ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА 80-ГЕ ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Кентау — өндіріс көзі дамыған моноқала. Бүгінгі таңда қалада бірқатар кәсіпорындар мен зауыттар жұмысын жалғастырып келеді. Мәселен қалада 50 жылдық тарихы бар «Ердес нан» зауыты жұмысын дөңгелетіп келеді.

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында бүгінде жалпы саны 80-ге тарта жаңа жұмыс орны бой көтерді. Биыл қалаға 30 млрд. теңге көлемінде инвестиция бөлінген. Өткен жылы негізгі капиталға 29,7 млрд теңге инвестиция тартылған еді. Бүгінгі таңда жалпы халық саны 99 308 адамды құрайтын қала құрамына 4 ауыл да кіреді. Жұмысқа жарамды 37,4 мың адамның 35,4 мыңы тұрақты қызметке орналасқан. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов мырза 2022 жылдың қорытындысы және 2023 жылға атқарылатын жұмыстарын талқыланды. Жандос Қалмұрзаұлы мәлім еткендей өткен жылы 28,2 млрд. теңге бюджетке енгізу жоспарланып, ол мақсат артығымен орындалған. Дәлірек айтар болсақ, 100,3 % көрсеткішке жеткен. Қаланың өнеркәсіп саласы мен ауыл шаруашылық саласында да алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Негізінен Кентауда 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорын жұмыс жасауда. 2022 жылы аталған өндірістік орындар 41,3 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Ал ауылшаруашылық өнім көлемі — 11,8 млрд.теңге. Бүгінгі таңда өңірдегі өнім өнім көлемі 70,3 млрд. теңгеге жетіп отыр.

Жандос Тасовтың сөзінше, инвестициялық жобалар аясында 2 кәсіпорынның құрылыс жұмыстарын бастау көзделіп отырған көрінеді. Бұл қос жобаның ортақ құны 35,6 млрд. теңгені құрап, 943 адамды жұмыспен қамтуға ниетті. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында да жасалынып жатқан жұмыстар жетерлік. Бұл аумақта да 2 кәсіпорын жұмысын бастап, 80 адам тұрақты қызметке кіріскен. Биылғы жылдың соңына дейін тағы бір жоба іске асырылып, 400 адамға жұмыс орынын ұсынбақшы. «Кентау қаласы бойынша 2020-2025 жылдары өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 943 адамды жұмыспен қамтитын 2 жобаны ашу жоспарланған. Олар — «Ансай кең орнының кендерінен барит концентратын өндіру» жобасы және бұрынғы Кентау кен байыту фабрикасының өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу өндірісін іске қосу жобасы. Қазіргі таңда Кентау қаласындағы индустриалды аймақта құны 3,3 млрд.теңгелік 250 жұмыс орнын қамтитын 6 жоба іске асырылған», — деді шаһар басшысы.

Инфрақұрылым бойынша Қала тұрғындарының жайлылығы үшін коммуналдық саланың маңыздылығы ерекше. Сол себепті қала әкімінің есебінде бұл бағытқа ерекше назар аударылды. Ашып айтар болсақ, Кентау қаласы маңындағы елді мекендер 100 % ауызсумен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы кәріз жүйелерін реттеу үшін облыстық бюджеттен 100 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыруға техникалық экономикалық негіздемесі әзірленген. Жоба толықтай жүзеге асса Кентаулықтар бұл саланың да толықтай шешілгеніне куә болатынын жеткізді Жандос Қалмұрзаұлы. Ал, табиғи газға қосылу мәселесі бүгінгі таңда ең өзекті тақырып. Көгілдір отынға қол жеткізгендер өткен жылы 14% болса, биыл бұл көрскеткішті 52 %-ға жеткізу жоспарланып отыр. Кентау қаласы кәріз жүйесімен 78% қамтылған. Орталықтандырылған электр желісімен шаһар толық қамтамасыз етілген. Өткен жылдың қорытындысымен қаладағы ішкі жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 86,7%-ға жетті. Биыл қаланың 3 көшесін жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өткен жылы  Кентауда және қалаға қарасты елдімекендерде 53 көше жөндеуден өтті. Электр жүйелерін жаңғырту және инфрақұрылымға қатысты өзге де жұмыстар қолға алынды. Қаланы дамыту жұмыстары жалғаса береді.

Өткен жылы Кентауда кірпіш өндіретін зауыт салу жұмысы қарқын алған болатын. Жоспар бойынша онда 50-ге тарта адамға жұмыстар қарастырылған. «Almaty NS Group» ЖШС осы маңызды жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Зауыт айына 3 млн. дана керамикалық кірпіш шығаратын болады. Кәсіпорынды салып, қажетті қондырғылармен қамтуға 1 млрд. 720 млн. теңге инвестиция құйылмақ. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін жылына 30 млн. дана кірпіш шығару көзделіп отыр. Кәсіпорынның құрылысы 2021 жылы басталған. Бүгінде құрылысқа қажет материалдар жеткізіліп, болашақ өндіріске керек пеш пен қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысан биыл күзге қарай іске қосылып, кірпіштің алғашқы легі шығарылады. Жалпы зауыттың жылдық қуаттылығы – 30 миллион дана. Мамандардың айтуынша, алдағы бірнеше жылда кірпіш өндірісі жылына 4-5 пайызға өспек. Кентаудағы зауытта 50 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  елдің əлеуметтік-экономикалық мəселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте ауыл əкімдерінің 64 пайызы жергілікті жұрттың тікелей сайлауымен қызметке келгені жайлы айтқан болатын. Сол себептен де,  — Жергілікті депутаттар аймақтағы комиссияларымен тығыз қарым-қатынас орнатуы қажет». Бұл комиссиялардың рөлі едəуір артып, жауапкершіліктің күшейтілуіне тапсырмалар берді.

Сонымен қоса, алдағы екі жылда пилоттық жоба ретінде, аудан жəне облыстық маңызы бар қала əкімдерінің сайлауы өтетінін нақтылап айтып өтті. Осы орайда қажетті нормативтік базаны жəне жол картасын əзірлеу қажет.
Үкімет бұл жұмысты Орталық сайлау комиссиясымен жəне облыс əкімдерімен білесіп жүргізетінін, қоғамды демократияландыру жəне билік құзіреттерін төменге беру үдерісін жалғастыратынын нақтылап айтылды.
«Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңның қабылдануы бұл бағыттағы тағы бір маңызды қадам болмақ. Қазір тиісті заң жобасы Мәжілісте талқыланып жатқанын білесіздер», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ауыл әкімдерінің басым бөлігі сайланғанын айтты.
«Ауыл әкімдері күн сайын тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешеді. Сондықтан олар елімізде айрықша рөл атқарады.
Ауыл әкімдерінің 64 пайызы жергілікті жұрттың тікелей сайлауымен қызметке келді. Мұны, шын мәнінде, зор жетістік деуге болады.
Тұрғындардың мәселесін жедел әрі тиімді шешу үшін оларға көбірек мүмкіндік беріліп жатқанын жəне бұл жұмыс та жалғасын табады», — деді Мемлекет басшысы.
Осыған байланысты Кентау қаласыҚР Парламент мәжілісінің депутаты Уласбек Садибеков қаланың экологиялық жағдайына қатысты жиында:
— Мен Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа жатқызуға болады деп санаймын.  Кентауды экологиялық аймақ деп тану арқылы 100 мың халықтың өмір сүру сапасын жақсарта аламыз. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Болатқызына депутаттық сауал жолдадым.
Түркістан облысының Кентау қаласындағы экологиялық жағдай күннен күнге күшейе түсуде. Бұл мәселеге негізгі себептің бірі — қаланың Арал аймағына жақын орналасқандығы. Арал маңындағы қазақстандық бөліктің қарқынды шөлге айналуы халықтың әл-ахуалының қолайлы шарттарының жойылуына, атап айтқанда аурушаңдықтың артуына алып келуде. Осы себептер бойынша Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облыстарының кейбір аймақтары экологиялық апат аймақтары болып танылды. Ал, сол сәтте Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданы сол тізімге енбей қалды.
Қазіргі кезде Кентау қаласындағы ауа мен судың ластануынан қала тұрғындарының арасында онкологиялық аурулар да асқына түскен. Мәселен, 2020 жылы онкологиялық аурумен науқастанып, қайтыс болғандардың көрсеткіші 49,5 болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 51,5-ке көбейген. Ал, 2022 жылы 62,4 болып отыр. Әрине, бұл дабыл қағарлық мәселе деп білемін.
Кентау қаласына қарасты Құсшы ата ауылындағы жолдың арғы беті экологиялық аймаққа жатса, бергі беті экологиялық аймақ деп есептелмейді. Барлық тұрғынның жұтып отырғаны бір ауа. Бәйдібек ауданында да дәл осындай жағдай бар деген болатын.
Бүгінгі таңда 2,5 пайыздық несие жөнінде халыққа толыққанды түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде. Кентау қалалық Жастар ресурстық орталығы КММ-нің және Кентау қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы мен бірлесе мемлекеттік бағдарламалар бойынша Қарнақ ауылы тұрғындарына ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру.
Түсіндірме жұмыстары барысында базар жастарына мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар таратуға белсене кіріскен.
Айта өтсек,  қалада  184 спорт ғимараттары жұмыс жасайды. Оның ішінде: 1500 және одан жоғары орынға арналған трибунасы бар стадион-2, спорт кешені-3, атқыштар тирі-3, спорт зал — 38, жазықтықты құрылғылар 129 (110 спорт алаңдары, 18 алаңдар), спорттық манеж – 2, теннистік корттар -2, жүзу бассейндері — 4.

Жыл басынан бері 10-ға жуық спортшы ҚР чемпионтатында жүлдегер атанған.
2023 жылдың 3 айында мәдениет саласында жалпы өткізілген іс-шаралар саны 168, оның ішінде: мәдениет сарайы мен ауылдық клубтарда 67 іс-шара, кітапханаларда 101 іс-шара ұйымдастырылды.
Кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры отандық және әлемдік классикалық туындылармен, қазіргі заманғы жазушылардың кітаптарымен, мерзімді басылымдармен толықтырылған. Бұл жөнінде қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен жиында, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру, спорт бөлімінің басшысы Қ.Мұсабаев мәлімдеді.

Кентау қаласында 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, 1 МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) аясындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 1 спорт клубы және 1 жан басына шаққанда қаржыландыратын жеке кәсіпкерлер спорт үйірме орталықтары бар. Аталған спорт мекемелерінде спорттың 16 түрі бойынша 5683 балалар мен жасөспірімдер шұғылдануда.
Кездесу барысында «Кентау қаласында өзгертуді қажет ететін нөмірленген -9 көше, Байылдыр ауылында-4, Хантағы ауылында-1, Қарнақ ауылында -113 көшенің атауын өзгерту және заңдастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде»,- деді  бөлім басшысы Қ.Мұсабаев мырза.  Сонымен қатар, жасалуға тиіс алайда қаржыны қажет ететін бірқатар мәселерді атап өтті. Ағымдағы жылы спорт саласында ауқымды марафондар мен жарыстар өткізу, мәдениет саласының материалдық базасын нығайту, республикалық фестивальдер өткізу жағы ұсынылды.
Жиын соңында қала басшысы  атқарылған жұмыстар барысында  жіберілген бірқатар кемшіліктер мен орын алған оқылықтарды талдап, бөлім басшысына ескерту жасады. Жұмысты статистикаға емес, нәтижеге атқару қажеттігін атап өтті.
Елдің мәртебесін асқақтататын үлкен салалар спорт пен мәдениетке немқұрайлы қарау үлкен жауапсыздықты көрсетеді. Жұмысты нақты шаралармен көрсетіп, жүйелендіруді, салалар бойынша тұжырымдама жасап ұсынуды бөлім басшысына тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *