Түркістан облысына қарасты Келес ауданында еліміздегі ең алып жылыжай бой көтерді. Жалпы Келес ауданы егіншілікке бейім аймақ. Алып жылыжай 500 гектар аумақта алатын үлкен өнеркәсіп болмақ. Бұл жобаның негізгі қолдаушысы «ЭКО-культура» компаниясы болып табылады. Аталмыш жылыжайда шамамен 8 мыңнан астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, осы жоба аясында 51 гектардан астам жылыжай салыну жоспары қарастырылған. Жаңа жобаға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі: 524 млрд. теңге болса, 1-кезеңіне 51,6 млрд. теңге. тартылмақ. Жобаның басты мақсаты 25 млрд. теңгеге 27 га жылыжай салу жоспарлануда. Қуатылығы – жылына 225 мың тонна қызанақ өсіру. Айта кетсек, аталмыш жобаның құны 1 млрд 100 млн доллар тұрады, және бұл еліміздегі ең үлкен жылыжай болмақ. «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингі Ресейде таза экологиялық өнім өндіруден көшбасшы. Негізінен қызанақ, қияр, салат жапырағын өсірумен айналысады. Холдингтің қуаттылығы қазіргі таңда 207 гектардан аса жылыжайды құрайды. Бұл алып кешенді салуға 2019 жылы екіжақты келісім-шарт жасалған болатын.
Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды,«Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров, «KazakhInvest» АҚ-ның Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, «ЭКО-культура» агрөнеркәсіптік холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Рудаков қатысты. Облыс әкімі бұл жобаның аса маңызды екенін, өңірде агроөнеркәсіп кластері дамитынын жеткізді.
– Өздеріңізге белгілі, Түркістан – республика халқын жеміс-көкөніс өнімдерімен, оның ішінде жылыжай кешеніндегі қызанақ, қиярмен қамтамасыз ететін негізгі өңір. Облыста 1569 гектар алқапта 3366 бірлік жылыжай бар немесе республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы орналасқан. Онда 12 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның ішінде 87 гектары – өндірістік, ал 1482 гектары фермерлік жылыжайлар. 2015 жылмен салыстырғанда осы салаға тартылған инвестиция көлемі 7 есеге ұлғайды, былтыр 74,7 млрд. теңгеге жетті. «ЭКО-культура» компаниясының елімізге инвестиция салуы біз үшін үлкен мәртебе. Бұл жобаны жан-жақты қолдауға дайынбыз. Жобаны іске қосу, өңірде ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Ресейлік «ЭКО-культура» агрөнеркәсіптік холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Рудаков та құттықтау сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына тоқталды. Бұл әріптестік агросаланы дамытуға серпін беретінін және жергілікті халықты тұрақты жұмыспен, жоғары жалақымен қамтуға асталысатындарын жеткізді.
Келес ауданы, Бірлік ауылында жүзеге асатын жобаның бірінші кезеңінің құрылысы 2024 жылы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған. Ал бүкіл жоба 2027 жылы жүзеге асырылмақ. Бірінші кезектегі жұмыс орындарының саны – 1000.
Жылыжай мегакешенінің жобасы серіктес «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің қазақстандық «Green Land Alatau» компаниясының көмегі арқылы жүзеге асырылмақ. Заманауи жылыжай кешендері жылыту жүйесі мен салқындатуды, жарық режимін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи автоматтандырылған климаттық бақылау жүйесімен жабдықталады деп жоспарланған.
Сонымен қатар, «ЭКО-культура» жылыжай кешеніндегі микроклимат, ауылшаруашылық өнімдерін өсіру барысында жылу жүйесі, салқындату, жарық беру, тамшылатып суару, ауада көмірқышқыл газын реттеуді заманауи компьютерлендірілген жүйемен басқарады. Сонымен қатар, инвесторларға мемлекеттен 25 пайыз субсидия беріледі және жанар-жағармай, тыңайтқыш, тұқым 50 пайыз жеңілдікпен босатылады екен.
Ауданда жылыжай өнеркәсібін дөңгелетіп отырған тағы бір шаруа Нұржан Омаров мырза, көшет те, өнім де, тіпті жылыжайдың пленкасын да өзі өндіреді. Дайын кластерлік жүйе. Жанашыр азамат, жылыжай кәсібін ашамын деушілерге көшет беріп, қолдауға да әзір. Нұржан мырзаның шаруа қожалығында қызанақтық, қиярдың, құлпынайдың сан түрлі сорты өседі. Барлығы сапалы отандық өнім. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданы Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан осы «Нұржан» шаруа қожалығының жылыжай жұмысымен арнайы танысқан болатын. Облыс басшысы, Әрі жұмысы жан-жақты жолға қойылған жылыжай кешенін өзге де қожалықтар ісін өркендетуде үлгі ету қажеттігін айтты.
Осыған жылыжай ісіне қатысты ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер болған Тимур Қырықбаев қарапайым еңбек адамдарына ерекше құрмет пен қолдау көрсетілу керек екендігін айтқан болатын. Оның айтуынша, Ел Президентінің бұл бастамасы әділ болып, еңбектің қадірін ұғынуға жетелейді.
№27 Сайлау округіне қарасты Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарының атынан бір мандаттық жүйе бойынша «AMANAT» партиясынан ұсынылған Темір Базарбайұлы «әділеттілік» ұстанымымен елге қызмет етіп келеді.
Облыстың өзекті мәселелерімен жақсы таныс. Оған «AMANAT» партиясында жұмыс істеп жүрген кезеңде куә болдым. Әсіресе, VII шақырылмдағы облыстық мәслихатының депутаты болған шағында апатты жағдайдағы мектептерді аралап, фракция отырыстарында жиі көтеретін. Біліктілігі мен парасаттылығының арқасында жергілікті тұрғындардың оң бағасына ие болған, жауапкершілікті сезінетін азамат.
2023 жылы 19 наурыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болып, «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі ретінде өзін-өзі ұсыну жолымен сайлауға түсуге бел будым. Менің басты мақсатым Қазақстанда әділеттілік орнату, ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту. Өздеріңіз білесіздер Түркістан облысының халқының негізгі табыс көзі – ауылшаруашылық саласы болып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күші болмақ деген болатын.
Қазіргі заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Әлемде күрделі өзгерістер болып жатыр. Тәуелсіздігімізді сақтау және оны қорғау аса маңызды. Бұл – халқымыздың басты құндылығы болуда. Жаһандық дағдарыс мемлекттің экономикасына кері септігін тигізуде. Сондықтан да, менің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретіндегі 5 жылдық сайлауалды бағдарламамда басымдық ауыл – аймақтарын өркендетуге бағытталмақ.
Мен, Түркістан облыстық мәслихатының 7-ші шақырылымдағы депутаты кезінде өмірден үлкен сабақ алдым. Өткеннің қателігін тузетуге, облысымызда қордаланған мәселелерді шешуге барлық күш жігерімді бағыттайтын боламын. Президентіміз айтқандай барлығымызды алда жауапкершілігі мол, ауқымды, жүйелі жұмысты талап ететін кезең күтіп тұр. Ел сенімін ақтау, еліне адал қызмет ету, әрбір азаматтың борышы екенін жақсы түсінемін. Менің еліме, халқыма қызмет етуден артық бақыт жоқ.
•Жетісай,Мақтаарал, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарындағы білім сапасын жақсарту мақсатында үш аусымды және апаттық мектептерге, күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің құрылыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ықпал жасаймын.
•Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі болып тұр. Мақта саласын дамыту, терең өңдеу бағытында мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру қажет. Түркістан облысы Республика бойынша мақта өсіретін жалғыз аймақ. Өңірде жыл сайын 300 мың тоннадан астам мақта өндіріледі. Бұл салада 25,0 мың шаруалар жұмыс жасайды. Облыста 22 бірлік мақта жинау және өңдеу зауыттары жұмыс жасайды. Стратегиялық маңызға ие мақта шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы мемлекеттік қолдау көрсету шараларын кеңейтуді қолға аламын.
•Жылыжай шаруашылықтарын қолдау, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жылыжайларды жылыту кезінде пайдаланылған электр энергиясы, табиғи газ, көмір үшін төлемді мемлекет тарапынан субсидиялауға атсалысамын.
•Аудандарда игерілмей жатқан және заңсыз берілген жерлерді халыққа қайтарып, ортақ пайдаланымдағы жайлым жерлердің мәселенсін шешуге атсалысамын.
•Жетісай,Мақтаарал,Келес,Сарыағаш,Қазығұрт аудандарында жазғы маусымда суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету мәселелері өзекті болуына байланысты озық технологияларды пайдалануға мемлекеттен субсидия бөлуге ықпал жасаймын.
•Жетісай,Мақтаарал,Келес,Сарыағаш,
Қазығұрт аудандарындағы магистралді каналдарды кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден және қайта құрылыстан өткізуге республикалық бюджеттен қаржы бөлуге атсалысамын.
•Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында 700 мың тұрғыннының жол қатынасын толығымен шешу және кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында Сарыағаш ауданында республикалық маңызы бар А-15 «Жыззақ-Гагарин-Жетісай-Асықата-Қызыләскер-Сарыағаш-Жібек-жолы» 102 шақырым айналма жолының құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ықпал жасаймын.
•Сарыағаш және Келес аудандарындағы 342 мыңға жуық халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында « Сарыағаш топтық су құбырын толықтыру үшін магистральды су таратқышын реконструкциялауға республикалық бюджеттен қаржы бөлуге атсалысамын.
•Сарыағаш қаласында 2019 жылы жаңадан салынған 5 қабатты 14 тұрғын үйді (585 пәтер) орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосуға республикалық бюджеттен 2023 жылға қаржы бөлдіріп, 2024 жылы құрылыс жұмыстарын аятап, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосуға ықпал жасаймын.
•Жетісай ауданы, Жаңа ауыл округіне қарасты Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атақоныс елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал жасаймын.
•Жетісай ауданы, Жаңа ауыл округіне қарасты Мырзашөл , Атақоныс Қызылқұм ауыл округіне қарасты Қызылқұм елді мекен тұрғындарын және Қазығұрт ауданы, Шанақ ауыл округіне қарасты Ескі Шанақ, Сарапхана ауыл округіне қарасты Бақабұлақ елді мекенінің тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етуге атсалысамын.
•Қазығұрт ауданы, Қазығұр ауыл округінде 500 орындық мәдениет үйін салуға ықпал жасаймын.
Осындай жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгіп, адал еңбек ететін боламын. Менің ұраным біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, халыққа қызмет ету. Бұл – менің азаматтық, әрі әрбір перзенттік парызым. Мақсатым – Қазақстанды тұғыры берік, экономикасы қуатты, рухы асқақ, бірлігі бекем мемлекет ретінде ұрпағымызға табыстау. Осы тарихи міндетті бәріміз бірге абыроймен атқарып шығамыз деп сенемін.
Сіздерде 19 наурызда өтетін сайлауға белсене қатысуға және маған қолдау көрсетуге шақырамын — деп халыққа сайлауалды бағдарламасын ұсынған болатын.
Расыменде шаруашылыққа қолайлы көптеген өңірлерге қолдау көрсету маңызды. Нәтижесінде ел экономикасы нығая түсетіні анық. Елімізде ерте өнім беретін дақылдардың барлығы да дерлік Келес, Жетісай, Сарыағаш аудандарынан бастау алатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы халықтың әлеуетін арттыру мақсатында өткізген кеңесінде экономикаға қатысты агросаланы дамытуды басты назарға алу керектігін айтқан болатын.
Осыған орай өзекті тақырып жылыжай мәселесіне қатысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды іс-сапармен Келес өңіріне жол тартқан болатын. Елімізде жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Қуантатын жаңалық, жылыжай шаруашылығына қажетті заттар Түркістан облысында шығарылады. Ауданда жалпы құны 150 млн теңгені құрайтын жоба қолданысқа енді. Енді аудандаға қарасты Ораз ата елді елді мекенінде орналасқан «Келес Пласт» ЖШС қайта өңдеу цехында пленка, пресс жіп, жылыжайға арналған қысқыш, көшет өсіруге арналған стакан өнімдері шығарылмақ.
Жергілікті тұрғын Нұржан Умаров жетекшілік жасайтын кәсіпорында жылыжай шаурашылығына қажетті заттар шығарылып, бүгінгі таңда шаруалар арасында сұранысқа ие болып отыр.
Аталмыш жобаны кәсіпкер өз қаражаты есебінен 127 млн. теңге жұмсай келе, несие қаражаты есебінен 23 млн. теңге алып, жобаны жүзеге асырған. Кәсіпорын 2018 жылы қолданысқа берілген. Өңір басшысы кәсіпкердің қадамын жоғары бағалап, отандық өнімдерді көбейту – уақыт талабы екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Облыс әкімі Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Оразов Ермахан» шаруа қожалығының жұмыс барысымен танысты. Ашық егістік жерден жылына 2-3 рет көкөніс өсіретін және жылыжай шаруашылығымен де айналысатын шаруа қожалығының басшысы Сейдахмет Бижігітов 6 гектар аумаққа қырыққабат, дәндік жүгері, жоңышқа, қияр сынды өнімдерді өсіріп, бүгінде 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жобаның жалпы құны – 9 млн. теңге. Бір жылда 820 тонна көкөніс өсіріледі. Өңір басшысы кәсіпорындар мен шаруа қожалығында қызмет ететін кәсіпкер, диқандарға ауыл шаруашылығын қолдау, осы бағыттағы жобаларды көбейту жұмыс жалғасатынын айтты.