Түркістан облысының солтүстік бөлігінде орналасқан Созақ ауданының өзіндік ерекше тарихы бар. Бүгінде ел-жұрт ауданды ТеріскеСозақ өз тарихында бірнеше хандықтың ордасы болған. Ұлы Жібек жолының Теріскейдегі өте дамыған сауда орталығына айналған. Сауда-саттықпен айналысу мақсатында көптеген өзбектер Қоқаннан, Бұхардан, Қашқардан, Түркістаннан, Сунақ және Қарнақтан Созақ пен Шолақорған шаһарларына қоныс аударған екен.
«Созақ» атауының өзіндік мағынасы бар екенін білдіңіз бе? Созақ жері қасиетті жер, мұнда бірнеше әулиелер өткен, аты аңызға айналған Созақты неше түрлі аңыздар кезіп жүр. «Созақ» сөзі ескі кітап жазбаларында да кездеседі және онда ол Хунзак Туркте «Ұзақ Жер», «Ұлы жер» деген мағынаны білдіреді. Ескі түркі тілінде Созақ «Халық тұратын мекен», «Манзилгох» деген мағынаны білдіреді. Бірақ, Созақ атауының қалай шыққандығы туралы нақты деректер жоқ. Созақ шаһарының атауының шығуы жайлы жергілікті тұрғындар арасында мынадай аңыз таралған.
Сол замандарда Созақ шаһарының төңірегі сазды болып, осы саздың бетінде көлшік болып су жатқан. Қарт-қариялар ХХ ғасырдың орта тұсында бұл су біршама азайғанымен оның сақталғандығын, ол суға көктем айларында құстар ұшып келетінін айтады. Сондай-ақ бұлақ көздері де көп әрі мол сулы болған. Жергілікті халық саз бетіндегі суды «Зәк суы» — дейді. Осыдан «суызәк» деген сөз пайда болып, ол «Созақ» атауына айналған болуы мүмкін деген деректер бар. Ендеше осы ерекше тарихты бойына сіңірген Созақ ауданының экономикасына тоқталсақ.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданы тұрғындарымен кездескен болатын. Облыс әкімі өңірді дамытуда осындай кездесулердің маңыздылығына тоқталып, тұрғындармен ақылдаса отырып атқарылған жұмыстар жемісті болатынын атап өтті.
– Алдыңғы аптада ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдауында болдым. Мемлекет басшысы облысты әрі қарай дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Бүгінгі кездесуде проблемалар ашық айтылып, әділетті түрде шешу жолдарын қарастырамыз. Мақсатымыз – Президентіміз ұсынған «Әділетті қоғам» идеясы жолында шынайы еңбек ету. Түркістан облысын дамытуда сіздердің еңбектеріңіз мол. Ауданды дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. – деді Дархан Сатыбалды.
Тасты, Жуантөбе, Қаратау, Сызған, Құмкент, Жартытөбе ауылдары мен Қыземшек және Таукентте дәрігерлік амбулатория ғимараттарының жылыту қазандықтары жаңартылған. Аудандық орталық ауруханасына 57 млн. теңгеге реабилитациялық медициналық құрал-жабдықтар сатып алынған. Жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына 32 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шолаққорған ауылындағы «Ақшам» және «Наурыз» шағынаудандарының су құбыры желілерін салуға қаржы бөлінген.
Қазақстан Републикасында келесі деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, орындалады және дербес бюджеттер болып табылады: республикалық бюджет, облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеттері, аудан бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.
Ауданның «2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджеті» Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес дайындалған және аудандық мәслихаттың өткен жылғы 23 желтоқсандағы №145 шешімімен (Аудандық әкімдіктің 6 ақпан 2023 жылы №17 қаулысымен өзгерістер енгізілген) бекітілді. Онда экономикалық саясатты, қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер жүзеге асыратын мемлекеттік жергілікті уәкілетті орган –экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының жобасын 5-жылдық кезеңге әзірлеу. Бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік өтінімдерін аудандық бюджет комиссиясының қарауына беру. Ағымдағы қаржылық жылғы 1 қарашадан кем емес уақытта аудандық бюджет жобасын әзірлеу, бір мезгілде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтыру жобаларын, жергілікті бюджет жобасына енгізілген шешімді ашатын түсіндірме жазбаны ұсынады. Облыстық мәслихатпен облыстық бюджетті бекіту туралы шешімге қол қойылғаннан кейінгі екі аптадан кем емес мерзімде мәслихатпен үш жылдық кезеңге аудан бюджетін бекіту.
Ауданда білім беру саласы бойынша 37 мектепке дейінгі ұйымдар, 35 мектеп бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 9 мың бала қамтылған. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттык ұлттық жобасы аясында салынатын мектептер қатары көбеюде. Замануи мектеп түлектерінің 90-95%-ы жоғары оқу орындарына грантқа, немесе шетелдегі ең мықты, танымал оқу орындарына түскен. Жоба аясында Шолаққорған ауылында 900 орынға арналған орта мектептің кұрылысы ағымдағы жылы басталып, 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар Ыбырай ауылында Құрманғазы атындағы орта мектептің құрылысына 937 млн. теңге бөлініп, пайдалануға биыл тапсырылады деп жоспарлануда.
Ауданда жалпы саны 33 медициналық мекеме қызмет көрсетеді. Тасты, Жуантөбе, Қаратау, Сызған, Құмкент, Жартытөбе ауылдары мен Қыземшек, Таукентте дәрігерлік амбулатория ғимараттарының жылыту қазандықтары жаңартылды (құны 15,6 млн. теңге). Өткен жылы аудандық орталық ауруханасына 57 млн. теңгеге Реабилитациялық медициналық құрал жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ, аурухананың Жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына 32 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандағы Балдысу, Қарабұлақ, Саржаз, Басбұлақ ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған ауылдар 2025 жылға дейін орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Осы жылы Шолаққорған ауылындағы Ақшам және Наурыз шағын аудандарының су құбыры желілерін салуға 500 млн. теңге бөлінді. Жалпы жобаның құны 1,5 млрд. теңгені құрайды. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Шолаққорған мен Жеткеншек ауылдарында ТАБИҒИ ГАЗ өткізу үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 7,7 млрд. теңге. Созақ ауданы аумағындағы елді мекендер толық орталықтандырылған ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІМЕН қамтамасыз етілген. Өткен жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес Созақ, Қайнар, Бабата ауылдарына 12 шақырым электр желілері мен 4 дана трансформаторлар ауыстырылды.
Сонымен қатар Шолаққорған ауылының 16 көшесіне электр желілері жүргізіліп, 10 дана жаңа трансформаторлар мен 388 дана жарықтандыру шамдары орнатылды. Биыл аталған жұмыстар жалғасын тауып, елді мекендер сапалы электрмен қамтамасыз етіледі.
Созақ ауданы еске түскенде ауыл дамуға бет алған шаруашылығы еріксіз еске оралады. Мәселен аталмыш салада жалпы өнім көлемі 19,7 млрд. теңгені құрады. Ауданға төмендетілген бағамен 195 тонна дизель отыны бөлінді. Сондай-ақ, агро шаруашылығын субсидиялауға облыс бойынша 7,6 млрд.теңге бөлінді. Ауданда 763 жұмыс орындары ашылды. Жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстары өз жалғасын табатын болады.
Аудандағы әр саланың қарқынды дамуы әрине көңіл қуантады. Оңтүстік өлке малшаруашылығы мен егіншілікке етене жақын сондықтан да Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Тұран су» ШЖҚ МКК су нысандарын күтіп ұстауға реттеуге, механикалық тазалауға қажетті заманауи техникаларды сатып алды. Жалпы құны 1 млрд. теңге болатын 17 техника ендігі жерде өңірдің су және ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша серпін береді деп күтілуде. Ұлыбритания мен Жапонияның «JCB»,«HITACHI» компанияларының 10 шынжыр табанды және 2 дөңгелекті, заманауи эксковаторын мамандар жоғары бағалап отыр. Оған қоса бульдозер және өзге де техникалар ел игілігіне қызмет етпек.
Кенбай Икембаев, Созақ ауданының тұрғыны: «Мен бастапқыда ұялы телефоннан, интернеттен көріп, үйрендім. Сосын Талдықорғандағы аяқ киім тігетін кәсіпорында бір ай жұмыс істедім. Ол жақта осы кәсіппен айналысатындар көп екен. Көп нәрсе үйрендім», — дейді жас кәсіпкер.
