ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ ОШАҚТАРЫ КӨБЕЮДЕ

Биыл Түркістан облысында білім саласы қарқынды дамып келеді. Осыған байланысты көптеген білім ошақтары бой көтеріп, инновацияға біршама әсер етуде. Қазақта үйренбей білім жұқпас деген нақыл сөз бар. Яғни білім алу әуел баста қандай қиын болса, соңы міндетті түрде тәтті болады. Өңірде білім аламын деген балаға түрлі жағдайлар жасалуда. Мәселен мемлекет қандай жағдай жасауы мүмкін?  Ең бірініші білім алатын орда салып береді, сонаң соң сол орданың ішін технологиялық жабдықтармен түгендейді. Осы орайда Түркістан облысының білім басқармасы айырықша еңбек етуде. Жуықта ғана Түркістан облысына қарасты, Келес ауданында су жаңа екі мектеп балалар игілігіне пайдалануға берілді. Яғни бұдан шығатын қорытынды ауданда бала туу көрсеткіші біршама артқандығын білдіреді. Ел экономикасын тікелей әсерін беретін жүйелердің бірде бірегейі осы дефография, және инновация жобалары болып табылады. Келесте мектепке баратын оқушылар саны жыл сайын арта түсуде. Ауданда екі мектептің құрылысы толықтай аяқталса, тағы үш мектептің құрылысы басталуға шақ қалып тұр. Іргесі қаланып дайын тұрған мектептің бірі,  Ошақты ауылдық округіндегі №46 Абай атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусы. Аталған құрылыс нысанында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы барып, мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындалуы бағытында нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жылу жүйесі, сыртқы абаттандыруы, құрылылыс материалдарының сапасына мәр беруі және спорт, асхана залдарына қойылатын құрал-саймандардың ыңғайлы әрі сапалысын орнату керектігін айтты. Берілген тапсырмалардың орындалуын өзі бақылауда ұстайтынын жеткізді. Аталған білім нысанының ескі ғимараты 600 орынға лайықталып, 1200 бала білім алуда. Сонымен қатар дайын тұрған білім ордасының бірі, Қошқарата ауылдық округінің орталығындағы №25 С.Сейфуллин мектебіне қосымша 300 орындық оқу, асхана және спорт зал құрылысы. Аталған білім ошағының ескі ғимаратында 600 оқушы екі ауысымда білім алып жатыр. Сыйымдылығы 300 орынға лайықталған. Жаңа нысан биыл желтоқсан айында пайдалануға берілуі жоспарланған.
Құрылыс барысымен танысқан аудан басшысы Жәнібек Есенұлы мердігерге жұмысшы санын арттыру және сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ өңірде білім сапасын арттыру мақсатында  шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдіс-тәсілдері тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар N4 Сарыағаш Дарын мамандандырылған мектебінде өтті. Бұл тренингтің мақсаты, мамандандырылған мектеп тәжірибесі негізінде серіктестік шағын жинақты білім мекемелерінде білім сапасын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдермен алмасу. Көшпелі кездесуге 95-ке тарта зиялы ел ағалары қатысып, пікірлерімен бөлісті. Аталмыш семинарға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының инновационная және стратегиялық жоспарлау кафедрасының» меңгерушісі Жунисова Назым, инновация және стратегиялық жоспарлау кафедрасының шағын және ауылдық мектептерді дамыту жөніндегі әдіскер Тлеулиев Самат қатысты. Семинар барысында ашық сабақтар,  шебер сыныптар, тәжірибе алаңдары, пленарлық отырыстарда да өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар оң бағасын берді.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында Дарын мектебі мен шағын мектептер арасында екіжақты келісім шарт жасалды. Семинарда N42 Ақжар шжжом,N48 Саңырау шжжом,N58 Ы.Алтынсарин атындағы шжжом,N60 Жамбыл атындағы шжжом көрме,озат тәжірибелі педагогтердің жұмысын,мектептің техникалық базасы мен шығу тарихы туралы алаңдар ұйымдастырылған.   Кездесуде алдағы уақыттағы жоспарлар талқыланды, жұмыс жүйесі 3 (үш) жылға жаңартылып жоспарлар бекітілді.
Айта кетсек, мектеп оқушысы Назым Калифорниялық қызыл құрт өсіру әдісімен бөлісті.  Келес ауданы, N25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Шәміл Назым соңғы жылдары калифорниялық қызыл құрт(шылаушын) өсіріп, ғылыми-зерттеу жүргізуде. Эмбактерия көмегімен тыңайтқыш өндіру және шылаушын көмегімен тыңайтқыш өндіру технологияларының мақсаты-топырақ жағдайын жақсарту және ауыл халқы әл-ауқатының артуына себепкер болу дейді жас ғалымның жетекшісі Жамила Аширова.
— Құрғақшылық, өнімділіктің төмендеуі, топырақтың деградацияға ұшырауы және егіндік суының жетіспеуі сияқты мәселелер біздің өңірде өте өзекті болып тұр. Бұл мәселелердің түп негізі суды есепсіз пайдалану, ескірген ирригационды жүйелерді қолдану және аймақтың ауа-райының өзгерушілікке бейім келуіне келіп тіреледі. Топырақ құнарлығы-егіншіліктің мол болуы мен экожүйенің тұрақтылығының кепілі. Сондықтан оқушым осы тақырыпта зерттеу жұмысын бастаған. Алдымен шәкіртім химиялық тыңайтқыштың топыраққа әсерін тәжірибеде сынады, — дейді мектеп мұғалімі.
Шәмәл Назым сонымен қатар ғылыми жобада шылаушын алу-сату барысында нені білу қажеттігін, сонымен қатар жауын құрттарының топыраққа қандай пайдасы барын да атап өтеді. Жас та болса ізденімпаз қыз жобасын алдағы уақытта оқушылардың республикалық ғылыми жобалар байқауына ұсынып, бағын сынап көрмек.
Қазіргі уақытта облыс мектептеріндегі мұғалімдер түрлі педагогикалық жаңалықтарды қолданады. Бұл көптеген ішкі факторларға байланысты, бірақ ұйымның мәдениеті, дәстүрлері мен мәртебесі инновациялардың тәжірибеде дамуы мен енгізілу жылдамдығына үлкен әсер ететіндігін атап өткен жөн.
Инновациялық дамуға кедергі келтіретін технологиялардың ішінде авторитарлық технологияларды атап өткен жөн, мұнда мұғалім білім беру процесінің жалғыз субъектісі, ал оқушы тек «объект», ал баланың жеке басына назар аудармайтын жоғары деңгейдегі дидактоцентрлік технологиялар, білім беруден гөрі білім берудің басымдығына назар аударады, жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторлары дидактикалық құралдар болып табылады.
Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану арқылы дәстүрлі сабақты өткізбеу білім беру ортасының біркелкілігін және оқу процесінің монотондылығын жояды, оқушылардың іс-әрекет түрлерінің өзгеруіне жағдай жасайды және денсаулықты сақтау қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оқыту технологиясын таңдау пән мазмұнына, сабақтың мақсаттарына, оқушылардың дайындық деңгейіне, олардың оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне, оқушылардың жас категориясына және бірқатар нақты сипаттамаларына байланысты.
Мемлекеттік білім беру стандартында белгіленген тәсілдер, талаптар және күтілетін нәтижелер кешенінде барлығы өте тығыз байланысты екенін ұмытпаған жөн. Егер жұмыста маңызды тетіктердің бірін қамтылмаса онда белгілі бір сапаның нәтижесі шығады, бірақ ол талаптарға сай бола ма? Біздің ойымызша, заманауи білім беру технологиялары негізгі құзіреттіліктердің қалыптасуына ықпал етеді, табиғи сипатта білім алуға мүмкіндік береді, мектепті бала үшін әлеуметтік өмірге қолайлы орынға айналдырады, ал оқу әрекеті — білім беру стандартының ең төменгі деңгейінен бастап шығармашылыққа дейінгі жеке қасиеттерін жүзеге асыру және дамыту құралы.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.
Мақсат – оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет – оқушылардың шығармашылылық қабілетін жан-жақты дамыту, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажет.
Заманауи білім берудегі оң өзгерістерге бейімделудегі икемділік, инновациялық технологиялар мен оқыту құралын, жаңартылған білім мазмұны негізінде сабақты тиімді, нәтижелі жоспарлауды меңгеру қажеттілігі туындауы — заңдылық.
Оқыту технологиясы немесе білім беру технологиясы оқыту әдістерін
белгілі бір жағдайларға, уақытты, орынды, нақты білім беру пәндерін, ұйымдастырудың шарттары мен педагогикалық процестің ұзақтығын ескере отырып, әзірленген ережелерді қолдану жүйесіне «байланыстыру» болып табылады. Сондықтан біз технологияның тиімділігі туралы жалпы емес, тек белгілі оқушылар мен оқытушыларға қатысты айтуға болады. Әр мұғалім, тіпті қарыз алу мәселесінде де технологияны жасаушы. Технологияны құру шығармашылықсыз мүмкін емес.
Біздің практикамызда қазіргі қоғамдағы оқушылардың жетістіктеріне ықпал ететін балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін инновациялық технологияларды енгізу қажет.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әр түрлі технологиялардағы сабақтарды модельдеу оңай шаруа емес, бірақ бүгінгі күннің талабы осы.
Оқу процесінде оқушының танымдық және шығармашылық қызметін жүзеге асыру үшін білім беру сапасын арттыруға, оқу уақытын тиімді пайдалануға және үй тапсырмасына бөлінетін уақытты азайту арқылы оқушылардың репродуктивті белсенділігінің үлесін төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи білім беру технологиялары қолданылады. Заманауи білім беру технологиялары даралауға, оқу процесінің қашықтығы мен өзгермелілігіне, білім деңгейі мен жасына қарамастан оқушылардың академиялық ұтқырлығына бағытталған. Мектепте оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың кең спектрі ұсынылған.
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс — әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс — әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль — сабақ, саяхат — сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Білім беруде АКТ — ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ — ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ — ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай — ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс — әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.
Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып, сөздікпен жұмыстар жүргізу оқушылардың сөздік қорын да байытып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Мен тарих сабақтарында компьютерді, интерактивті тақтаны жиі пайдаланамын. Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, сызбалар, кестелер жасау, термин сөздерді жазу сабақ жүргізудің мазмұнын кеңейтіп, оқушылардың түсінігін тереңдете түседі. Кейбір сабақтарда видеофильмдер көрсетіп отырамын. Сабақты қорыту кезеңінде сынақхаттар, сөзжұмбақтар, ойталқы сұрақтарды да компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы жүргіземін. Барлық бақылау жұмыстарының түрлерін және қорытынды тест жұмыстарын тек қана компьютер арқылы жүргіземін. Себебі бұл әдіс уақытты тиімді пайдалану үшін өте қолайлы. Оқу процесі кезінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану оң тәжірибе беріп отыр. Оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Тек сабақ кезінде ғана емес сабақтан тыс кезде де оқушылар компьютермен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар беремін [3, б. 198]
Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функционалды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;
— Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
-Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
-Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады, бұл программаны мен 10-11 сыныптарды ҰБТ-ға даярлаған кезде сабақта жиі пайдаланып отырамын. Сонымен бірге өз қатеңді тап, жоқ сөздердің орнын толықтыр, есте сақта, сәйкестендір деген тапсырмалар жиі беріп отырамын.
Мысалы, интерактивті тақта арқылы картамен жұмыс жасау кезінде 8-сыныпта «Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісі» атты тақырыпта картадан көтерісшілер
өткен жерлерді шартты белгілермен бегілеп көрсет,салыстыр, және қортынды жаса. Жаңа сабақты түсіндіруде пазл жинау әдісі де өте тиімді, суреттерді кесіп оларды құрастыру, мысалы: Сырым Датұлының суретін құрастырып, ол туралы өз ойларын айту.
Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.
Электронды оқулықты пайдаланудыңда мүмкіндіктері өте көп. Электронды оқулықтарындағы тапсырмаларды орындау, тест жұмыстары, картамен жұмыс, бейнефильмдерді көру арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуға ынтасын, қызығушылығын байқадым.Мен «PINACLE», «VIDEOSTUDIO» бағдарламалары арқылы 6-сыныпта өтілген «Алғашқы адамдардың өмірі» тақырыбына әр түрлі анимацияларды, эффекттерді пайдаланып, бейне ролик жасадым. Сонымен, электронды оқулық мынадай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады, белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады. Өз сабақтарымда электронды оқулықтарды жиі пайдаланамын. Қазақстан тарихы бойынша барлық сыныптарға арналған электронды оқулықтар бар. 7 сыныпта «Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары» тақырыбын өткен кезде «Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихынан» мәліметтер берген кезде электронды оқулықтан үзінді алынып, анықтама берілді. «Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа тигізген әсері» тақырыпшасы бойынша берілген мәлімет, анықтамалар оқушылардың таным дағдысын қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар түрлі суреттер, кестелер мен сызбалар, слайдтар көрсетілді. Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді.
Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді, Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» технологиясын, СТО элементтерін, Пирамида әдісін қолданамын. 6-сыныпта «Жизнь древнейших людей» атты саяхат сабағын «power point», «activ студия» программаларын интерактивті тақтаны қолдану арқылы өткіздім. 7-сыныпта СТО әдісін қолдану арқылы «Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы» тақырыбына өткізілген ашық сабақта Смарт білім беру технологиясы қолданылды.
Әрбір интерактивті оқыту технологиясының әдістерін пайдаланғанда тарих сабақтарынан белгілі бір тақырыптар қамтылады. Мысалы, «Қазақ Хандығының құрылуы»тақырыбы бойынша «Екі жақты күнделік», «Ой шақыру», «Венн диаграммасы», «Топтастыру», т.с.с. әдіс-тәсіл түрлері пайдаланылады.
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады
Казіргі білім жүйесінде оқушының үлгерімі жоғары болуы үшін, білім деңгейі зияткерлік мектеп оқушыларына теңестірілуі үшін үш одақ ұстаз-бала-ата-ана бірлесіп жұмыс атқаруы қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы, халықтың әлеуетін арттыру мақсатында өткізген келелі кеңес барысында былай деген болатын:
«Қазіргі заманда дамудың басты кілті – білім. Біз заман талабына барынша бейім, сондай-ақ жарқын болашақты өз қолымен қалайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. PISA халықаралық зерттеуіне қарасақ, еліміз соңғы 10 жылда орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде елуінші-алпысыншы орыннан көтерілген жоқ. Демек, жағдайымыз мәз емес.

Басты түйткілдің бірі – балалардың білімін біржақты бағалау. Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі. Оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуден алған бағасы мен мектептегі бағасы екі түрлі. Айырмашылық 30 пайыз немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай алшақтық халықаралық және ұлттық бағалау кезінде байқалады. Ашығын айтсақ, мұның бәрі жаппай белең алған көзбояушылықтың кесірінен болып отыр. Өзіңді өзің алдау жарға жығады.

Жуықта ғана Түркістанда Білім — Инновация мектебі ашылған болатын.  Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевпен Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Түркістан қаласында бой көтерген Білім-Инновация лицейінің құрылыс қарқынын көріп қайтты. Облыс орталығында салынып жатқан жаңа мектептің ішін толық аралап, құрылыс сапасын бағамдады. Бұдан бөлек, білім ошағының акт залы мен спорт зал, гимнастика залдарын да аралады. 700 орынды оқу ғимараты базасында 30 сынып, 15 лабораториялық, 23 қосымша кабинет бар. Заманауи білім ошағында акт, спорт залдармен гимнастика залы да болады.

Ал, асханасында бір мезгілде 250 адам тамақтана алады. Бұдан бөлек, білім ошағының акт залы мен спорт зал, гимнастика залдарын да аралады. Ұлдар мен қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейін жаңадан құру бойынша
400 орындық ер балаларға және 300 орындық қыз балаларға арналған.Мектеп-лицейін ашуды, ұлдар және қыздар лицейін бір оқу кешенінде орналасқандықтан экономикалық тиімділік мақсатында бір директор тағайындау жоспарланған.​Оқу ғимаратына жапсарлас орналасқан 500 орынды жатақханасы да бар. Ұлдар мен қыздар оқу процессінде де бөлек оқып, жатақханада да 2 түрлі блокта тұрады.
Жауапты мердігер компания өкілдері қазірге таңда құрылыстың 70% аяқталғанын айтады. Сыртқы-ішкі әрлеу жұмыстары мен техникалық базамен қамтамасыз ету қалды.
Сондай-ақ, білім-инновация лицейінің жаңа ғимараты осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында беріледі деп күтілуде.
Осыған қатысты Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының төрағалығымен кезекті кеңес өтті. Көшпелі жиында өңірдегі білімнің 3 түрлі мәселеге тоқталды. Жиынға басқармадағы жауапты бөлім басшылары, облыстың бас ұстазы мамандардың баяндамасын тыңдап, жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *