ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ЭКСПОРТТАУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ АРТУДА

Биыл 2023 жылы Түркістан облысында өңір экспорттаушыларының «QazTrade»  АҚ, «KazakhExport» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдерінің қатысуымен өңірлік экспорттық мәселесі бойынша кеңес өтті. Сонымен қатар Түркістан индустриалды аймағында шұлық және костюм шығару жобасы, Өзбекстанға ет экспорттау, Отырар ауданында жүгеріні терең өңдеу зауытын салу жобалары бірте-бірте жолға қойылуда. Қырғызстанның Ош облысымен іскерлік және ынтымақтастық байланыстарды нығайту жол картасы бойынша ынтымақтастық орнады. Форум барысында келіссөздер мен тәжірибе алмасу жиындары өтіп, кәсіпкерлердің идеялары тыңдалды.

Өңірлік экспорттық кеңесі аясында Сауда және интеграция министрлігі мен  «QazTrade»  АҚ тарапынан экспорттаушыларды қолдау құралдары туралы түсініктемелер берілді, сондай-ақ, өңір экспорттаушыларын мазалап жүрген сұрақтарға жауаптар берілді. Түркістан облысының тауар айналымы өткен жылдың 12 айында 1511,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  18,3% жоғары. Экспорт көлемі 21% ұлғайып, 932,5 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт құрылымында негізгі үлесті ет және ет өнімдері, ұн, балық филесі, трансформаторлар және басқа да тауарлар алады. 2023 жылғы 16 ақпанда Түркістан облысында өңір экспорттаушыларының, әкімдіктің, «QazTrade» АҚ, «KazakhExport» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдерінің қатысуымен өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы хабарлады.  «Asiadistillery» ЖШС, «Асыл-Ltd»  ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Ордабасы Нан»  ЖШС, «АУЕС» өндірістік кооперативі, «INSAF LTD»  ЖШС, «Юг Азия Экспорт»  ЖШС, «Golden Camel Group LTD»  ЖШС, «CG Foods Central Asia»  ЖШС, «Береке»  ЖШС, «Астық сауда»  ЖШС, Өңірдің көптеген экспорттаушыларды «QazTrade»  АҚ белсенді ынтымақтасады және қолдау өтінім мақұлданды. Өтеудің жалпы сомасы 313,5 млн теңгені құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 11 кәсіпкерлік субъектісінен яғни олар «Asiadistillery»  ЖШС, «Асыл-Ltd» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты»  АҚ, «Ордабасы Нан»  ЖШС, «АУЕС»  өндірістік кооперативі, «INSAF LTD»  ЖШС, «Юг Азия Экспорт» ЖШС, «Golden Camel Group LTD»  ЖШС, «CG Foods Central Asia»  ЖШС, «Береке» ЖШС, «Астық сауда»  ЖШС «Жалғасбаев Талғат Серікбайұлы» ЖК, «Вита-фреш КЗ» ЖШС, «SERKUN»  БӨК, «Статус-Эверест»  ЖШС. Сондай-ақ, «QazTrade» АҚ бизнесті экспорттық қызметке дайындықтың толық циклін қамтитын қаржылық емес қолдау шаралары туралы хабардар етті (Экспорттық акселерация бағдарламасы, Alibaba.com платформасына шығу, Сауда-экономикалық миссиялар. Халықаралық көрмелер, Qaz Trade Academy). Өңірлік экспорттық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бизнес өкілдері экспортты мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктерін қолдану жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігіне қызығушылық білдірді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев Қазақстан Президентінің желтоқсандағы Өзбекстанға сапары аясында кол қойылған инвестициялық келісімдер мен сауда келісім-шарттарын іске асыруды талқылады. Тараптар бірқатар жобаның орындалу барысы қанағаттандыратыны туралы айтты. Мәселен Ташкент облысында мультимодальды логистикалық орталықтың құрылысы бойынша техникалық- экономикалық негіздемені әзірлеуге шарт жасалды, наурыз айының басында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шартқа қол қою жоспарлануда. Жобаны іске асырудың 2026 жылға дейінгі бірінші кезеңі $70 млн көлемінде инвестиция тартуды көздейді. Тағы бір перспективті бірлескен жоба Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында, яғни Түркістан облысында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығын құру. Қаңтар айынын сонында тараптар ХӨКО-ның орналасқан жерін алдын ала келісіп, нысанды «Атамекен» (Қазақстан) және «Гүлстан» (Өзбекстан) халықаралық өткізу бекеттерін салу және уағдаластықтарды жақын арада бекіту жоспарланып отыр.

ҚР вице-премьері өзбек серіктестеріне Қырғызстанмен шекарада осындай сауда-логистикалық хаб салу туралы айтып, Өзбекстаннан келген инвесторлар мен кәсіпкерлерді осы жобаға қатысуға шақырды. Өз кезегінде Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев оны бірлесіп іске асыруға қызығушылық білдірді. Сондай-ақ кездесуде тараптар алмастырылатын өнімді жүйелі жеткізуді ұйымдастыру үшін бірлескен сыртқы сауда компаниясын құру тұжырымдамасын бекітті. Жұмыс тобының қатысушылары энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, электротехника өнеркәсібі және машина жасау, инфрақұрылымдық құрылыс, фармацевтика, химия салалары саласындағы кооперациялык және инвестициялық жобалардың орындалуын қарастырды. Іске асыру барысында олардың кейбіреулері өзгерістер енгізуді талап етті. Кооперациялық жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу және импортты алмастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу жөніндегі қазақ-өзбек жұмыс тобының келесі отырысы 2023 жылғы наурызда Шымкентте өтеді.

Түркістанда етіп жатқан «KazAgro/KazFood Turkistan 2023» көрме-жәрмеңкесі аясында  «AgroForum Turkistan 2023» халықаралық форумы өтіп жатыр. Форумға еліміздің ірі инвесторлары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері және әлеуетті кәсіпкерлер қатысуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде ауыл шаруашылығын дамыту бағытында ірі жобалар жүзеге асатынын мәлімдеді. Форумның маңызды екеніне тоқталды.

— Сіздерді бірінші кезекте жыл бастауы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Түркістан облысы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ең қолайлы өңірлердің бірі. Облыстың аграрлық секторында 74 мың агроқұрылым жұмыс істеп жатыр. Өңірдің 1 миллионға жуық ауыл тұрғынының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде аграрлық саланың әлеуеті өте үлкен екендігін атап өткен болатын. Осы тұрғыда Түркістан облысы құрылғалы бері ауыл шаруашылығының өсімі тұрақты даму үстінде. Соңғы 5 жылда жалпы өнім көлемі 2 есеге дейін ұлғайып, 1 трлн. теңгеден асты. Өнімділікті арттыруда жаңа технологиялар енгізіліп жатыр, ауыл шаруашылығы кешенінің тиімділігін арттыру жоспары жасалды. Суғармалы жерді тиімді игеру, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, шикізат секторынан дайын өнім секторына ету, макта кластерін дамыту бойынша нақты жоспарларымыз бар. Қайта өңдеу саласында 2023-2027 жылдары 329 млрд. теңгеге 110 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, жыл сайын 230 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі. Бүгінгі форум ауыл шаруашылығы саласын дамытып, маңызды жобаларға жол ашылады деп сенемін,- деді Дархан Сатыбалды. Форумда Түркістан облысы әкімдігі мен отандық және шетелдік инвесторлармен агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 257 млрд. теңгені құрайтын 10 келісім меморандумына қол қойылды. Бірнешеуіне тоқталсақ, қызанақ өнімдерін өндіру және май комбинатын салу кластерін құру бойынша «Русагро» АҚ-мен, Шардара ауданында жүгеріні терең өңдейтін крахмал-сірне зауытын салу бойынша «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС-мен, Арыс қаласында және Сайрам ауданында ет кластерін құру бойынша «Turkestan Agro.kz» ЖШС-мен, Мақтаарал ауданында мақта- тоқыма кластерін құру бойынша «Global Textile Solutions» компаниясымен меморандумдар жасалды. <Түркістан» индустриалды аймағында шұлық және костюм шығару жобасы, Өзбекстанға ет экспорттау. Отырар ауданында жүгеріні терең өңдеу зауытын салу. Қырғызстанның Ош облысымен іскерлік және ынтымақтастық байланыстарды нығайту Жол картасы бойынша да меморандумдарға қол қойылды.

Сонымен қатар агросала табысын арттыру жолдары талқыланды. Түркістан облысында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 336 млрд. теңгеге жеке инвестициялар тартылды. Жалпы, республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз етуде облыс алдынғы қатарларда. Өндірілген мақтаның 100 пайызы, жүзімнің 74 пайызы, бақшаның 59 пайызы, жеміс-жидектің 35 пайызы, мақсарының 29 пайызы, жүгерінің 26 пайызы, көкөністің 24 пайызы және еттің 11,4 пайызы, сүттің 12 пайызы Түркістан облысының үлесінде. Облыста барлығы 875 мың гектар егіс алқабы бар, қазіргі уақытта оның 98 пайызы пайдаланылып жатыр. Қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Бұл салада өнімділік 5 есеге артып, бір гектардан 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда. Қазіргі уақытта, облыстағы қарқынды баулардың көлемі 4,6 мың гектарды құрайды. Өңірде жылыжай шаруашылығын дамытуға қолайлы Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандарынан 100 гектардан агроаймақ құрып, 2027 жылға дейін 500 гектар жаңа жылыжай кешендерін жүзеге асыру жобасы әзірленіп, жүзеге асады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру арқылы рентабельді дақылдарға алмастыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл облыстың оңтүстік аймақтарында қосымша 2 мың гектарға дәндік жүгері, 1 мың гектарға бұршақты дақыл (маш) егіледі. Аталған дақылдарды өткізу нарықтарымен қамтамасыз ету үшін Шардара ауданында құны 26 млрд. теңгеге («Шардара-Агро» ЖШС) жүгері ендейтін кәсіпорын ашылады. Бұл зауытта Түркия және Франция елдерінің технологиясымен жылына 100 мың тонна жүгері өңделеді. Мақта-тоқыма кластерін дамыту бағытында 2027 жылға дейін облыста 12 кәсіпорын ашып, мақта талшығының 100 пайызын терең өндеуден өткізу көзделіп өндейтін кәсіпорын ашылады. Бұл зауытта Түркия және Франция елдерінің технологиясымен жылына 100 мың тонна жүгері өңделеді. Мақта-тоқыма кластерін дамыту бағытында 2027 жылға дейін облыста 12 кәсіпорын ашып, мақта талшығының 100 пайызын терең өндеуден өткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Қазақстанда жасалған» (Made in KZ) жалпыұлттық жобасын іске қосу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдау және өндірісті дамыту, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Түркістан облысының әкімдігі, облыстың жергілікті тауар өндірушілері мен сауда желілері арасында 7 үшжақты меморандум жасалды. Атап айтқанда олар: «Бөрте милка» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, «Ақжол» ЖШС, «Ордабасы құс» ЖШС, «Бес қара» ЖШС, «Айқан» ЖШС. Түркістан ет комбинаты ЖШС және 8 сауда желісімен: «Small», «Халық», «Магнум», «Бәйтерек», «Шанырак», «Нұрай», «Қазына», «Дастархан». Аталған жобалардың іске асырылуы өңірдің дамуына үлкен серпін береді. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашекеев Брюссельге сапары аясында еуропалык комиссарлармен кездесті. Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы жөніндегі еурокомиссар Януш Войцеховскиймен келіссөздер барысында ел Үкіметінің ЕО-мен сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі кеңейтуге дайындығын атап өтті. Нақтырақ айтқанда, отандық балық өнімдерін Еуроодақ елдеріне экспорттау туралы сөз болды. Сонымен қатар  Франция және Швейцария қазақстандық балық өнімдерін сатып алатыны туралы келісім бар. Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі балық өнімдерінің ЕО елдеріне экспорты 1,5 есеге артып, 8,7 мың тоннаны құраған. Негізгі тұтынушылар Польша, Словакия, Чехия, Нидерланды, Литва, Латвия, Дания, Австрия және Германия болды. Сондай-ақ, еліміз еуропалық нарыққа бал, жылқы еті, сиыр еті мен сүт өнімдерін жеткізуге қауқарлы.  Ал Еуро комиссар Стелла Кириакидеспен кездесу барысында Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сауданы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. «Биыл күшіне енген микробқа қарсы препараттарды профилактикалық мақсатта қолдануға тыйым салу туралы Еуропалық заңнамаға енгізілген өзгерістер еуропалық мемлекеттерден Қазақстанға асыл тұқымды малды экспорттау кезінде қиындықтар туғызады», деді кездесуде Ербол Қарашөкеев.

Осы мәселені реттеу үшін министр екіжақты ветеринариялық сертификаттарға өзгерістер енгізуді сараптамалық деңгейде пысықтауды ұсынды. Сондай-ақ, АШМ басшысы Қазақстанға жануар ауруларының келу қаупін азайту бойынша бірлескен шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті. Мал шаруашылығын дамытудың түрлі бағдарламалары аясында елге Еуропалық Одақ елдерінен 57 мың асыл тұқымды мал әкелінді. Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30%-ы ЕО-ның үлесіне тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 35,6%-ға өсіп, 995,5 млн долларды құраған. Қазақстанда зығыр, бидай, рапс және өңделген дәнді дақылдардың экспорты да ұлғайған. Балыққа бай өңір Түркістан облысы. Мұнда тауарлы балық шаруашылығы (акваөсіру) ерекше дамыған. Бүгінде аймақ өсірілетін балық көлемі бойынша бірінші орында тұр. Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытудың өңірлік жоспары бекітілген. Биыл облыс көлемінде 6640 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланып отыр. Қазір өңірдің тауар өндірушілері жылына 2 мың тоннаға жуық балық өнімін көрші елдерге экспорттайды. Яғни, Түркістан облысының балық өнімдерін Франция мен Швейцарияға экспорттау мүмкіндігі ашылды.

Жакында Премьер-Министрдің орынбасары сауда және интеграция министрі Серік Жұмангарин Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының мақта және жылыжай көкөністерін өндірушілерімен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады. Түркістан өңірі Қазақстанда мақта өсіретін және жылыжай шаруашылықтары ең көп шоғырланған жалғыз аймақ. Жалпы ауданы 844 га республикадағы жылыжайлардың 67%-ы оған тиесілі. Жыл сайын өңірде 300 мың тоннадан астам мақта өндіріледі, 22 мақта өңдеу зауытында 25 мың шаруа жұмыспен қамтылған. Бүгінгі таңда елде мақтаны терең өңдейтін екі ғана кәсіпорын жұмыс істейді, екеуі де Түркістан өңірде орналасқан, бірақ олардың қуаттылығы өңірде өндірілетін шикізаттың тек 15%-ын ғана ендеуге мүмкіндік береді. Оны сату құны әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей байланысты болғандықтан, әлемде мақта өнімдерін артық өндірген кезде оның сату бағасы күрт темендейді. Бұл мәселе жыл сайын күрделене түсуде. Жағдайды шешу үшін терең өңдеуді қарқынды енгізу қажет. Серік Жұманғарин өңірді өнеркәсіптік дамыту жобаларымен танысты. Жақын арада Мақтаарал, Ордабасы, Сауран, Шардара және Жетісай аудандарында 12 тоқыма тігін фабрикасын ашу жоспарланып отыр. Нәтижесінде мақта талшығын терең өңдеу көлемі 17 мыңнан 66 мың тоннаға дейін ұлғайтылады Мақтаарал ауданында 5 жыл ішінде мақта-тоқыма кешені құрылады, оның ішінде мақта еңдеу зауыты, логистикалық хаб, трикотаж өндірісі, бояу және әрлеу және тігін фабрикалары салынады. Облыстың осы ауданында келер жылы мақта жіп және иірілген жіп өндіретін зауытты іске қосу жоспарлануда. Ал биыл «Turkistan» индустриялық аймағы базасында шұлық бұйымдары мен костюмдер шығаратын кәсіпорынды іске қосу жоспарланған.

Серік Жұманғаринмен кездесуде мақта зауыттарының өкілдері мен шаруалар саланың өзекті мәселелерін айтты. Екі негізгі мәселе субсидиялар және жеңілдетілген несиелеу. Атап айтқанда, шаруалар мақта зауыттарын аграрлық несие корпорациясы арқылы темен пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыру мәселесін қарастыруды сұрады. Екінші мәселе аударылған субсидияларды өзгеріссіз қалдыру. Осы механизмге сәйкес шаруа отандық тыңайтқыш өндірушіге тынайткыш құнының жартысын төлейді, ал екінші бөлігін субсидия түрінде зауытқа мемлекет тарапынан етеледі. Дәл осы механизм Түркістан облысында ең көп танымал. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі аударым өтінімдерінің механизмін жоюды жоспарлаған жаңа ережелер жобасын әзірледі. Алайда шаруалар мен өндірушілер тыңайтқыштарды арзан бағамен алу үшін оны қалдыруды сұрайды. «Үкімет тарапынан жеңіл және тоқыма өнеркәсібін дамытуға қолдау көрсетіледі, осы бағытты барынша дамып, халықаралық нарыққа шығу қажет. Өндірушілердің субсидияларды төлеу жүйесі үнемі өзгеріп отырады, тұрақтылық жоқ, жоспарлау қиын деген шағымдарын біз естіп келеміз. Аударым өтінімдері бойынша төлемнің бұрынғы тетіктерін қалдыру керек деп санаймын. Ал жеңілдетілген несиелеу бойынша талқылау қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігіне айтылған барлық мәселелерді пысықтауды тапсырамын», деді Серік Жұманғарин. Нәтижесінде өтпелі өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу тетігін қалдыру, сондай-ақ тыңайтқыштарды сатып алу кезінде субсидияларды ауыл шаруашылығы өндірушісі тікелей ала алатын үшжақты шарттың тетігін қосымша қосу туралы шешім қабылданды.

Сол күні Серік Жұманғарин өңірдің жылыжай иелерімен кездесті. Мұнда, Сарыағаш ауданында, өндіріске қажетті көмір тапшылығына көбісі шағымданады. Серік Жұманғарин бүгінде Индустрия министрлігі елдің негізгі көмір өндіруші кәсіпорындарымен тікелей көмір разрездерінен жеткізу бойынша шарттар жасау мүмкіндігін пысықтап жатқанын хабарлады. Сондай- ақ, биржа арқылы көмірді алдын ала сатып алу және оны сақтау мүмкіндіктері қарастырылуда.

Агроөнеркәсіптік кешен саласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау АӨК субъектілері үшін жеңілдікті салық салуды енгізу, субсидиялар беру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген кредит берумен қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері қарастырылған. Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілерінің шығыстарының бір бөлігін етеу бойынша субсидиялау: — Ауыл шаруашылығы малдарын сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша кредиттер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау. K А К индустриялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын ұйым «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және оның еншілес ұйымдары болып табылады яғни «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2001 жылы құрылған. Казіргі уақытта Корпорация Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №42 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде айқындалған. ауылшаруашылық өндірісті дамытудың басым бағыттары бойынша несиелік бағдарламаларын іске асыратын, АӨК дамыту саласында қызмет жасайтын ірі қаржы ұйымы. Корпорацияның миссиясы жеке қаржы институттарын тарту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің құзыретін арттыру арқылы қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру жоспарлануда.

Корпорация  «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» компаниялар тобының құрамына кіреді және оның тікелей басшылығымен Қазақстанның барлық аймақтарында 16 филиал мен 1 өкілдікте ез қызметін жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді. 2001 жылдан бастап Қазақстанда 202 несие серіктестігі құрылды, бұл 20 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді біріктіреді. Кредиттік серіктестіктер арқылы 17 жыл ішінде фермерлерге 288 миллиард теңгеге 40 мыңнан астам несие берілді. Қызмет түрлері тиісті лицензиясы негізінде банктік қарыз операцияларын жүргізу: Несиелеу жолымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау бағдарламаларын іске асыруға қатысу; Отандық және шетелдік инвестицияларды тарту; Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Лизингтік қызметті жүзеге асыру Холдинг қызметін жүзеге асыру; Қаржы институттарын қорландыру. 2021 жылғы желтоқсанда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға «ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның қосылуы шеңберінде «Дипломмен ауылға!».«ҚазАгро Қаржы» АҚ «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі техника паркін жаңарту мәселесін шешуге көмек көрсету мақсатында құрылған. Қоғам «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді. Холдингтің Жалғыз акционерінің функциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі атқарады. Қоғам өз қызметін Акционерлік қоғамдар туралы заңға және әлемдегі корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибесіне сәйкес жүзеге асырады. Қоғам Жалғыз акционердің мүддесінде қызмет атқарады, Жалғыз акционерге және Директорлар кеңесіне есеп беруге міндетті. Миссиясы: Сапалы да бәсекелі лизингтік қызмет көрсету арқылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын жаңартуға жәрдемдесу. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанның лизинг нарығындағы инвестициялық тартымдылығы жоғары ұлттық көшбасшы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды жаңартудағы ең үздік серіктес Кызмет түрлері: Жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін. Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанның лизинг нарығындағы инвестициялық тартымдылығы жоғары ұлттық көшбасшы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды жаңартудағы ең үздік серіктес. Қызмет түрлері: Жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін, Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: Ауылшаруашылық техника және құрылғылар лизингі; АӨК субъектілерін несиелеу. Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 14 филиалы бар.

Түркістан облысында өңір экспорттаушыларының, әкімдіктің, «QazTrade» АҚ, «KazakhExport» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдерінің қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті. Кәсіпкерлерге ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ желісі бойынша экспорттаушыларды қолдаудың қолданыстағы құралдары туралы айтылды, сондай-ақ экспортты дамыту туралы сұрақтарға жауап берілді. Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 12 айында 1 511,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 18,3% жоғары. Экспорт көлемі 21% ұлғайып, 932,5 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт құрылымында негізгі үлесті ет және ет өнімдері, ұн, балық филесі, трансформаторлар және басқа да тауарлар алады. Өңірдің экспорттаушылары «QazTrade» АҚ-мен белсенді ынтымақтастықта және мемлекеттік қолдау шараларын қолданады. Мәселен өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының 11 экспорттаушы компаниясының шығындарды ішінара өтеуге арналған 16 өтінімі мақұлданды. Тауарлар мен қызметтер экспортына жұмсалған шығыстар өтемақысының жалпы сомасы 313,5 млн теңгені құрады. Қаржылық емес қолдау шаралары экспорттық қызметке дайындықтың толық циклін қамтиды. Шағын және орта бизнес экспорттық акселерация, Alibaba.com платформасына шығару бағдарламаларына, сауда-экономикалывқ миссияларына, халықаралық көрмелерге тегін қатысады және QazTrade Academy порталында халықаралық сауда негіздеріне оқытудан өте алады.

Өңірлік экспорттық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бизнес өкілдері экспортты мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктерін қолдану жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігіне қызығушылық білдірді.

Қaзiргi жaғдaйдa әлeм eлдeрiнiң экoнoмикaлық дaмуы көбiнece oлaрдың тaуaрлaры мeн қызмeттeрiн әлeмдiк нaрықтaрғa жeткiзу қaбiлeтiмeн aлдын-aлa aнықтaлады. Көптeгeн eлдeрдe, әciрece, дaмығaн eлдeрдe ұлттық экcпoртты мeмлeкeттiк қoлдaудың мaғынaлы жүйeci құрылды. Әлeмдiк экoнoмикa дaмуының тұрaқcыздығы, көптeгeн eлдeрдiң экoнoмикacындaғы дaғдaрыcтар, әлeмдiк нaрықтaрдaғы бaғaлaрдың aйтaрлықтaй aуытқуы мeмлeкeттiң өз экcпoрттaушылaрын қoлдaуын өзeктi eтeдi. Экcпoртты ынтaлaндыру әдicтeрiн жeтiлдiру қaжeттiлiгi әлeмдiк нaрықтaрдaғы бәceкeлecтiктiң күшeюiмeн, eркiн экoнoмикaлық aймaқтaр caнының ұлғaюымeн cыртқы caудa caлacынa мeмлeкeттiк қoлдaуғa мұқтaж шaғын жәнe oртa кәciпoрындaрды тaртумeн дe бaйлaныcты.

Шикiзaт cипaты бaр Қaзaқcтaнның экcпoртынa қaтыcты қaйтa өңдeу өндiрicтeрi тaуaрлaрының экcпoртын қoлдaуғa үлкeн қaжeттiлiк бaр. Ocы прoблeмaны шeшу мaқcaтындa рecпубликaдa мaмaндaндырылғaн ұйымдaр құрылып, жұмыc icтeдi. Oлaрдың қызмeтiндe шикiзaттық eмec экcпoртты мeмлeкeттiк қoлдaудың әртүрлi әдicтeрi мeн құрaлдaры қoлдaнылaды.

Қaзiргi уaқыттa экcпoртты мeмлeкeттiк рeттeу жүйeci oлaрдың бaғыты мeн экcпoртқa әceр eту әдiciнe бaйлaныcты бeлгiлi бiр тoптaрғa бөлугe бoлaтын әртүрлi әдicтeрдi қaмтиды. Ocылaйшa экcпoртты ынтaлaндырaтын (нeмece қoлдaйтын) жәнe шeктeйтiн шaрaлaр aжырaтaды. Экcпoртты рeттeу әдicтeрiнiң бacым көпшiлiгi ынтaлaндыру шaрaлaрынa жaтaтынын aтaп өткeн жөн. Өйткeнi eлдeр нeгiзiнeн oны шeктeугe мүддeлi eмec. Экcпoрттық өндiрic ЖIӨ-нiң құрaмдac бөлiгi бoлa oтырып, eлдiң экoнoмикacы мeн әл-aуқaтының өcуiнe ықпaл eтeтiнi бeлгiлi. Бұғaн экcпoртты ұлғaйту eceбiнeн coғыcтaн кeйiнгi кeзeңдe Бaтыc Eурoпa мeн Жaпoния eлдeрiнiң экoнoмикacын жылдaм көтeрудiң әлeмдiк тәжiрибeci, ХХ ғacырдың eкiншi жaртыcындa – Oңтүcтiк-Шығыc Aзияның жaңa индуcтриaлды eлдeрi, aл coңғы oнжылдықтaрдa – Қытaй Хaлық Рecпубликacы дәлeл бoлa aлaды.

Қaзaқcтaндa өз қызмeтiндe шикiзaттық eмec тaуaрлaрдың экcпoртынa жәрдeмдecудiң әртүрлi қaржылық жәнe қaржылық eмec әдicтeрiн пaйдaлaнaтын бiрқaтaр мaмaндaндырылғaн инcтитуттaр құрылды жәнe жұмыc icтeйдi. «ҚaзЭкcпoртГaрaнт» экcпoрттық-крeдиттiк caқтaндыру кoрпoрaцияcы» AҚ шикiзaттық eмec тaуaрлaр мeн қызмeттeр экcпoртын қaйтa caқтaндыру, қaзaқcтaндық шикiзaттық eмec өнiмдeрдi caтып aлушылaрды caудaлық қaржылaндыру, cыртқы экoнoмикaлық қызмeттi caқтaндыру мәceлeлeрi бoйыншa кoнcультaциялық қызмeттeр көрсетіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *