ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА 35,6 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Түркістан облысының орталық бөлігінде орналасқан Бәйдібек ауданының  халық саны 54 030 адамды құрайды. Ауданға тиесілі 52 елді мекен 11 ауылдық округ орналасқан. Орталығы шаян ауылы. Инфрақұрылым бойынша Бәйдібек ауданында 17 елдімекен табиғи газбен қамтылған. Олар — Шаян, Шалдар, Жамбыл, Ақбастау, Екпінді, Шыбыт, Боралдай, Тасқұдық, Сарқырама, Ынтымақ, Мыңбұлақ, Қайнарбұлақ, Бестоғай, Мәдениет, Қосбұлақ, Жүзімдік, Ақбұлақ елдімекендері.   «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 220 млн. теңге бөлініп, Жамбыл елді мекеніндегі 18 шақырымды құрайтын 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жамбыл-Шаян» және «Бірлік-Сарқырама-Шалдар» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысандар толық пайдалануға берілді. Боралдай және Жоғарғы Боралдай елді мекендерінде жалпы құны 671 млн. теңгеге инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілді. Шаян ауылындағы кітапхананың құрылысына 200 млн. теңге және Бәйдібек ата, Ағыбет елді мекендерінде дене шынықтыру кешендерінің құрылысына 443 млн. теңге қаржылары толық бөлінді. Алмалы елді мекеніндегі тозған электр бағаналары ауыстырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес қазан айында жүргізілді.  Биыл  Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жоспарлануда. Несиелендіру алты бағыт  жүзеге асырылатын болады: ол өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша іске асырылатын болады. Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін 8,6 млн. теңге несие 5 жылға дейін беріледі, ал мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 27,6 млн. теңге 7 жылға дейін ұсынылады. Бәйдібек ауданында бұл бағдарламаны пилоттық режимде Алғабас, Ақбастау ауыл округтерінде іске асыру жоспарлануда.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы  өнім көлемі былтыр 1,4 млрд. теңгені құрап,алдыңғы  жылмен салыстырғанда 67 млн. теңгеге артты. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 21,6 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 7,1 млрд. теңгеге артты. (2021 – 14,5 млрд. теңге). Алдағы екі жылда жалпы құны 6,4 млрд.теңгеге                8 жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған жобалар іске асқан жағдайда, 73 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Ауылшаруашылық саласы бойынша  былтыр 35,6 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Оның ішінде мал шаруашылығы – 17 млрд. теңге. Егіс көлемі 103,5 мың гектарға орналастырылып, өсімдік шаруашылығының өндірілген өнімі 18 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осы жылға төмендетілген бағамен 9,3 мың тонна дизель отыны бөлінді. Сондай-ақ, агро шаруашылығын субсидиялауға облыс бойынша 7,6 млрд. теңге бөлінді. Осыған байланысты ауданның шаруалары егінді жаңбырлатып суғару тәсіліне көшті.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көктемгі дала жұмыстарын сапалы атқару, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта өңірдегі аудандарда ауқымды жұмыс атқарылып келеді.
Бәйдібек ауданындағы шаруа қожалықтар жаңбырлатып суғару әдісін қолға алуда. АҚШ-тың «Valley» жаңбырлатып суғару қондырғыларын Бәйдібек ауданында алғашқылардың бірі болып өткен жылы «Еrnur корпорация» ЖШС орнатты. Аталған шаруашылық 95 гектар алқаптың 50 гектарына жергілікті жоңышқа, 20 гектарына арпа, 20 гектарына бидай және 5 гектарына «Сорго» жүгерісін егіп, мол өнім алған. Аталған жұмыстар биыл да жалғасын табуда.
Биыл аудандағы «Елнұр-Ғ» ЖШС жоба құны 145,3 млн. теңгеге Көктерек ауылдық окуругі аумағындағы 95,0 гектарға жаңбырлатып суғару қондырғысын орнатып, арнайы ұңғыма қазып, егістік алқабын суғаруда. Сондай-ақ Алғабас ауылдық округінен «Customs Logistics Services» ЖШС 146 гектар егістік алқапқа күндік мөлшері 12 гектар жерді суғаруға болатын «FENGLIAN» JP 75-400 барабанды түрдегі суғару технологиясын қолдануға арналған қондырғысын орнатты.
Жоба құны 18 млн. 900 мың теңгені құрайды. Көктерек ауылдық округінен «Махмут-М» ӨК және «Мұрсалы» ШҚ жалпы аумағы 200 гектар жерге жоба құны 160 млн. теңгеге DYP-388 жаңбырлатып суғару технологиясын іске қосты.
Жаңбырлатып суғару тәсілінде жалпы суғару нормасын қажетінше реттеуге мүмкіндік туады. Тек топырақ ылғалданып қоймай, танапқа жанасқан ауа қабатының ылғалы артып, өсімдіктерге тиімді микроклимат пайда болады. Танапты мұқият тегістеу қажеттілігі болмайды. Сумен араластырып, тыңайтқыштар мен әртүрлі дәрілерді беруге болады.
Жалпы Бәйдібек ауданында қазіргі таңда жаңбырлатып суару құрылғысын алуға қызығушылық танытып жатқан шаруашылықтар саны артуда. Бүгінде аталған техниканы алу үшін 2 шарушалық құжаттарын әзірлеп жатыр.
Ауданда шағын және орта бизнес орталықтарының саны 5 мыңнан асып, қазіргі таңда 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Бәйдібек ауданы бойынша былтыр 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды (99 тұрақты, 931 уақытша). «Еңбек» бағыты бойынша былтыр 3 200 адам жұмыспен қамтылды (жоспар – 2 347). Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 536 жұмыс орындары ашылды. Жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстары өз жалғасын табатын болады.
Бәйдібек ауданында жалпы саны 50 білім ошағы бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымарда 2 890 бала қамтылған. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттык ұлттық жобасы әзірленуде. Аудан орталығы Шаян ауылында 300 орындық 1 жаңа мектептің кұрылысы жоспарлануда. Бұл мектептің құрылысы ағымдағы жылы басталып, 2024 жылы пайдалануға беріледі. Ауданға қарасты Шақпақ ауылындағы дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті. Бұл нысанның жұмысына 459 млн. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау мекемелерінен 10 аурухана, 5 емхана, 41 фельдшерлік-акушерлік пункт, сан.-эпидемиол, тубдиспансер жұмыс жасайды.

Аудан халқын таза ауыз суымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аудандағы 51 елді мекеннің 43 елді мекені (84,3 пайызы) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Биыл 2023 жылы Шақпақ елді мекеніндегі пайдаланымдағы тозығы жеткен ауыз су жүйесіне қайта құру жұмыстарына өткен жылы республикалық бюджеттен 503 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта Ақжар елді мекенінің жаңа ауыз су жүйелерінің құрылысына 117 млн. теңге қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстары осы жылы аяқталады. Сонымен қатар, Жаңаталап, Жұлдыз елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жер асты су қорына зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал көгілдір отын жүйесі   17 (33,3%) елді мекен қамтамасыз етілген. Қосымша 16 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 4,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, жыл соңына дейін 4 елді мекенде құрылыс жұмыстарын аяқтап, газға қосу жоспарлануда.  Бәйдібек ауданына қарасты елді мекендер толық орталықтандырылған электрлік жүйесімен қамтылған.

Өткен  жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды. Жалпы 25,6 шақырым электр желілері тартылып, 372 дана темірбетон және 186 ағаш бағаналары орнатылды. Бұдан бөлек 3 дана қосалқы трансформатор подстанциялары ауыстырылды (жалпы қуаты 300 кВа). Биыл да аталған жұмыстар жалғасын табатын болады. Нәтижесінде Бәйдібек ауданы сапалы электрмен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, аудандағы маңызды мәселелердің бірі  сапалы жолдар жүйесі. Осы сала бойынша тұрғындардан бірқатар өтініштер түскен. Биыл  «Ауыл Ел-бесігі» жобасы аясында Ақбастау, Ағыбет, Ақтас елді мекендеріндегі ұзындығы 29 шақырымды құрайтын 14 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына 653 млн. теңге қаралды. Сонымен қатар биыл  836 млн. теңге 15 көшеге (Шаян елді мекеніндегі 14, Ақбұлақ елді мекеніндегі 1 көшеге) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Ауданда өмір сүретін тұрғындардың басым көпшілігі қазақтар, дегенмен  Бәйдібек көпұлтты аймақ саналады. Себебі Халықтың негізгі бөлігі — қазақтар 98,1%, күрдтер 0,8% т.б. 18 ұлт өкілдері тұрады. Ірі елді мекендері Шаян ауылы (8,6 мың адам), Ақбастау (3,4), Боралдай (3,0), Шақпақ (2,7), Мыңбұлақ (2,0), Кеңестебе (1,8) т.б.

Мемлекет басшысы:

«Даңқты отандастарымызды, спортшыларымызды, мәдениет қайраткерлерімізді, ғалымдарымыз бен студенттерімізді, кәсіпкерлерімізді шыққан тегіне қарамастан, шетелде үнемі қазақтар деп атайды. Бұл – табиғи құбылыс. Солай болуға тиіс.

Біздің қоғам – ортақ идеалдар мен құндылықтар біріктірген еркін әрі жауапкершілігі мол азаматтардың одағы. Бұл – жалпыұлттық бірегейлігіміздің тағы бір жарқын көрінісі. Сондықтан бүгінде азаматтарымыздың барлығы өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының, шын мәнінде, қазақ ұлтының мүшесі сезінеді.

Біз бәріміз – бір отбасымыз. Бұл – артық айтқандық емес. Бұл – біздің шынайы болмысымыз. Осы ретте біз мақтаныш ететін этномәдени әралуандығымыз ешқайда жоғалып кетпейді. Керісінше, біртұтас азаматтық негіз есебінен нығая түседі. Елімізде түрлі мәдениет дәстүрлері жалпыұлттық бірегейліктің берік іргетасы болып қаланатын өзімізге тән айрықша өмір сүру салты қалыптасты. Осынау ерекше бірегейлігіміз уақыт тезіне төтеп беріп, қоғамдық сананың өзегіне айналды

Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені, Отаны болып саналады. Бұл – табиғи үрдіс»,- деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, киелі мекеннің  шығыс бағытында 1139 агроқұрылым, өндірісте 117 ОҚ, 128 ЖШС, 975 шаруа қожалықтары тіркелген. Батыс ауданында 2003 ж. егіс көлемі 80 мың гектарға жетіп 20,7 мың сиыр, 248 мың бас қой мен ешкі: 9,5 мың жылқы, 0,5 мың түйе болды.

Бүгінде аудандағы 16 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 4,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жыл соңына дейін 4 елді мекенде құрылыс жұмыстарын аяқтап, газға қосу көзделіп отыр. Былтыр Бәйдібекте негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 21,6 млрд. теңгені құрап, ол алдыңғы  жылмен салыстырғанда 7,1 млрд. теңгеге артты. Алдағы екі жылда жалпы құны 6,4 млрд. теңгеге 8 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы саласында 35,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданы тұрғындарымен кездескен болатын. Жиын барысында ауданды, облысты дамыту бағытындағы жұмыстар мен алдағы жоспарлар баяндалды. Облыс әкімінің бәйдібектіктермен былтырғы кездесуінде маңызды ұсыныстар беріліп, бірқатары орындалған болатын. Атап айтсақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 220 млн. теңге бөлініп, Жамбыл елді мекеніндегі 18 шақырымды құрайтын 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жамбыл-Шаян» және «Бірлік-Сарқырама-Шалдар» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысандар толық пайдалануға берілді. Боралдай және Жоғарғы Боралдай елді мекендерінде инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілген. Шаян ауылындағы кітапхананың құрылысына және Бәйдібек ата, Ағыбет елді мекендерінде дене шынықтыру кешендерінің құрылысына қаржылары бөлінді. Алмалы елді мекеніндегі тозған электр бағаналары ауыстырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары қазан айында жүргізілді. Сонымен қатар «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында былтыр Жолғабас елді мекеніндегі мектепке қосымша ғимараттың құрылысы және Ағыбет елді мекеніндегі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел өтініші орындалған.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды:

«Жалпы, сіздер көтерген барлық сұрақтар біртіндеп өз шешімін табуда. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыру кезінде қосымша уақыт қажет. Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, Бәйдібек ауданында өнеркәсіп пен инвестиция көлемін арттыру керек. Аудан басшысы осы бағытта жұмысты жандандыруы тиіс. Оған мүмкіндік бар. Облыс тарапынан қолдау болады. Мен негізі Бәйдібек ауданына жиі келіп тұрамын. Бұл жақтан елге танымал тұлғалар шыққан. Тұрғындары өте қабілетті. Ауданның әлеуеті зор деп есептеймін», – деді Дархан Сатыбалды.

Кездесуде тұрғындар екі мектепті күрделі жөндеуден өткізу, газ тарту, жол салу және өзге де мәселелерді қозғады. Бұл түйткілдер шешілетін болды. Облыс әкімінің жеке қабылдауындағы мәселелер де назарға алынды. Ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 мыңнан асып, қазіргі таңда 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Бәйдібек ауданы бойынша былтыр 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша 3 200 адам жұмыспен қамтылған. «Жайлы мектеп» жобасы аясында Шаян ауылында 300 орындық 1 жаңа мектептің кұрылысы жүреді.

Жалпы ауданның инфрақұрылымдық көрсеткіші жыл сайын өсуде. Ел экономикасына әсер ететін аудандардың бірегейі болғандықтан, ауданның барлық саласына айырықша көңіл бөлінгені дұрыс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *