ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 25 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ АУЫЗСУ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛМАҚ

79 просмотров

Биыл Түркістан облысында ауыз су мәселесі басты назарда. Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысына су құбыры бұрын-соңды болмаған жеті елді мекеннің ауызсумен қамтамасыз етілгені жөнінде мәлімет берді. Биыл 25 елді мекенге ауызсу құбырын тартып, тозығы жеткен сумен қамтамасыз ету желісін жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 56 елді мекен табиғи газ құбырына қосылып, 47 елді мекеннің электр желілері жаңартылады. Облыс әкімі өткен жылы 54 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның 21-і пайдалануға берілгенін жеткізді. Биыл тағы 20 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 63 білім мекемесінің құрылысы мақұлданды. Бұдан бөлек, биыл ауылдық жерлерде 49 медицина нысаны салынады» делінген әкім баяндамасында.

Әкімнің айтуынша, былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3 триллион теңгені құраған, ал ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асқан. Бұл салаға 75 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 184 579-ға жеткен.

Президентке Сырдария өзені бойындағы елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды. Алдын ала қамданғанның нәтижесінде бес аудандағы 43 елді мекенді су басу қаупі жойылған. Толассыз жауған нөсер жауын салдарынан бірқатар ауданда жекелеген үй аулаларын су басып қалғандықтан, 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір жағдай тұрақтанып, тұрғындар үйлеріне оралды. Арнайы комиссия шығын көлемін анықтап жатыр.

Индустрия министрлігі ауыз су мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 6295 ауылдың тек 4900-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 4159 ауыл орталығында сумен жабдықтау және 741 ауылда кешенді блок-модулі орнатылған. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндады. Министрдің баяндауынша, 1395 ауылдың ауыз су мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешу жоспарланып отыр. «Қалған ауылдардың 69 пайызы, яғни 963-і халқы аз елді мекендерге жатады. Оларға бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок модульдер орнатылатын болады», – деді министр.

Түркістан облысында елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары күшейтіліп, жұмыс жоспары қатаң қадағалауға алынады. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, бірінші кезекте ауыз су мәселесі толық шешілуі тиіс екенін айтты. Ауыз суға қатысты жобаларды жеделдетуді тапсырды.

– Ауыз су мәселесін толық шешу – ең бірінші міндетіміз. Бұл бағыттағы жобалар сапалы, жұмыстар тиянақты болуы тиіс. Жер асты суын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізіп, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, тиісті іс-шараларды жылдамдатқан жөн. Жол карталары мен жоспарлар тағы да нақтыланып, елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту жұмысын 2025 жылы толық аяқтау межеленуі қажет. Елді мекендерді ауыз сумен қамту жоспары жан-жақты пысықталып, жүзеге асыру жолдары қарастырылсын. Осы салаға қажетті ұсыныстарды жүйелеп, қаржы бөлу мәселесін шешуді тапсырамын, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің айтуынша, 2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы 831 елді мекеннің 719-ы (7 қала, 712 ауылдық елді мекен) немесе 86,5% ауыз сумен қамтамасыз етілді.
2023 жылы 57 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 13,3 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде 43 нысанның құрылысы биыл аяқталады, қалған 14 нысан 2024 жылы тапсырылмақ. Нәтижесінде су құбыры жоқ 17 елді мекен (Бәйдібек – 1, Сарыағаш – 6, Келес – 4, Қазығұрт –1, Ордабасы – 4, Отырар-1) ауыз сумен қамтамасыз етіледі, 11 елді мекеннің (Бәйдібек-2, Қазығұрт – 1, Төлеби – 4, Мақтаарал – 1, Ордабасы – 1, Түлкібас – 2) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. Сонымен қатар 16 нысанның жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.
2015-2021 жылдары аралығында жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыс бойынша жалпы 267 елді мекеннің жер асты су қоры бекітілген. Биыл 22 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын аяқтауға, 88 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын бастауға және 15 шекара бөлімшесінің іздеу-барлау жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 1,2 млрд. теңге бөлінген.

Келес ауданына қарасты Қошқар ата ауылында жайылым мен ағын су мәселесі өзекті. Ал көршілес Аманжар елді мекеніндегі жұртты жол азабы титықтатып отыр. Көгілдір отын да жеткізілмеген. Жергілікті халық бұл мәселелерді жыл сайын көтергенімізбен шешімін табар емес дейді. 25 бала бастауыш класқа мына жерден мектепке барады. Целлофанды мына жерге шейін кигіземіз. Сонымен шығарып саламыз, сонымен қайтып келеді. Машина түгілі адам жүре алмайды мына көшемен. Мектептен бір он камаз күл әкелейік десек, бес-ақ камаз шықты. Қоңсылармен ұрысып, әйтеуір сай сай жермен төсеттік.

Президент тапсырмасына сай ауыл әкімдері әр үш ай сайын ауыл-ауылды аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға міндетті. Аманжар ауылының тұрғындарымен кездескен аудан әкімі ішкі жолдарды жөндеуге бюджеттен қаражат бөлінетінін айтты. Сондай-ақ, төрт жыл бұрын тартылған құбырлар іске қосылып, көгілдір отын берілмек. Көпшілігі мына инфрақұрылымға қатысты болып отыр. Ол жол мәселесі, су мәселесі, ауыз су мәселесі және жайылым мәселесін көтеріп жатыр. Енді әр мәселеге сәйкес салалық бөлімдерге тапсырма берілді.

Түркістан облысында елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары күшейтіліп, жұмыс жоспары қатаң қадағалауға алынады. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, бірінші кезекте ауыз су мәселесі толық шешілуі тиіс екенін айтты. Ауыз суға қатысты жобаларды жеделдетуді тапсырды.
Биыл 22 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын аяқтауға, 88 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын бастауға және 15 шекара бөлімшесінің іздеу-барлау жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 1,2 млрд. теңге бөлінген. Түркістан облысында 2023 жылғы қаңтарда-наурыз аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 31,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 117,9%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысына 20,2 млрд. теңге салынған. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 120,2 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңі бойынша 105,5%-ды көрсетті.

2023 жылғы қаңтар-ақпанда Түркістан облысының өзара сауда көлемі 25,3 млн. АҚШ долларын құраса, 2023 жылдың 1 сәуіріне мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 119,2 млрд. теңгеге жетіп, 109,4% орындалып отыр. Өңірдегі инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, өмір сапасын арттыруға септігін тигізуде. 2023 жылғы 1 наурызда халық саны 2124,5 мың адамды құрады. Яғни, 2022 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда 31,6 мың адамға немесе 1,5%-ға өсті. 2022 жылғы ІV тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 84 831 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға артқан. 35 млн теңгеге құбыр тартылғанымен, су ішуге жарамсыз болып шықты. Түркістан облысының Жетісай ауданының тұрғындары жылдар бойы ауыз суға жарымай келеді. Соған қарамастан, бұл елдімекендер сумен қамтылған ауылдардың қатарына енгізілген. Ауыз суға бөлінген қыруар қаржы неге желге ұшты? Айнұр Әбілқасымқызы мән-жайды анықтады.

Өзбекстанмен шекарада орналасқан Жайлаукөл ауылына екі жыл бұрын ұңғыма қазылып, құбыр өткізілгенде өзегі талған жұрт таза суға қарық боламыз деп шын қуанды. Алайда, жер астынан шыққан тіршілік нәрі ащы болып, тамшы суға жарымады. Күні көрші ауылға қараған қарашаға әсіресе аптап ыстық пен аязды күндері қиын.  Су тасу оңай емес. Көлік жоқ. Су ащы. Жарты құдығың екі мың теңге болады. Ол екі мың теңгені бермесең алып келмейді ешкім.
Жайлаукөлдіктер су сұрап шулаған соң, биліктегілер арнайы су сүзгіш қондырғысын орнатып берген. Бірақ бұл құрылғы да биылғы қысқа шыдас бермей, құбырлары жарылып кеткен. Қазір шағын ауылдың тұрғындары тасып алған суды құдықтарға құйып, амалдауда. Алдын ала жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша, ауыз су пайдалануға жарамды делінген. Сондықтан қайта ұңғыма қазуға қаражат бөлінбейді дейді жауапты мамандар.  Жарамады деген халықтың сөзі емес, бізге тиісті сараптама қортындысы су пайдалануға жатпайды десе, біз ол ауыз суды ұңғымасын консервация қылып жабамыз. Сараптама жүргізіп, сол сараптама қорытындысының негізінде су беріп жатырмыз. Судың ішуге келмейтінін ауыл әкімі жоққа шығармады. Мәселені шешу үшін ауданнан қаражат сұратқан. Қазынадан қаржы бөлінбейінше, ауыз судың ауылға жетуі неғайбыл. Сондықтан тұрғындардың тіршілік нәріне қашан қол жеткізері әзірге белгісіз.

«Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына» сәйкес, 2023 жылдың қорытындысымен  қалаларды 100 пайыз, ал 2025 жылы ауылдық елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Ауыз сумен қамту мақсатында Түркістан облысында 60 нысанның құрылысына бюджеттен 12,7 млрд. теңге  бөлінді. Соның тең жартысын биыл пайдалануға беру жоспарлануда, қалғаны келер жылға өтпелі. Нәтижесінде, 20 елді мекен ауыз сумен қамтылса, 11 елді мекеннің су құбырлары қайта жаңартылатын болады. Жыл қорытындысымен облыстағы 843 елді мекеннің   717-сі ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қамту деңгейі 93,3%-ға  жетеді.

Сонымен қатар Түркістан облысындағы «Тұран су» мекемесі су нысандарын күтіп ұстауға реттеуге, механикалық тазалауға қажетті заманауи, жалпы құны 1 млрд. теңге болатын 17 техникамен қамтылды. Сатып алынған техникалар облыстың су және ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша серпін береді деп күтілуде. Ұлыбритания мен Жапонияның «JCB»,«HITACHI» компанияларының 10 шынжыр табанды және 2 дөңгелекті, заманауи эксковаторын мамандар жоғары бағалап отыр. Оған қоса бульдозер және өзге де техникалар ел игілігіне қызмет етпек. Ордабасы ауданындағы аталған мекеменің өндірістік-техникалық базасында өткен жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып қайтты.
– Өздеріңізге белгілі, әлемде су тапшылығы мәселесінің өзектілігі жыл өткен сайын артуда.
Сондықтан әр тамшы суды үнемдеуді үйренейік.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігін қамтамасыз ету — стратегиялық маңызы бар міндет екендігін атап өтіп, Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатқандығын, осы тұста су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аударуды тапсырды. Бұл мақсатта Түркістан облысында жұмыстар атқарылуда. Түркістан өңірінде орташа есеппен жыл сайын 210 млн. текше метр ағын су тапшылығы орын алған болатын. Осы мәселені шешу үшін, облыста бір қатар су нысандарының құрылыстары басталып, 2 ірі су нысандары пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Боралдай», «Бәйдібек ата» су қоймаларын салу жобалары әзірленуде. Аталған жобалар іске асырылған жағдайда Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады, – деген Дархан Сатыбалды облыстағы су шаруашылығының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтарды марапаттап, құрмет көрсетті.
Облыс әкімі өз сөзінде «Тұран су» кәсіпорны аудан, қала әкімдерімен бірлесіп, халықтың сұранысы негізінде каналдар мен қашыртқылардың тазалау көлемін арттырып, ағын сумен қамтамасыз ету шараларын жандандыруды тапсырды.
Облыста 552 мың гектар суармалы жер бар, Республикалық көрсеткіштің 4/1 бөлігі. Өңірде су нысандарының құрылыстары басталып, 2 ірі су нысаны пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта облыстық коммуналдық меншікте 17 су қойма, 3 су торабы, 3 магистральды канал және 107 ішкі шаруааралық канал бар. Оларды күтіп-ұстау қызметін «Тұран су» кәсіпорны атқаруда.
Механикалық тазарту арқылы су арналары ашылып, ағын су жеткізу сапасы артады. Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен бірге бұл төтенше жағдайлардың алдын алу шараларының бірі.
Түркістан облысында сыйымдылығы 18 млн. текше метрді құрайтын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы салынып, нәтижесінде, жылына қосымша 34 млн. текше метр ағын суды жеткізуге мүмкіндік ашылды. «Түркістан» магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы жылына 60 млн. текше метр ағын суды үнемдеуге қол жеткізілді. Сонымен қатар «Боралдай», «Бәйдібек ата» су қоймасын салу жобалары әзірленуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.