ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА БИЫЛ ӨНІМ КӨЛЕМІ 135,0 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі биыл  135,0 млрд теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,9 млрд теңгеге немесе 104,6%-ға артты (2021 жылдың 12 айында 129,1 млрд. теңге). Оның ішінде, ауылшаруашылығы саласының үлесі 46,7%-ды құрап отыр. 2023 жылы жалпы өндірілген өнім көлемін 143,9 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Айта кетейік жалпы  Шардара ауданы бойынша  жалпы халық саны
84 264 адам, аудан аумағы 1 283,2 мың га  құрайды. Ауданның құрамына 1 қала және 10 ауылдық округі, жалпы 25 елді мекен кіреді. Ауданның ұлттық құрамы: қазақтар – 96,8%, өзбектер – 0,2%, орыстар – 2,0% және өзге ұлттар – 1,0%. Жалпы халықтың 49,5 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 46,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар жұмыссыздығы 4,1% құрады. Өткен жылдың қорытындысымен жергілікті бюджетке жоспардағы 3 707,2 млн. теңгенің орнына 3 762,6 млн. теңге  түсіп, жоспар 101,5% немесе  55,4 млн. теңгеге артық орындалған.

Бюджет шығысы бойынша жоспардағы 20 839,7 млн. теңгенің  немесе 99,1% игерілді. Объективті себептермен 194,8 млн. теңге жаңа бизнес-идеяларға берілетін грант салалық министрлік тарапынан «Бизнес.енбек.кз» ақпараттық жүйесінен өтінім қабылдауға рұқсат берілмеуіне байланысты игерілмеген. Ауданда өнеркәсіп саласы бойынша  өткен жылы 17,6 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда 105,1% құрады. Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімін шығарудың нақты көлемінің индексінің үлесін 103,2% жеткізіп, жалпы 19,6 млрд.теңгенің өнімін өндіру жоспарлануда.

Аудандағы өнеркәсіп бойынша былтыр өндірілген өнім көлемінің жоспары  4,7 млрд.теңгеге артығымен орындалған. (Жоспар 12,9 млрд.теңге). Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 35,5 млрд.теңгені, НКИ 117,7% құрады. Биылғы жылға бұл көрсеткішті  45,5 млн.теңгеге жеткізу жоспарлануда.  (2021 жылдың 12 айында орындалуы 29,7 млрд. тенге) (облыс бойынша – 739,5 млрд. теңге, НКИ – 108,6 %, үлесі – 4,8%).

Өткен жылы – 35 496,4 млн. теңге, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен есебінен 8 246,0 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен 814,0 млн.теңге,  меншікті қаражаты есебінен 22 974,5 млн.теңге, банктердің кредиттері есебінен –
3 461,9 млн.теңге. 2022-2027 жылдары жалпы құны 40,8 млрд.теңгені құрайтын 23 жобаны іске қосып, 1025 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу қолға алынды. Бүгінгі таңға 4 жоба іске асқан (құны 2,1 млрд.теңге, 163 жұмыс орны ашылды). Жыл соңына дейін құны 3,6 млрд.теңгені құрайтын 6 жоба іске асып, 187 адам жұмыспен қамтылады. 2024-2027 жылдарда қосымша құны 35,1 млрд теңгені құрайтын 13 жоаба жүзеге асырылады (675 жаңа жұмыс орны).  Ағымдағы жылы ауданда 57 800 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, мол өнім алынды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 60,5 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,2 % құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығы 10,1 млрд. теңге, НКИ 97,8%, өсімдік шаруашылығы –  50,0 млрд.теңге,   НКИ-103,1 %, балық шаруашылығы, қызметі 0,4 млрд.теңге.

Ағымдағы жылы ауданда 57 800 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, мол өнім алынды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі  60,5 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,2 % құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығы 10,1 млрд. теңге, НКИ 97,8%, өсімдік шаруашылығы –  50,0 млрд.теңге,   НКИ-103,1 %, балық шаруашылығы, қызметі 0,4 млрд.теңге. Өткен жылы  1010 га күздік бидайдан 3040 тонна, 1530 жаздық арпа дақылынан 4340 тонна, 8494 га бақшадан  224 240 тн, 21 183 га ескі және жаңа жоңышқадан 211 857 тн,  табиғи, дала шөптерінен 129 050 тн, сабан 5120 тн, 4250 га сүрлемдік жүгеріден 150 400 тн, 3510 га  дәндік жүгеріден 22 815, 600 га күріштен 4810 тн, 670 га маштан 1065 тн, 15643 га мақтадан 45 448 тн, 250 га картоптан  5250 тонна, 660 га көкөністен 23 310 тн  өнім жиналды.

Биыл 2023 жылы 57 800 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру болжамы бар.  Атап айтқанда: күздік бидай – 1100 га, жаздық арпа – 1500 га, күріш – 1200 га, дәндік жүгері – 3560 га,
маш – 670 га, мақта – 11200 га, ескі жоңышқа – 20010 га, жаңа жоңышқа – 4100 га, сүрлемдік жүгері – 4250 га, картоп – 250 га, көкөніс – 600 га, бақша – 9360 га.

  Жаушықұм алқабын игеру. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту, жерлерді ұтымды пайдалану, өнімді арттыру, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында  Шардара су қоймасынан механикалық әдіспен Жаушы құм алқабының 12192 га жерді суландыру жобасы іске асырылуда. Жоба құны 10,8 млрд. теңге. Бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан 1-2-ші  насос станцияларында топырақ  қазу жұмыстары мен  3,5 шқ инспекторлық жол салу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 30 техника, 50 адам жұмылдырылған. Жоба толығымен іске асқан жағдайда 12192 га жер айналымға қосылып, 6 мыңға жуық адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады.
12 млрд  теңгеге жуық ауыл шаруашылығы өнімі өндірілетін болады.

Шардара ауданында «Ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының Ауданда ПУИД-2 (ИДЖЖ-2) жобасы  аясында Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент ауыл округтеріндегі 20630,0 га суармалы егістік алқаптарда орналасқан ағын су нысандарын (каналдар, қашыртқылар, гидротехникалық құрылыстар және т.б.) қайта құрылымдаудан өткізу үшін  тиісті жұмыстар қолға алынған. Бүгінгі таңға ағын су каналдарын қайта құрылымдау жұмыстарының 68% пайызы
(136 шқ), ағын су қашыртқылары тазалау жұмыстарының 33% аяқталған (141 шқ). Жобаның жалпы құны: 23,4 млрд. теңгені құрайды. Іске асу мерзімі: 2019-2023 жылдар. (2022 жылға 6 млрд, 2023 жылға 9,6 млрд. теңге). Жалпы жөндеуден өтетін каналдардың ұзындығы – 311,7 км, оның ішінде: бетонмен қапталатын – 199,5 км, каналдарға орнатылатын қондырғылар – 1285 дана, қашыртқыларды механикалық тазалау – 404,8 км, қашыртқыларға орнатылатын қондырғылар – 273 дана. Құрылыс жұмыстарына 60 дана техника,
200 адам қатысуда.

«АУЫЛ — АМАНАТЫ» пилоттық жобасына 4 ауылдық округі енгізілді. Атап айтқанда:

  1. Қ.Тұрысбеков а/о 1 кооператив ұсыныс білдіріп балық шаруашылығын (көлдерде, тоғандарда, торлы шарбақтарда (садковое выращивание) тауарлы балық өсіру, балық шабақтарын өндіру және т.б.) дамытуды жоспарлап отыр.(Несие алуға 40 азамат ниет білдірген)
  2. Алатау батыр а/о 1 кооператив мал шаруашылығын (кіші мал бордақылау алаңдарын құру, мал басын көбейту, етті бағытта құс шаруашылығы дамыту және т.б.) дамыту жоспарлауда. (Несие алуға
    47 азамат ниет білдерген)
  3. Көксу а/о 1 кооператив мал шаруашылығын дамытуды жоспарлауда. (Бүгінгі күнге несие алуға 76 азамат құжаттарын дайындауда)

4.Сүткент  а/о 1 кооператив мал шаруашылығын (кіші мал бордақылау алаңдарын құру, мал басын көбейту, етті бағытта құс шаруашылығы дамыту және т.б.) дамыту бағытын таңдаған. (Бүгінгі күнге несие алуға 35  азамат құжаттарын дайындауда).

Айта кетейік «Ауыл — Аманаты» пилоттық жобасы бойынша қатысушылар саны күн сайын ұлғаюда. Шардара ауданының жалпы жер көлемі 1 287 200 гектар. (Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 199 893 га, елді мекен жерлері
9 232 га, қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 15 156 га, орман қорының жерлері 909 325 га, су қорының жерлері 88 446 га, арнайы жер қоры 63 131 га, өзге жерлер 2 042 га). 2022 жылы 13,4 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 13,4 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар 100% орындалған.

2023 жылға жоспар 40,0 мың гектар белгіленген. Осы ретте жұмысшы топпен зерделеу жұмыстары жүргізіліп ауылдық округтерді жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен жайылым мәселесі шешілетін болады. Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 16,0 млрд.теңгені, нақты көлемінің индексі 103,0%-ды құрап отыр.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 20,5 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,5%-ды құрады. Оның ішінде тұрғындар есебінен – 20,5 мың ш.м 101,5%  (2021 жылдың
12 айында 20,2 мың ш.м., оның ішінде тұрғындар есебінен – 20,2 мың ш.м) (облыс бойынша – 864 127 шаршы метр, НКИ – 104,6%, үлесі – 2,4%, 13 орын). 2022 жылы құны 412,1 млн.теңгені құрайтын 5 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оның 1-і пайдалануға берілсе, 4 нысан бар олар:

«Шардара қаласы судан құтқару бекеті ғимаратының құрылысы» нысан 2022 жылдың қыркүйек айында пайдалануға тапсырылды. Конкурстық құны – 22,8 млн. теңге. «Қос Сейіт елді мекеніне инженерлік инфрақұрылымының құрылысы (Сумен жабдықтау және электр желілерінің құрылысы 2 нысан)» нысаны. Нысандарды пайдалануға тапсыру 2023 жылдың осы мамыр айында жоспарланып отыр. Конкурстық құны – 69,1 млн. теңге.

«Ұзын-Ата ауылдық округі, Сапарова көшесі, № 20 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимараттың құрылысы» нысаны. Нысанды пайдалануға тапсыру 2023 жылдың тамыз айында жоспарланып отыр. Конкурстық құны – 117,2 млн. теңге. «Шардара қаласы 4-ші мөлтек ауданына инженерлік инфрақұрылым құрылысы (су желісі 2-кезең)» нысаны. Нысанды пайдалануға тапсыру 2023 жылдың мамыр айында жоспарланып отыр. Конкурстық құны – 203,0 млн. теңге.

Ал ағымдағы жылы құны 278,1 млн.теңгені құрайтын «Шардара қаласы 4-ші мөлтек ауданына инженерлік инфрақұрылым құрылысы (су желісі 3-кезең)» жүруде.

Сонымен қатар Шардара ауданындағы 25 елді мекеннің 18 елді мекені ауыз сумен қамтылған. (ауыз сумен қамтылу деңгейі 95,97%).

7 елді мекеннің экономикалық жағынан тиімсіз болып танылған. (Пішентөбе,  Құйған, Бағыскөл — Қуанқұдық, Бозай, Беймырза, Шабырлы). Бүгінде Ұлттық қор есебінен «Қызылқұм ауылының ауыз су беру торабы құрылысы» жүргізілуде. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі. Жоба аяқталған кезде аудан бойынша құбыр суымен қамтылған халықтың үлесі 98,0% құрайтын болады. Шардара қаласының тұрғындары ауыз суды Шардара су қоймасынан (ашық көзден) пайдаланады. Жылдың шілде-қыркүйек айларында су қоймадағы судың деңгейі  төмендеп,  сапасы мүлдем нашарлайды. Мәселені шешу үшін Шардара қаласынан 30 шақырым қашықтықта, құмның ішінде орналасқан су қоры жеткілікті, су сапасы сынақтан өткен, «Тама» ұңғымасы жер асты суы анықталды. Жергілікті бюджет есебінен 30 млн. теңгеге ЖСҚ-ы мен ТЭН-і дайындалды. Жоба құны шамамен 15 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңға сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. Сараптама қорытындысы алынған соң қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылатын болады.

Аудандағы 24 елді мекеннің 9 елді мекені және Шардара қаласындағы 9 шағын ауданы табиғи газ жүйелерімен қамтылған (қамтылуы 77 %), 6 елді мекеннің экономикалық тұрғыда тиімсіз болып танылған. (Бағыскөл, Арнасай, Пшентөбе, Бозай, Бимырза, Шабырлы). Бүгінгі таңға Шардара қаласындағы 5 шағын ауданды және
2 ауылдық округтегі 3 елді мекенді табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. (Шардара қаласындағы Төменгі тоғай, Ақбала, Майқала, Абай, Қызылжар, Жаушықұм а/о, Жаушықұм, Қалғансыр елді мекені, Қ. Тұрысбеков а/о Шардара ауылы).

Нәтижесінде аудан халқының 97,7% табиғи газбен қамтылады.  Бұдан бөлек 6 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етуді қажет етеді. Атап айтқанда:

-1 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірленген. (Ақберді е/м).

2 елді мекен ЖСҚ әзірленуде ( Қуан-құдық е/м, Айдаркөл қашар е/м).

-3 елді мекенді табиғи газбен қамтуды қажет етеді. (Баспанды, Жоласар, Құйған)

 Бүгінде Шардара қаласы тұрғындарының 27% кәріз жүйелерімен қамтылған (қолданыстағы канализция желінің ұзындығы
36 шқ). Шардара қаласын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құны 906,9 млн.теңгені құрайтын қаланың Қызылжар, Майқала, Абай, Ақбала шағын аудандарының кәріз желілерінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілген соң қала тұрғындарының 51% сарқынды су желісімен қамтылатын болады (қосымша 31 шқ желі іске қосылады). Алдағы 2024-2026 жылдары Шардара қаласының тұрғындары толықтай сарқынды су желісімен қамтылатын болады. Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 719,5 шқ, оның ішінде қанағаттанарлық жағдайда 84,3% құрап отыр.

Жолдарды жөндеу үшін бюджеттен былтыр 869 млн. теңге бөлініп, Шардара қаласы мен ауылдық округтердегі елді мекендерде 54,9 шқ құрайтын 44 көше жөндеуден өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін 38,2 шақырымды құрайтын
51 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық жағдайға жолдардың үлесін 87,0% жеткізу жоспарлануда. Бұл мақсаттарға ағымдағы жылы 1164,1 млн.теңге қаржы жоспарланды. 2022 жылы аз қамтылған 782 отбасыларға немесе
4701 адамға 292,5 млн.теңге (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек төленді, оның ішінде 384 адам жұмыспен қамтылды. Ал, 2023 жылдың 1 тоқсанында 514 отбасы, 3176 адамға 94,3 млн. теңге төленді.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылы 3998 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 161,5%-ға орындалды. 2023 жылға жоспар 2796 азаматты құраса, 1-тоқсанға 1362 жұмыссыз азамат бағдарламаға тартылды.

Белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламасы аясында 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Шардара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 600 –ден астам зейнеткерлерге және 200 мүгедектігі бар азаматтарға 12 қызмет түрін көрсетуде.

Алдағы уақытта ауданның алыс шалғайдағы зейнеткерлерге орталықтың қызметтерін алуға тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда. Аудандағы жартылай стационарлық үлгідегі психоневрологиялық потологиясы бар және тірек-қозғалысы аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар «Рахым сауап» мүгедектер қоғамы» ҚБ-і ғимаратының сыйымдылығына қарай 40 азаматқа әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Шардара ауданы бойынша 31 мектеп (31 мемлекеттік),  19515 оқушы бар. 41 балабақшада (17 мемлекеттік, 23 жеке меншік, 1 шағын орталық) 4636 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Мектептердің информатика кабинеттері 3837 компьютермен жабдықталған, нәтижесінде 1 компьютерді пайдаланатын оқушы саны 5,47 бірлікке жетті. Аудан мектептерінің телефонмен байланысы және интернет желісін пайдалану 31 мектептің барлығында орнатылған. Өткен жылы «Шардара  мектеп-лицейіне» облыстық бюджеттен 254,9 млн теңге қаржы қаралып, ғимарат күрделі жөндеуден өтті. 30 мектепке 83,7 млн теңге қаржы қаралып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда 2 мектептің құрылысын жүргізу қолға алынды. Жобаға сәйкес, 1500 оқушы заман талабына сай мектеппен қамтылады (Шардара қаласындағы 4-ші мөлтек ауданына 1200 орындық, Өтеғұл мөлтек ауданына 300 орындық). Аталған мектептерге жер телімдерінің мемлекеттік актілері және тиісті техникалық шарттары алынып рәсімделді.

Ауданда 1 орталық аурухана, 1 — ауылдық аурухана бөлімше, 1 қалалық емхана, 1 БМСК орталығы, 13 дәрігерлік амбулатория,  14 медициналық  пункттер ел игілігіне жұмыс атқаруда. Кадрлық құрамы жағынан 112 дәрігер, 482 орта буынды медициналық қызметкерден тұрады, оның ішінде ­­60% жоғарғы санатты мамандар халыққа медициналық көмек көрсетеді. 2022 жылы құны 1571,0 млн. теңгені құрайтын, 150 келушіге арналған Шардара қаласында емхана құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, Алатау батыр, Достық ауылдарында орналасқан медициналық мекемелерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жасалған Жобалық сметалық құжаттарын мемлекеттік экспертизадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.  Ауданда 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 2 спорт клубы орналасқан, аталған мекемелерде спорттың 25 түрі дамытылып, 6 мыңнан астам баламен жұмыс жасауда. Бүгінде ауданда түрлі спорттан 122 әлем чемпионы, 107 әлем чемионаттарының жүлдегерлері бар. Өткен 2022 жылы ауданнан 37 әлем чемпионы, 107 әлем чемпионаттарының жүлдегерлері шықты.

2023 жылы жергілікті бюджеттен Шардара қаласы, Қ.Тұрысбеков, Көксу және Достық ауылдық округінен кіші футбол, волейбол, воркаунт алаңшалары салынып, ауыл жастарына пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы демеушілер есебінен Шардара қаласындағы «Шардара Армспорт спорттық-сауықтыру кешенінде» бокс, дзю-до, таэквондо залдары ашылды.

Шардара ауданына қарасты 10 мәдениет мекемелер (аудандық мәдениет үйі-1, ауылдық мәдениет үйі-9), 16 кітапханалар (оның ішінде 2 аудандық, 2 қалалық, 12 ауылдық), 1 тілдерді оқыту және дамыту орталығы  халыққа қызмет көрсетеді. Бүгінде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылысы 2022 жылы басталған құны 397,7 млн.теңгені құрайтын Жаушықұм ауылдық мәдениет үйінің құрылысы (150 орындық) жүргізілуде. Нысан осы жылы пайдалануға беріледі. Осы бағдарлама аясында Қызылқұм ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеудің құжаттары дайындалып (құны 347,8 млн.теңге), қаржыландыру үшін салалық басқармаға ұсынылды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *