Түркістан облысының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан табиғаты шырайлы Шардара әлеуеті жағынан өте жоғары аудан саналады. Мұнда жағажай туризмін, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға мол мүмкіндіктер бар. Алайда аудан мен ауылдарды дамыту жұмыстары қарқынды дамып келеді. Бұлай дейтініміз ауданда бірқатар кәсіпкерлік нысандар бой көтеріп, қазіргі таңда олардың біразы қолданысқа берілген. Шежірелі Шардара – қойнауы қазына, жері құтты мекен, облыстың оңтүстік бөлігіндегі қарқынды дамып келе жатқан аудан. Тарихы тереңде жатқан өңірде балығы тайдай тулаған, шағаласы шаңқылдап көк аспанда ойнаған Шардара су қоймасы бар. Бұл – өңіріміздің көз қуанышы, еліміз үшін стратегиялық нысан.
Осы уақыт аралығында аудан экономикасын дамыту үшін жан-жақты талдаулар жүргізілді. Ауданның ішкі потенциалын ескере отырып, атқарылатын жұмыстардың 4 басым бағыттары айқындалды. Атап айтқанда: Балық шаруашылығын, өңдеу өнеркәсібін дамыту. Ауылшаруашылығы және туризм салаларын дамыту. Жүзеге асыру үшін бірқатар мүмкіндіктері бар. Мәселен, арзандатылған электр энергия
(11 теңге 1 квт/сағ), жер және су қорының жеткілікті болуы, Жаушықұм массиві, Шардара су қоймасы, Қызылқұм магистралды каналы, табиғи газбен қамтылуы, жұмысшы күшінің жеткіліктілігі, туристік тартымдылық және т.б.
Балық шаруашылығын дамыту. Бүгінгі таңда ауданда 5 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. 420 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл зауыттар жылына 5600 тонна балық өнімдерін өңдеп, 5,5 млрд. теңгенің өнімін экспорттайды. Жұмысшыларының орташа жалақылары 200 мың теңгені құраса, мемлекет кірісіне шамамен 600 млн.теңгедей салық төлейді. Шикізаттың 90 % астамы (4880 тн) өзге өңірлерден тасымалдануда. Сырттан тасымалданатын шикізатқа тәуелділікті азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнімділікті артыру мақсатында өткен жылы құны 380 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 770 тонна балық өнімдерін өндіретін және 33 адамды жұмыспен қамтитын 5 жоба жүзеге асты:
Олар: ЖК «Томай» инкубациялық әдіспен балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «А.Байқошқаровтың» инкубациялық әдіспен және тоғанда балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). «Молдияр» ЖШС торлы шарбақта балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «М.Бекарыстанәлі» торлы шарбақта балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «А.Әлібаев» тоғанда балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған).
Ал 2023 жылы қуаттылығы жылына 1700 тонна балық өнімдерін өндіретін және 87 адамды жұмыспен қамтитын
1710 млн. теңгеге 13 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жоба іске асқан жағдайда 120 млн.теңге салық төлеп, орташа айлық жалақы 200 мың теңге құрайды.
Нақтырақ айтсақ, ЖК «Т.Жалғасбаевтың» балықтан жем және май дайындау жобасы.
«Vita» ЖШС-нің балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы.
ЖК А.Байқошқаровтың инкубациялық цех салу жобасы.
«Хамит» АӨК-нің балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы.
ЖК «Томайдың» балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы. ЖК «Әлібаев Асан» тоғанда балық өсіру жобасы. «Молдияр» ЖШС-нің тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК Б.Смайыловтың торлы шарбақта балық өсіру жобасы. ЖК «Қарақаттың» тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК «М.Базыловтың тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК «Ж.Жақсылықтың торлы шарбақта балық өсіру жобасы.
ЖК «Томайдың» инкубациялық әдіспен балық өсіруді кеңейту жобасы ( қуаттылғын 500 тоннаға дейін арттыру).
Жоғарыда айтып өткеніміздей ауданның балық шаруашылығын дамыту бағыты қарқынды. Былтырғы жылы тұрғындар осы салаға субсидияларды қарастыруды сұраған болатын. Облыстық бюджеттен осы мақсатта биыл 500 млн. теңге қарастырылып отыр. Сонымен қатар, инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға республикалық бюджеттен 226 млн. теңге бөлінді.
Ауданның өнеркәсіп көлемі биыл 17,6 млрд.теңгені құрап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3 млрд. теңгеге артқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 35,5 млрд. теңгені құрап, есепті кезеңмен салыстырғанда 5,8 млрд. теңгеге ұлғайды. Құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын жаңа инвестициялық жобалар (күрішті терең өңдеу цехы, инкубациялық цехтар және т.б.) іске асырылып, 118 жаңа жұмыс орындары ашылды. Осы жылы 3,6 млрд. теңгеге 7 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Яғни, тігін фабрикасы, мақтаны өңдеу және май шығару зауытының құрылысы және өзге де жобалар бойынша 200-ден астам жұмыс орны ашылады.
Биыл 2023 жылы құны 860 млн. теңгені құрайтын, 98 адамды жұмыспен қамтитын 8 жоба жүзеге асады. Жоба іске асқан жағдайда 91 млн.теңге салық төлеп, орташа айлық жалақы 180,0 мың теңгені құрайды.
Олар: ЖК С.Мамбетовтың тауарлы сүт өнімін өңдеу, құрт шығару цехы.
ЖК Е.Досмамбетовтың ешкі сүтін өңдеу жобасы. ЖК Д.Бектасовтың бетон өнімдерін шығару зауыты. ЖК Н. Қоянбаевтың наубайхана және кондитерлік өнімдер шығару жобасы. ЖК А.Надирбековтың тұрмысқа қажетті химиялық заттарды шығару жобасы. ЖК Т.Жалғасбаевтың балықтан жем және май дайындау жобасы. ЖК Тоқбайдың еврозабор, брусчатка құрылыс материалдары шығару жобасы.
Кәсіпкерлік саласы. Іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілері 8637 бірлікті (102,5%) құрап, онда 10726 адам жұмыспен қамтылды (103,5 %). Өндірілген өнім 9,5 млрд.теңгені құрады (128,4%). Несиелендіру жұмыстары. Аудандағы кәсіпкерлер мен шаруаларды қолдау мақсатында «Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ арқылы көктемгі дала жұмыстары үшін 72 жоба 185,9 млн. теңгеге қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» аясында
36 жоба 1,8 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде 1 жоба мақта өңдеу зауытына 1,0 млрд. теңгеге, балық шаруашылығы саласына 1 жоба 110,0 млн. теңгеге, 1 жоба балабақша құрылысына 42,0 млн. теңгеге, қалған жобалар ауылашаруашылығы саласына бағытталған. Нәтижесінде 184 азамат жұмыспен қамтылды. Ауданның ауылшаруашылық саласында өткен жылы 60,5 млрд.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Олардың ішінде мал шаруашылығы – 10 млрд.теңгені құрап отыр. Егістік көлемі бойынша 57,8 мың гектарға орналастырылып, өсімдік шаруашылығының өндірілген өнімі 50,5 млрд.теңгені құрады. Биыл ауылшаруашылығын жан-жақты дамытуға мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілуде. Осы жылға төмендетілген бағамен 2,8 мың тонна дизель отыны бөлінді. Сонымен қатар, жалпы агро құрылымдардың сұранысын ескере отырып, агро шаруашылығын субсидиялауға 7,6 млрд.теңге бөлінді. Бұдан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 5 пайызбен тауар өндірушілерге 8,8 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта бұл қаражатты 10 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында Шардара ауданы бойынша ірі жобамыз бар. Өздеріңізге белгілі, суармалы жерлер кепілді мол өнім беретін, қайтарымы жоғары, ауыл шаруашылығының «алтын қоры» болып есептеледі. Осы мақсатта, суармалы жер көлемін ұлғайтуда «Жаушықұм алқабын игеру» жобасы жүзеге асырылуда.
Шардара су қоймасына арнайы сорғы насостар орнатылып, жаңа каналға су жеткізілетін болады. Нәтижесінде, 12,2 мың гектар суармалы жер игеріліп, егіншілікпен қатар, қайта өндеу, жылыжай, балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Жоба толық іске асырылған кезде жылына қосымша 14 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде.
Жер телімдерін игеру мақсатында биыл Шардара ауданында 60 мың гектар жерге дәнді-дақылдар егілді. Шардара ауданында биыл 57 800 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Атап айтқанда, күздік бидай – 1100 га, жаздық арпа – 1500 га, күріш – 1200 га, дәндік жүгері – 3560 га, маш – 670 га, мақта – 11200 га, ескі жоңышқа – 20010 га, жаңа жоңышқа – 4100 га, сүрлемдік жүгері – 4250 га, картоп – 250 га, көкөніс – 600 га, бақша – 9360 га. Бүгінге дейін күздік бидай, жаздық арпа, жаңа жоңышқа мен картоп 100%-ға егілді. Көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. 2023 жылы мақтаның егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4443 гектарға азайтылды. Оның орнына мал азығы және бақша дақылдарын егу көлемі артады. Ауыл округтері бойынша осы жылғы көктемгі егіске байланысты сор шаю мен ылғалдандыру (сор шаю – 15643 га, ылғалдандыру – 20974 га) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Қызылқұм магистралды каналы арқылы (КМК) 20 м3/сек ағын су босатылуда. Сор шаю жұмыстары 100% орындалған. Қалған 20974 га егістік алқапқа ылғалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Ағын су жеткізіп беруде мәселелер жоқ. Биыл шыбын-шіркей мен мен зиянды жәндіктерге қарсы Түркістан облысы бойынша тиісті шаралар қолданылуда. Шардара ауданында да аса қауіпті зиянкестермен күресу үшін ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық штаб құрылды. Аса қауіпті марокко шегірткесі мен басқа зиянкестерге қарсы 2480 га өңдеу жұмыстары жоспарлануда.
Жергілікті атқарушы органдардың ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдауында болған кезде, облысты әрі қарай дамытуды тапсырған болатын. Осы тұрғыда аудандағы кезекті өзектілігі жоғары мәселе мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі; Жаушықұм ауылын газдандыру – жеткізуші және таратушы газ құбырын салу жүргізілуде, осы жылға 100 млн. теңге қарастырылған. Келесі жылы аяқталады (сұрақ
2 рет көтерілген); Төменгі тоғай мөлтек ауданын газдандыру – жеткізу және орамішілік газ желілерін салу жүргізілуде, 2021-2023 жылдары 647 млн. теңге бөлінген, осы жылы аяқталады; Алатау батыр ауылында аурухананы күрделі жөндеуден өткізу – ЖСҚ-ға сараптама жүргізілуде; Ақшеңгелді ауылдық округіндегі 4-К-2-9, 4-К-2-8, 4-К-3-7, 4-К-4-4 каналдарын күрделі жөндеуден өткізу – 450 млн. теңге қаралды, жалпы құны – 2,2 млрд. теңге; Шардара қаласы, Шардара-Абай тас жолы бойындағы 4-ші шағын ауданында жаңадан мектеп салу – «Жайлы мектеп» пилоттық жоба аясында 1200 орындық мектептің құрылысын бастау жоспарланған; «Наурыз» шағын ауданында электр желілері қуатының жетіспеушілігі – ЖСҚ әзірленген, республикалық бюджеттің нақтылауына бюджеттік өтінім ұсынылып, қолдау таппады; Шардара ауданындағы барлық қашыртқыларды әсіресе Көксу, Қ. Тұрысбеков ауылдық округтеріндегі, механикалық тазалау – Көксу ауылдық округінің қашыртқыларын тазалау үшін 400 млн. теңгеге бюджеттік өтінім облыстық бюджеттің нақтылауына ұсынылды; Көксу ауылындағы тозығы жеткен Т. Айбергенов мектеп-гимназиясының ғимаратына күрделі жөндеу – ЖСҚ әзірленуде.
Ауданда денсаулық сақтау саласы бойынша жалпы саны 30 мекеме қызмет көрсетеді. Былтыр жалпы құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын 150 келушіге арналған қалалық емхана құрылысы аяқталды. Мәдениет саласы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жаушықұм елді мекенінде мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарына 397 млн. теңге қаралды. Жұмыстар осы жылы аяқталады.
Тұрғындардың келесі бір өзекті мәселесі аудандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына тоқталсақ, Қоссейіт ауылы мен Шардара қаласының 4 шағын ауданында инженерлік инфрақұрылым салынуда. Осы жылға 269 млн. теңге бөлінді. Қызылқұм ауылының тұрғындарына тіршілік нәрі жетті. Жобаға жалпы 288 млн. теңге бөлінген және бұл жоба 2023 жылы пайдалануға берілмек. Ауданда көгілдір отын мәселесі тағы бар. Былтыр Шардара қаласын және Шардара ауылын газдандыру үшін республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы 973 млн.теңге қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстары осы жылы толық аяқталып, Шардара қаласы мен Шардара ауылының тұрғындары толығымен табиғи газбен қамтылатын болады. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жаушықұм елді мекеніне газ құбырларын тарту жұмыстарына 100 млн. теңге қаралды. Сонымен қатар ауданды электрлендіру жұмыстарына бюджеттен 308 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр. Былтыр «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылған еді. Нақтырақ айтсақ, Қ.Тұрысбеков ауыл округінде 4,2 шақырым электр желілері толығымен ауыстырылды; Шардара қаласында 7,5 шақырым электр желілері толығымен ауыстырылды. Биылғы жылы аталған жұмыстар жалғасын табатын болады. Нәтижесінде Шардара ауданына қарасты елді мекендер сапалы электрмен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, аудандағы маңызды мәселелердің бірі жол мәселесі. Жолдарды жөндеу үшін бюджеттен былтырғы жылы 800 млн. теңге бөлініп, Шардара қаласы мен ауылдық округтердегі елді мекендерде 53 шақырым немесе 46 нысан жөндеуден өткізілді. Осы жылы бұл мақсаттарға 1 млрд. 96 млн. теңге қаржы жоспарланып, 23 шақырым немесе 45 нысан жөндеуден өткізілетін болады. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылы Достық, Шардара, Жаушықұм елді мекендерінде 17 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 480,3 млн. теңге бөлінді.
