Ордабасы ауданында жалпы саны 10 ауылдық округ, 57 елді мекен орналасқан. Бүгінгі таңда аудан халқының саны 128 049 мыңға жетіп отыр. Аудандағы жалпы өңірлік өнім 2023 жылғы көрсеткіш бойынша 140,9 млрд. теңгеге жетеді деп күтілуде. Былтырғы 2022 жылдың қорытындысымен ауданның негізгі көрсеткіштерінің барлығынан өсім орын алды. Жалпы өңірлік өнім 130,4 млрд. теңгеге жетіп, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2%1 құрады. 2023 жылдың 3 айында 21,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың 3 айымен салыстырғанда 1 12,7% құрап отыр. Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша өнімінің көлемі 2022 жылы 32,5 млрд. теңгеге өндіріліп, өсім 2,4 млрд. теңгеге жеткен (НКИ 100,8%). Ал биылғы жылға өнім көлемін 36,4 млрд теңгеге (НКИ 104,0%) жеткізу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 3 айында өнеркәсіп саласында 8,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,8% құрады. Ордабасы ауданына тартылған инвестиция көлемі 2022 жылы 34,0 млрд. теңгені құраса биыл 2023 жылы 37,2 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда жеке инвестициялар есебінен аудан экономикасының дамуына үлес қосатын негізгі 5 жобаға 5,1 млрд. тг. қарастырылып, нәтижесінде 140 жаңа жұмыс орны ашылды.

Атап айтар болсақ,
- «Bokei» ЖШС-ң автоматтандырылған қыш зауыты, құны 3,6 млрд.тг., 30 жұмыс орны,
- «Green Technology Industries» ЖШС ІІ кезені синтепон талшығын өндіру, құны 200 млн.т, 50 жұмыс орны;
- «Aysyltan Group» ЖШС-ң қыш зауыты, құны 500 млн.т, 30 жұмыс орны;
- ЖК «Бибитжан» қыш зауыты, құны 204 млн.т, 20 жұмыс орны;
5. ЖК Нұржановтың жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы, құны 600 млн.т, 10 жұмыс орны.
Биылғы жоспар бойынша жалпы құны 8,5 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны 257 жаңа жұмыс орнымен іске асыру жоспарлануда.
1.«Оңтүстік кірпіш» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру, құны 1,5 млрд.т., 30 ж.о, 2023 ж. ІІ-тоқсан,
- «Батсу Водоканал» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру, құны 1,0 млрд.т., 50 ж.о, 2023 ж. ІІ-тоқсан,
- «ArlanStroy» ЖШС қыш зауыты, құны 500,0 млн.т., 25 ж.о, 2023 ж. ІІІ-тоқсан
4.«Gold Aluminium» ЖШС алюминді профиль өнімдерін шығару, құны 3,0 млрд.т., 100 ж.о, 2023 ж. ІV-тоқсан,
- «RZN» ЖШС газоблоқ бұйымдарын өндіру, құны 1,5 млрд.т., 40 ж.о, 2023 ж. ІV-тоқсан
«Ордабасы Сапар» орталығы, туризм саласы, құны1,0 млрд.т., 12 ж.о, 2023 ж. ІV-тоқсан.
Және бұл көрсеткіш 2023 жылдың 3 айында ауданға тартылған инвестицияның 4,1 млрд. теңгені құрайды.
Ордабасы аудандағы индустриалды аймақта құны 21,3 млрд.теңгені құрайтын, 310 жұмыс орнын қамтитын, 6 жоба орналасқан. Нақтырақ айтар болсақ:
| «KazKioti» трактор жинау зауыты»ЖШСтрактор жинақтау зауыты. Құны7,2 млрд.т, 2015 жылы іске асырылған. 20 адам жұмыспен қамтылған. «KarlsKrona LC AB» ЖШСболат құю зауты. Құны 2 млрд. 725 млн.т, 2016 жылы іске асырылған. 30 адам жұмыспен қамтылған. «Green Technology Industries» ЖШС — полиэтилен қалдықтарын өңдеу зауыты. Құны 5 млрд. 985 млн.т, 2018 жылы іске асырылған. 10 адам жұмыспен қамтылған. «Александровский сад» ЖШСкөкөніс сақтау қоймасы. Құны 824 млн.т, 2020 жылы іске асырылған. 10 адам жұмыспен қамтылған. «Gold Aluminium» ЖШС алюминді профиль өнімдерін шығару. Құны 3,0 млрд..т, 2023 жылы іске асырылады. Ашылатын жұмыс орын 100. |
«RZN» автоклавталған газоблок бұйымдарын өндіру жобасы. Құны1,5 млрд. т, 2023 жылы іске асырылады. ашылатын жұмыс орыны 40.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлерді тарту мақсатында аймақтың жерін 303 га ұлғайту жоспарлануда. Ол үшін алдағы уақытта жалға берілген 2,8га (1 жер телімі)және жеке меншіктегі 300,2 га (5 жер телімі) қайтару жұмыстары жүргізілмек.
Ауданда өткен жылы 4 елді мекенге табиғи газ беріліген. Биыл 18 елдімекен газбен қамтылып, көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 47,8% жетеді. Аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, қазіргі уақытта ауданда газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Осы ретте, биыл бірқатар елдімекендер көгілдір отынмен қамтылмақ. Олар — Бірлік, Жамбыл, Ақжол, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Батыр ата, Ынталы, Аманкелді, Көктөбе, Елшібек батыр, Спатаев, Төрткөл, Қызылжар, Қарақұм елдімекендері. Сонымен қатар биылғы жылғы халықты қамту көрсеткіші 17%-ден 19,5%-ға артқаны белгілі болды. Аудан басшысының мәлімдеуінше, былтырғы жылғы 25 елді мекендегі 30 нысанның құрылыстары мен 2023 жыл ішінде 18 елді мекені газбен қамтылып, қамту көрсеткіші 47,8% жеткен. Сондай-ақ 7 елді мекеннің құрылыстары 2024 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ордабасы ауданында тағы да 9 жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер қаралуда. Бүгінде 2 жобаға бірқатар түзетулер енгізілуде. Одан бөлек 13 елді мекенді табиғи газбен қамту үшін ЖСҚ — лары аудандық бюджет есебінен әзірленеді.
Өңірдегі коммуналдық сала бойынша елді мекендердегі ауыз су мәселесі де шешілуде. Тұрғындарға тіршілік нәрі аталған ауыз су мәселесі бойынша 45 елді мекеннің су құбыры желілерін жөндеу, су мұнарасын ауыстыру, 3 елді мекенде жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстары жүрді. Сондай-ақ, былтырғы жылы су жүйелерінің құрылысы жүргізілу барысында 2 жоба пайдалануға беріліп, 7 жобаның 5 -і толықтай құрылыстары биылғы жылы аяқталады деп күтілуде. Бүгінгі таңда халықты сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,6% құраса, биылғы жылдың соңына көрсеткіш 99% жетеді. Құбырлы ауыз сумен қамтылмаған 3 елді мекенде Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық құжаттамаларына қаржы бөлінді. Құрылыстары 2024-2025 жылдары жүргізіліп, ауданның халқы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 100% жетеді деп күтілуде. Ауданға қарасты елдімекендері толық орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген. Ал автомобиль жолдары бойынша елдімекендердегі ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 45%-дан 48%-ға жетті. Топырақ жолдардың үлесі 41,2%-дан 35,6%-ға төмендеді. Сонымен қатар, өңірде елдімекен көшелерінің 20,6%-ы жарықтандырылғаны белгілі болды. Былтыр жарықтандыру бойынша 5 нысан құрылысы жүргізіліп, 3 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарындағы 7581 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған еді. Биыл 2023 жылы 6 нысанның құрылысы жүргізіліп, жалпы 5893 абонент сапалы электр қуатымен қамтылмақ. Одан бөлек аудандық бюджет есебінен 10 дана трансформатор орнатылып, 6,4 шақырым электр желілері жаңартылады. 4 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарын электрмен қамту үшін ЖСҚ әзірленеді. Жалпы «Оңтүстік жарық» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында жалпы 59,15 шақырым желілер жаңартылады деп күтілуде. Ауданның биылғы экономикалық ахуалы жоғары, абаттандыру, жарықтандыру, табиғи газ, тұрғындар тұтынатын табиғи ауыз су мұның бәрі де халықтың тұрмыс-салты мен әл-ауқатын дамыту мақсатында жүйеге қойылып жатқан жобалардың нәтижесі болмақ. Айта кетсек көшелерді жарықтандыру мақсатында жалпы құны 150,7 млн. теңге қарастырылған. Нәтижесінде аудандағы елді мекен140 көшелерінің жарықтандырылуы 20,6%-ға жетіп отыр. Биылғы жылдың жоспары бойынша 10 көшелерін толық жарықтандыру жоспарлануда, немесе көрсеткіш 22,1%-ға жоғарлайды.
Биыл ауылдарға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Ауылшаруашылығын қарқынды дамыту мақсатында түрлі жобалар жолға қойылып, қазіргі таңда олардың бірқатары орындалып үлгерді. Ауыл аманаты жобасы алыс шалғайдағы тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында жолға қойылған игі бастамалардың біріне айналды. Ауылшаруашылық саласы бойынша өңірлік өнімнің 59%-ы осы ауыл шаруашылығына тиесілі болып отыр. Сондай-ақ жалпы құны 68,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 2,2 млрд. теңгені құрады. Ал биыл өнімді 75,0 млрд. теңгеге жеткізу ерекше жоспарлануда, яғни өсім 4,0% құрайды. 2023 жылдың алдағы үш айында ауылшаруашылық саласына 7,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Салаға тартылған инвестиция былтыр 5,4 млрд.теңгені құраса биыл 2023 жылға жоспар 7,2 млрд. теңге, яғни 1,8 млрд. теңгеге арттыру жоспарланды. Есепті жылы салада жалпы 42 жоба іске асырылса, 2023 жылы 89 жобаны іске асыру межеленді. Жоғарыда айтып өткендей «Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен Бадам, Шұбар ауыл округтерінде 7 кооперативтермен іске асырылатын болады. Нәтижесінде 568 адам жұмыспен қамтылып, сүт 7,9 мың тоннаға, ет 962 тоннаға, құс еті 693 тоннаға, көкөніс өнімдері 300 тоннаға артады.
Сонымен қатар тұрғындардың кезекті жан айқайына айналған жол мәселесіне келер болсақ: Былтыр жол жөндеу жұмыстарына қатысты 47 жоба ұсынылып, аталған жобаларға 1 млрд. 679 млн. теңге жұмсалды. Нәтижесінде аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 39,1%-дан 73,6%-ға жетті, елді мекендердегі ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 45%-дан 48%-ға жетті, топырақ жолдардың үлесі 41,2%-дан 35,6%-ға төмендеді.Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 23 көше (20 жоба) және «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 27 көше (13 жоба) орташа жөндеуден өтеді. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 60%-ға жетеді. Биылғы жылы аудандық маңызы бар 4 жолға Қалаш, Дихан, Тоқсансай, Жайылма орташа жөндеу жұмыстары жүргізу мақсатында ведомстволық сараптама қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылады.
Ал жол қауіпсіздігі мәселесі бойынша былтырғы жылы аудан бюджеті есебінен автомобиль жолдары бойында 26 бейнебақылау камералары орнатылса, 2023 жылы жалпы саны 18 «Сергек» камералары орнатылатын болады. Нәтижесінде 2022 жылы орын алған қылмыстар 2021 жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендеген.
Ауданды көгалдандыру жоспары бойынша былтыр елді мекендерді абаттандыруға жалпы 20 жобаға 298,5 млн. теңге жұмсалды. Атап айтар болсақ саябақтар 1 жоба, тротуарлар 2 жоба, спорт алаңшалар 7 жоба, ойын алаңшалар 3 жоба, ортақ ауланы абаттандыру 6 жоба, ирригация жүргізу 1 жоба. Ал биыл 2023 жылы 2 жобаға және 14 жаңа жобаларға жалпы 448,8 млн. теңге бөлінді. Яғни саябақтар 1 жоба, тротуарлар 1 жоба, спорт алаңшалар 2 жоба, ойын алаңшалар 10 жоба бойынша жоспарлы түрде жұмыстар қарқын алуда.
Аудандағы әлеуметтік салаға тоқталар болсақ, Ауданға қарасты жалпы саны 70 мектеп бар, оның 66- мемлекеттік болса 4-і жекеменшік бағытта. Бүгінде білім ошақтарындағы оқушылар саны 37 449 жетті. Сонымен қатар ауданда 57 балабақша бой көтерген. Олардың 15 мемлекеттік болса қалған 42 жеке меншік бағытта жұмыс атқарады. Жалпы саны 8248 бүлдіршін тәрбиеленуде бұл дегеніміз 97%- ды құрап отыр. Сонымен қатар қосымша біліммен қамту көрсеткіші 64% (27037), 2023 жылы 90% жеткізу жоспарланды (29200). Ауданда жалпы үш ауысымды М.Исламқұлов атындағы бір мектеп бар.
Сонымен қатар Б.Нұрлыбеков атындағы мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді, ал С.Ысмаилов атындағы мектептің күрделі жөндеуі 2023 жылға өтпелі. 2023 жылы Ерназаров атындағы мектебі күрделі жөндеуден өтеді (2024 ж өтпелі). Барлық мектептер ішкі әжетханамен қамтылған және барлығы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.
«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 5 мектеп құрылысы үшін жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі алынды. Биылғы жылы 300 орындық Ақбұлақ мектебінің құрылысы басталмақ.
Ел экономикасының қарқынды дамуы үшін денсаулық саласының сапалылығын басты назарда ұстаған жөн. Ауданға жалпы саны 54 медициналық ұйымдар бар. Олар: (1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық емхана, 5 БМСП, 6 ДА, 25 ФАП, 13 МБ, 2 жеке меншік мед орталық, 1 жеке меншік оңалту орталығы). Айта кететіні ауданда биыл жеке инвестор есебінен бой көтерген «Роллан-мед» ЖШС Шұбарсу ауылында заманауи медициналық орталығы ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, былтырғы жылдан өтпелі 5 ФАБ құрылыстары аяқталады. «Ұлттық жоба» аясында 2 ФАБ құрылыстары басталады.
Ауданда аз қамтылған отбасылар саны 2152 құрайды. Яғни 12197 адамға 898,0 млн. теңге (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек төленді, 2021 жылмен салыстырғанда алушылар саны 182 отбасыға (515 адамға)кеміген. Мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында 22 шілде 2022 жылы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы құрылып, қызмет көрсетуде. Сонымен қатар аудан тұрғындары арасында жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың көрсеткіші бойынша 4,9% құрап отыр. Яғни өңірде 6137 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарлануда.
Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік жағдайын оңалту мақсатында өткізген кеңесінде экономика саласына қатысты аудандарда дерлік барлық маңызы бар дүниеге баса мән берілу керектігін қозғаған болатын. Сонымен қатар аудан басшылары сол жауапты аудандары жаяу аралап өз көзімен көріп іске көшуді тапсырған болатын. Ордабасы ауданында жалпы саны 44 мәдениет үйлері бой көтерген. Бүгінде аудан бюджеті есебінен Қарақұм ауылында мәдениет үйіне ыңғайластырылған ғимарат сатып алынып, мәдени ұйымдарының саны 45-ке жетті.
Былтырғы жылы аудан бюджеті есебінен 1 ауылдық клуб ағымдағы жөндеуден өтсе, 2023 жылы да 1 ауылдық клуб ағымдағы жөндеуден өткізіледі және 1 ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленеді. Спорт кешендері былтыр 236 болса, биыл 2023 жыл соңына олардың саны 242-ге жетеді деп жоспарлануда. Осы орайда биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауданда 3 спорт кешенінің құрылыстары жүргізіледі. Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 1 спорт зал ағымдағы жөндеуден өтеді, 3 спорт алаңы орнатылады, демеушілер есебінен 3 спорт зал 1 спорт алаңша пайдалануға беріледі.