы мектепті бітірсе, 42 мың оқушы 9-сыныпты тәмамдайды.
«Әлем қауымдастығы бірлесіп шешімін табуға тиіс аса күрделі мәселелер бар. Жаһандық жылыну үдерісін бәсеңдету, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және індеттің салдарын жою айрықша маңызды. Бір сөзбен айтсақ, заман өте жылдам өзгеріп жатыр. Біз осы өзгеріске бейімделуіміз керек. Әйтпесе, өркениет даңғылынан қалып қоюымыз мүмкін.
Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу. Бұл мақсат, әрине, өте күрделі, оны жақсы түсінуіміз керек. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Яғни, ғылыми дамудың соңында қалмай, осы прогресті анықтайтын мемлекеттердің қатарында болу – негізгі міндет. Бәлкім, бұл міндет тым күрделі көрінер. Бірақ біз алдымызға осындай мақсат қоюымыз керек. Оған еліміздің ғылыми әлеуеті жетеді. Бұл міндеттің оңай емес екенін түсінемін. Алайда біз оны сөзсіз орындауға тырысуымыз қажет. Жалпы, біз алдымызға қол жеткізе алмайтын тым асқақ мақсаттар қоймауымыз керек, бірақ ғылыми жетістіктерге жету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет», — деді Мемлекет басшысы.
