ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 600- ГЕ ЖУЫҚ МҰҚТАЖ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛМАҚ

Биыл ауданда 600-ге жуық отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, маусым айында Сарыағаш қаласында 585 пәтерлі 13 көпқабатты тұрғын үй толық пайдалануға беріледі.  Аудан әкімі Арман Айдарұлының мәлімдеуінше, ауданда былтыр  31 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген. Ал биыл  өнеркәсәп өнім көлемін 34,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, былтыр негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 26,8 млрд. теңгені құрады. Ал 2023 жылдың қорытындысымен инвестиция көлемін 35,8 млрд. теңгеге жеткізу көзделген. Ал бөлшек сауда көлемі 50,7 млрд. теңгеге жетті. 2023 жылдың қорытындысымен сауда көлемін 52 млрд. теңгеге жеткізу межеленген».
Ауданда 2023 жылы 500 жаңа жұмыс орнын ашып, мүмкіндігі шектеулі 278 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған. «Еңбек» бағдарламасына 9703 азамат қатыстырылмақ. Сондай-ақ, биыл 12 455 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау көзделіп отыр.
Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға баса назар аударуды тапсырған болатын. Бүгінде ауданда Ауыл аманаты бағдарламасы аясында шаруаларды несиелендіру жұмыстары қарқын алып отыр. Жалпы несиелендіру 6 бағытта жүргізіледі яғни  олар  өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша іске асырылатын болады.

Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін 8,6 млн. теңгеге дейін несие 5 жылға дейін беріледі, ал мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 27,6 млн. теңгеге дейін 7 жылға дейін ұсынылады. Осы жоба аясында Сарыағаш ауданына қарасты  Жартытөбе, Жібек Жолы ауыл округтерінде бірқатар жұмыстар жүргізілу көзделіп отыр.

Сарыағаш ауданының  әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталсақ, аудандағы өнеркәсіп көлемі 31 млрд. теңгені құрайды. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6 млрд теңгеге артқан. Ал негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі  27 млрд. теңгені құрап, салыстырмалы түрде  10 млрд. теңгеге артты (2021 – 16,6 млрд. теңге). Былтыр 1,4 млрд. теңгеге жаңа 2 инвестициялық жоба іске асырылды. Мәселен  көшеттерді өсіру, электрошәйнектер және тұрмыстық еден тазалауыш бұйымдарын шығаратын цех).  Алдағы екі жылда 800 млн. теңгеге тағы да 1 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша жұмыстар пысықталуда. Яғни, Дарбаза кен орнының бентонит өнімдерін өнеркәсіптік игеру жобасы аясында Керамзит зауытының құрылысы жүргізіліп, 50 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша былтырғы жылы 119 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Оның ішінде мал шаруашылығы – 32 млрд. теңге. Егіс көлемі 71 мың гектарға егіліп, өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім 87 млрд. теңгені құрады. Биыл  ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде.  Осы жылдың төмендетілген бағамен 3 600 тонна дизель отыны бөлінді. Ендігі кезекте ауданның дала жұмыстарына техника көздерінің дайындығы биыл 94 пайызды құрап отыр. Айта кететіні Түркістан облысы бойынша 1 569 гектарда жылыжайлар бар болса, оның 50 пайызы немесе 800 гектары осы Сарыағаш ауданына тиесілі. Сонымен қатар қыз мезгілі жылыжай шаруашылығына теріс әсерін бергені есімізде, салдарынан  жылыжай иелері бірқатар қиыншылықтарға тап болған еді. Әкімдік тарапынан шұғыл түрде министрліктермен, Қазақстан Темір Жолы компаниясымен және көмір трейдерлерімен кеңестер өткізіп, жеткізілетін көмірдің көлемін ұлғайту бойынша келісімге келдік.

Сондай-ақ, басым дақылдардың өндірісін субсидиялау бойынша және «Кең дала» бағдарламасы шеңберінде арзандатылған несие беру бойынша ұсыныстар Үкіметке енгізіліп, қазіргі таңда министрліктерде қаралуда. Сонымен қатар, жалпы шаруалардың сұранысын ескере отырып, агро шаруашылығын субсидиялауға 7,6 млрд. теңге бөлінді.

Бұдан бөлек биылғы көрсеткіш бойынша «Аграрлық несие корпорациясы»  арқылы жылдық 5 пайызбен тауар өндірушілерге 4,8 млрд. теңге бөлінді. Осы орайда шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны 20 мыңнан жоғары, сондай-ақ, оларда 40 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Ел әлеуетін арттыру мақсатында экономикаға қатысты бірқатар жобалар мен жүйелер жолға қойылды. Мәселен  халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Сарыағаш ауданы бойынша былтыр 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды (226 тұрақты, 1835 уақытша). Былтырғы көрсеткіш бойынша  «Еңбек» бағыты бойынша былтыр 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 2 420 жұмыс орындары ашылды. Аудан әкімінің сөзінше жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстары өз жалғасын табатын болады. Биыл ауданда инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды бағыт алуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экономикасын арттыру мақсатында өткізген кеңесінде білімге баса назар аудару қажеттігін ескерткен болатын.

«Қазіргі заманда дамудың басты кілті – білім. Біз заман талабына барынша бейім, сондай-ақ жарқын болашақты өз қолымен қалайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. PISA халықаралық зерттеуіне қарасақ, еліміз соңғы 10 жылда орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде елуінші-алпысыншы орыннан көтерілген жоқ. Демек, жағдайымыз мәз емес.

Басты түйткілдің бірі – балалардың білімін біржақты бағалау. Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі. Оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуден алған бағасы мен мектептегі бағасы екі түрлі. Айырмашылық 30 пайыз немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай алшақтық халықаралық және ұлттық бағалау кезінде байқалады. Ашығын айтсақ, мұның бәрі жаппай белең алған көзбояушылықтың кесірінен болып отыр. Өзіңді өзің алдау жарға жығадын,- деді мемлекет басшысы.

Сарыағаш ауданында білім беру саласы бойынша 213 мектепке дейінгі ұйымдар, 92 мектеп бар.  Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 25 мыңға жуық бала қамтылған. Қазіргі уақытта білім беру ошақтарын көбейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Былтырғы есеп бойынша  Сарыағаш ауданына мектептер салу үшін бюджеттен 3,3 млрд. теңге бөлініп, 4 мектептің құрылысы аяқталды. Осы жылға бюджеттен 2,8 млрд. теңге бөлініп, 3 мектепті пайдалануға беруге жоспарлап отырмыз.  Сонымен қатар, былтыр 11 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 1,1 млрд. теңге қарастырылды, оның ішінде Жаңатұрмыс, Тасбұлақ, Тасқұдық, Жаңақұрылыс, Жібек жолы, Қызылжар, Көктерек, Ынтымақ, Сіргелі елді мекендеріндегі 9 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары «Ауыл Ел — бесігі» жобасы аясында жүргізілді.

Көктерек, Қызылжар, Ынтымақ, Сіргелі, Қапланбек елді мекендеріндегі 5 мектепті күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталады. Бұл мақсатта осы жылы 1,5 млрд. теңге қаралды. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттык ұлттық жобасы әзірленуде. Ауданда салынатын мектептер жаңа форматта салынбақ. Білім сапасы бойынша  замануи мектеп түлектерінің 90-95%-ы жоғары оқу орындарына грантқа, немесе шетелдегі ең мықты, танымал оқу орындарына түскен. Осы тәжірибені пайдалана отырып, жобаны барлық өңірде іске асыру көзделді. Аталмыш жоба аясында 10 жаңа мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Атап айтсақ, Сарыағаш қаласы Самал мөлтек ауданында
2000 орындық,  Еңкес, Көктерек, Ақүй елді мекендерінде, 1 200 орыннан 3 мектеп  Сарыағаш қаласындағы Телемұнара мөлтек ауданында, Дербісек, Жаскешу, Ынтымақ елді мекендерінде – 900 орыннан 4 мектеп, Таскескен ауылында – 600 орындық 1 мектеп, және Сарыағаш қаласы Оспанов көшесінде, 300 орындық мектептің кұрылысы жоспарлануда. Аталған мектептерді халық игілігіне 2024-2025 жылдары пайдалануға беру жоспарлануда.

Сарыағаш ауданында ауыз су мәселесі шешімін табуда. Мәселен былтыр 3 шалғай ауылдардадағы тұрғындар тіршілік нәріне жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы:

«Судың да сұрауы бар». Оны неғұрлым көп тұтынсаң, соғұрлым көп ақша төлейсің. Бұл – жұртты үнемшіл болуға үйрететін әділетті және қарапайым ұстаным. Дамыған елдердің тұрғындары әр нәрсенің қадірін біледі. Үнемшілдік олардың өмір салтына айналған. Тіпті, су мен жылуды ысырап етпеуді балаларға жастайынан үйретеді.

Біздің азаматтарымыз да осындай үнемшіл болуы керек. Әсіресе, суды үнемдеп тұтынуымыз керек. Мен су тапшылығының артып жатқанын ұдайы айтып жүрмін. Сарапшылардың пайымдауынша, 2040 жылға қарай суға деген сұраныс 50 пайызға артады. Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауызсуға зәру. Бұл – ауылдағы ағайын ғана емес, қала халқы үшін де өте өзекті мәселе.

Ірі шаһарлардың инфрақұрылымы жылдан-жылға артып келе жатқан сұранысқа жауап бере алмай отыр. Тіпті, Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Басты себептің бірі – құрылыстың көбеюі. Үнемшіл болмасақ, таза су беретін жаңа нысандарды іске қосқанмен, тапшылықты жоя алмаймыз»

Шынтуайтында судың да сұрауы болады. Биыл ауданда 8 елді мекенге геотерм серіктестігі барлау жұмыстары жүргізілуде.  Сонымен қатар, 5 елді мекенді Ақниет, Жонарық, Қанағат, Дербісек, Жаңатұрмыс  ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына осы жылы 2 млрд. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аймақты табиғи газбен қамту көрсеткіші қазіргі таңда 76,1 пайызды құрайды. Яғни 5 елді мекенді газбен қамтуға 2,2 млрд теңге қаржы көзделген. Олар: Жонарық, Жылға, Нурауыл, Ердәуіт. Сонымен қатар, 10 елді мекенді (Әлімтау, Жайдақ құдық, Көктал, Тасқұдық, Құрысай, Сарысу, Қарақалпақ және Қызыласу) табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы жақсарту мақсатында өткен кеңесте,

«Әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жолдарды жөндеу арқылы ауылдың тұрмыс сапасын жақсарту – әкімдердің басты міндеті. Ауыл тұрғындары таза сумен және тұрақты электр қуатымен толық қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ мобильді байланыс және интернет қолжетімді болуы керек. Елге қаптаған статистика емес, нақты нәтиже, жылдам интернет, сапалы байланыс керек» — деген болатын.

Ауданды сапалы электр жүйесімен қамту  бойынша 2022 жылы жалпы 18,3 шақырым электр желілері, 1043 электр бағаналары, 15 дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілген. Жол саласы бойынша былтыр 38 ішкі жолға (40 шақырым) орта жөндеу және 22 ішкі жолға шағал тас төсеу (43 шақырым) жұмыстары жүргізілген. 2023 жылы 26,5 шақырымды құрайтын 17 ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспары жүзеге аспақ.  «Ауыл Ел-бесігі» жобасы аясында Дербісек елді мекенінде электр жүйелерімен қамту жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады. (2021 жылы – 117,2 млн. теңге, 2022 жылы — 55,1 млн. теңге, 2023 жылы — 19,1 млн. теңге). Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 6 елді мекенді (Дархан, 51 разъезд, Дарбаза, Көктерек, Ердәуіт және Жемісті) тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде айта кететіні құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған. «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасы бойынша 2022 жылы жалпы 18 шақырым электр желілері, 1 043 электр бағаналары, 15 дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілді.

Биыл осы аталған жұмыстар жалғасын табатын болады.  Қоса кететіні Сарыағаш қаласындағы 13 көп қабатты тұрғын үйді ертерек пайдалануға беру мақсатында 3 дана септик орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жалпы құны – 125 млн. теңге. Биыл жолдарды жөндеу жұмыстары  бойынша 780 млн. теңге көлемінлде қаражат бөлінген. Нақтырақ Ақниет, Еңкес, Жаңаарық елді мекендерінде 27 көшеге жөндеу жұмыстары жасалатын болады.

 

Президент «Ұлттың дені сау және сауатты болуы – өте маңызды мәселе. Осыны ескермесек, экономиканы реформалау бос әурешілік болады. Бұл – мемлекеттің міндеті — деген болатын. Ендеше барлық ауданда сапалы медицинаға баса назар аударылуы тиіс. Осыған байланысты Сарыағаш ауданында 77 мекеме денсаулық саласында қызмет көрсетеді.  Сондай-ақ, ауданда көптеген құрылыс нысандары қолданысқа берілуге дайын. Айта өтсек деформациялық өсім бойынша Сарыағаш көш бастап тұр. Осы мәселеге қатысты Мемлекет басшысы Сарыағаш ауданында перзентханасы бар медициналық кешен салуды тапсырды. Ол кешен облыстың оңтүстік аймағындағы бірнеше ауданның тұрғындарына қызмет көрсетеді. Мұның бәрі тұрғындардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізері сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *