ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ҚАРҚЫНДЫ

Биыл Түркістан облысында экономикалық өсім байқалады.  Яғни облыс экономикасына 97,2 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 1,6 есе артқан. Сонымен қатар макронеркәсіп өнімінің көлемі 209,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсім 106,3% құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 118,4 млрд. теңгені, былтырғы жылмен салыстырғанда 101,1%-ды құрап отыр. Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте жалпы ішкі өнімнің өсімін жыл сайын 6 пайыздық деңгейде қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Келелі кеңес отырысында инфляцияны осы жылдың қорытындысымен 2 есе төмендету мәселесі қаралды. Атап айтсақ, өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп, құрылыс кешені, т,б өзекті мәселелер аясында өсудің қосымша көздерін табу керектігін айтқан болатын.  Сонымен қатар ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді талдау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ауқымды талдау жұмыстарын жүргізіп, субсидиялау саласына қатысты бірқатар заңбұзушылықтарды әшкереледі. Талдау нәтижесіне сәйкес субсидияны жымқыру үшін жылдан жылға бірдей схемалар қолданылып келген. Біздің өңірде ауыл шаруашылығына қатысы жоқ тұлғаларға субсидия бөлу, шығынды кәсіпорындарды инвестициялау және тағы басқа кемшіліктер анықталды. Жер қатынастары саласында мемлекеттік мұқтаж үшін жерлерді негізсіз сатып алу, бағасын қолдан көтеру, жерлерді негізсіз беру бойынша талдау жұмыстары аяқталу сатысында.

Осы мәселер аясында Келес ауданында өңірдің келешегіне нұқсан келтіретін бірқатар кемшіліктер анықталды.  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарымен барып, облыс және аудан активімен көшпелі мәжіліс өткізді. Аймақтағы қордаланған мәселелер, түрлі салалардағы кемшіліктер сараланып, ұсыныстар айтылды. Ауданның экономикасын жақсарту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын және басқа да салаларды дамыту жолдары талқыланған мәжілісте осы жұмыстарды кері тартатын әрекеттер де қатаң сыналды. Осы уақыт аралығында ауданда сыбайлас жемқорлық фактілері жиі орын алған.  Осыған байланысты өз құзыреттеріңіздің шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Бұл бағытта нақты, нәтижелі шаралар қажет. Кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу, есірткіге қарсы күрес, жасөспірімдердің құқығын қорғау бойынша полиция департаментімен бірге қажетті іс-шаралар жоспары қабылдансын. Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршам және жарық бағаналары орнату.  Жалпы, білім беру ұйымдарының жұмысын жақсарту, білім сапасын арттыру бағытында жүйелі өзгерістерді қабылдау керек. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жылдар бойы шешімін таппай жүрген мәселелер бар. Игілік елді мекеніндегі ауыз су жүйелерінің құрылысы қолға алынғанымен, нысан екі жылдан бері іске қосылмай тұр. «Қызыләскер» қосалқы станциясының құралдары қараусыз қалған. 2021 жылдан бері 8 елді мекен табиғи газға қосылмаған. Аудан әкімі тиісті басқармалармен бірлесе отырып, қысқа мерзімде шешімін тауып, нысандарды іске қосу бойынша қажетті жұмыстарды атқарсын. Мемлекет басшысы өңірлерді дамыту бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды міндеттер жүктеп отыр. Ел сенімін ақтауға күш салу керек, – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың есебі тыңдалды. Ал Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов облыс әкімі аппараты тарапынан Келес ауданының өзекті мәселелері талданғанын, бірқатар кемшіліктер анықталған.
Ауданда былтыр бірқатар негізгі көрсеткіштері орындалмаған. Өнеркәсіптің нақты көлемі индексі 91,3 пайызды құраса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі көлемінің индексі 84,7 пайызды құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның көлемі 90,7 пайызға, оның ішінде ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция 85,3 пайызға, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция 84 пайызға орындалған.
Сүт өндірісі 7,4 пайызға, жұмыртқа өндірісі 2,4 пайызға, ет өндірісі 1 пайызға, ірі қара мал саны 8,4 пайызға, қой саны 18,5 пайызға, жылқы басы 13,2 пайызға, құс саны 13,8 пайызға кеміген. Нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 93,1 пайызға жеткізу жоспарланған, орындалуы 88,3 пайызды құрап, межеге қол жеткізілмеді. Жергілікті бюджеттің түсімдерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары төмен деңгейде жүргізілуде.
Келес ауданы бойынша 41 көп қабатты тұрғын үй болса, олардың басым көпшілігі 1951-1985 жылдары салынған. Бүгінгі күнге дейін күрделі жөндеу жұмыстары ұйымдастырылмай, жағдайы ескірген.
Жиынды түйіндеген облыс әкімі ауданда өндіріс орындарын ашу, инвестиция мен аудан бюджетінің түсімдерін ұлғайту, ауыл шаруашылығын жан-жақты дамыту, жолдарды жөндеу, санитарлық тазалықты жақсарту және өзге де салаларға қатысты тапсырмалар берді. Тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, қатаң бақылауға алынды.
Жуықта ғана мемлекет басшысы өткізген кеңесте осы аталған мәселер қозғалған болатын.
Өңір басшысы Дархан Сатыбалды абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыруды, «Ауыл аманаты» бағдарламасын сапалы атқару және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім саласын көтеру, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша да жауаптыларға тапсырмалар берді.
Өңірде бірінші тоқсанда құрылыс жұмыстарының көлемі 31,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 117,9% құрады. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы 5,5%-ға артып, 120,2 мың шаршы метрге жеткен. Аудан, қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына талдау жүргізу мақсатында 15 индикатор бойынша рейтингтік бағалау жүйесі енгізіліп, меморандум түзілді. І-тоқсан қорытындысымен 14 индикатор бойынша бағалау жүргізілді, 1 индикатор тоқсандық статистикалық деректердің шықпауына байланысты есепке алынбады. Жалпы, 14 индикатордың 10-ы бойынша жоспарланған межеге қол жеткізілген. Аудан, қала әкімдіктерінің рейтингі әзірленіп, тиісті бақылауға алынды.
Облыста 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жергілікті бюджетке 37,7 млрд. теңге кіріс түсіп, жоспар 120,9%-ға немесе 6,5 млрд. теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім 5,0 млрд. теңгеге артқан немесе өсу қарқыны 15,3%-ды құрап отыр.
Экономикалық мәселелерге байланысты Ордабасы ауданының әкімі  Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіті. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Ізтілеу бөлім тарапынан атқарылған жұмыстар мен 2023 жылдың жоспарларының орындалуын баяндады. Сондай-ақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Қ.Абитаева да сөз алып, азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тартудағы мәселелерге тоқталды.
Ауданның бас салықшысының айтуынша, 2023 жылдың І-тоқсанында жоспар артығымен орындалған. Алайда, аудан әкімі кейбір салықтық түсімдер (жер, көлік, мүлік салықтары) бойынша көрсеткіштердің көңіл көншітпейтінін, тұрғындар арасында түсіндірме, ақпараттандыру жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмейтіндігін айтып, жауапты мамандарға мерзім белгілеп, тапсырмалар берді. Сондай-ақ мүлікті қайта бағалау, қайта бағалаудан өтпеген кәсіпкерлермен, тиісті өнімдерді лицензиясыз саудалаумен айналысатындармен, заңсыз жарнама нысандарымен жұмыс жүргізу (заңдастыру) бойынша бірқатар міндеттер жүктеді. 2023 жылдың бірінші тоқсанында 1375 отбасы (8100 адам) АӘК төленген. Ал, “Қамқорлық” бағдарламасы 36 отбасы (147 адам) демеушілік көмек көрсетілген. Одан бөлек 147 адамның 35-і жұмысқа жарамды екені анықталып, олар жұмыспен қамту шараларына тартылуда.
Аудан әкімі халықты жұмыспен қамту бағытында жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмей жатқандығын, оның ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындары туралы тұрғындарды хабарландыруда тиісті бөлім мен ауыл әкімдерінің арасында тығыз байланыстың жоқтығын алға тартты. Сонымен қатар, ауыл әкімдеріне бөлім, орталық мамандарымен бірлесіп мемлекеттік грантқа қатысу тәртібін, талаптарын түсіндіруге тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ ауданда түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлердің жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту шараларына қатысуын пысықтауды айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевты қабылдаған болатын.  Кездесуде министрліктің қызметі және Президент тапсырмаларының орындалу барысы, соның ішінде жолдардың сапасын жақсарту, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа кен орындарына жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берілді. Марат Қарабаевтың айтуынша, заңбұзушылықтарға байланысты қатты пайдалы қазбаларды игеруге берілген 200-ден астам келісімшарт пен лицензия қайтарып алынды.
Министр 800-ден астам жобадан тұратын жаңа индустриялық инвестициялық жобалар топтамасының іске асырылуы туралы да баяндады.
Айта кетсек, Мемлекет басшысына көлік инфрақұрылымының дамуы жөнінде ақпарат берілді. Тиісті тапсырма бойынша Үкімет еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті. Сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру үшін вагон паркі тапшылығына қатысты мәселе шешіліп жатыр. «Stadler», «Alstom» және «Wabtec» компанияларының қатысуымен отандық зауыттарда вагон мен локомотив өндірісі басталады.
Президенттің 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында халықаралық автомобиль дәліздерін дамыту, соның ішінде республикалық маңызы бар 8 мың шақырым автожол салу және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтық авиация саласындағы тұрақты өсім туралы айтылды. Сондай-ақ, 2022 жылы пандемияға дейінгі көрсеткішке қол жеткізілгені анықталып, Қазақстан авиакомпаниялары 11 миллионға жуық жолаушы тасымалдады. Айта кетсек, елімізде  «Ашық аспан» режимі енгізілді. Ұшу географиясы кеңейіп келетіндігі жайлы толық түсіндірілді. 2025 жылға дейін Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк бағыттарына рейстер ашылады деп жоспарланып отыр.
Есеп беру баарысын тыңдай келе, Қасым-Жомарт Тоқаев орта бизнесті дамыту және шикізат секторына, тау-кен өнеркәсібі мен геологиялық барлау салаларына инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар Президент жол бойындағы, сондай-ақ әлеуметтік, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғыртуға ерекше назар аударуды, өндірістегі отандық үлесті арттыру жұмысын күшейтуді және Қала құрылысы кодексін әзірлеуді жеделдетуді талап етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *