ТҮРКІСТАН: ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ КІРІС КӨЛЕМІ 336,3 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ

79 просмотров

Биыл Түркістан облысында 2023 жылы  БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 336,3 млрд теңгені құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 40,5 млрд теңге немесе 14% артық. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік соңғы 12 айда 6,63% болды. Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық кірісті қаржы құралдары бойынша сыйақы түріндегі кірістер (салымдар, «кері РЕПО» операциялары, купон немесе дисконт, акциялар бойынша дивидендтер), бағалы қағаздар, шетел валютасы, өзге де активтерді нарықтық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. құрайды.

Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап: айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен базалық зейнетақы мөлшері өзгерді. Соған сәйкес, зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері де артты. Қандай өзгеріс болғанын ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім басшысы Әнуар Ілеспаев айтып берді.

2014 жылдан бастап (барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру аяқталғаннан кейін)  инвестициялық кіріс 7,3 трлн теңгеге жетті. Ал 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап бүкіл кезең ішіндегі жинақталған инфляция 702,96% болғанда, жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 751,1% көрсетті.  Зейнетақы жинақтары ұзақ мерзімді инвестициялар  және инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде 1 (бір) жыл кезеңінде талдаған жөн екенін естеріңізге саламыз. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені, олар нарықтық жағдайда жиі ұшырасатын ауытқуларға тәуелді. Инвестицияларды басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың бүкіл жүйесі қолжетімді және ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық кірісінің өсу серпінін enpf.kz сайты немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады. Зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді.

Мүгедектігі бар адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері туралы БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына): міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі, ерікті зейнетақы жарналары және тобы мен мерзіміне қарамастан мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен белгіленген кесте бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екені туралы хабарлайды.

Салымшыға (алушыға) өзінің мәртебесін растайтын құжаттарды көрсетудің қажеті жоқ. БЖЗҚ салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес берілетін келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ақпараттық жүйесінен мәліметтерді веб-сервис арқылы сұрау жолымен мүгедектіктің (тобы, белгіленген мерзімі) болуын дербес тексереді. Бұл әрекет  Еңбек министрлігі, Мемлекеттік корпорация және БЖЗҚ арасында жасалған келісім шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» арқылы жүзеге асырылады.

БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға барып қызмет көрсету ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын-ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтықтан, Қор кеңсесіне бармай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүзеге асырылады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-дың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есеп ұсынылған. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер — Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріледі. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15 401,08 млрд теңге болды.

ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың 2023 жылғы 1 сәуірдегі негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,22%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 11,03%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары мен депозиттері – 7,07%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,64%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,46%, қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 0,10%.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 71,55%, АҚШ долларында – 28,39%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 435,62 млрд теңгені, өзге кірістер – 1,29 млрд теңгені құрады. Ал сыртқы басқарудағы және шетел валютасын қайта бағалаумен байланысты құралдар 91,24 млрд теңге көлемінде шығын әкелді. Бұл тұрақсыз геосаяси жағдайдың, жаһандық қаржы нарықтарындағы жоғары құбылмалылықтың және инфляцияның биылғы жылы алынған инвестициялық кіріске әсерін растайды.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен қолайсыз сыртқы және ішкі факторларға қарамастан, 2023 жылғы наурыздағы жалпы табыс оң нәтижені көрсетті. Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2023 жылдың басынан бастап 345,67 млрд теңге. 2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 3,20% кезінде 2,26% болды. Бұл ретте 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда (2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы наурызға дейін) 6,63% жетті.

Сондай-ақ,  Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

Биыл ИПБ басқаруындағы қаражаттың жалпы көлемі – 9,72 млрд теңге. Сонымен қатар«Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 4,3 млрд теңге. Компанияның ең маңызды салымдары: ҚРҰБ ноттары – 31,09%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – портфельдің 30,33%; ҚР ҚМ МБҚ – 24,09%. Шет мемлекеттердің МБҚ 8,46%. Атап кетейік, портфельдің 60,73% теңгемен; 39,27% АҚШ долларымен ұсынылған. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 147,84 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 3,35%.. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2,7 млрд теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 41,37%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) — 13,61%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11.88%; МҚҰ облигациялары – 9,32%, ҚРҰБ ноттары – 8,98%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 6,57%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 79,78%, АҚШ долларымен 20,22%  тең. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде ағымдағы жылдың 3 айында есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 83,27 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 2023 жылдың басынан бері 2,93% көрсетті. «BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің мөлшері – 1,6 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды ерекше атап өтуге болады: ҚР мемлекеттік облигациялары – портфельдің 51,75%; Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,48%; пайлар (индекстерге арналған ETF) – 9,69%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 5,18%. Ұлттық валютада портфельдің 79,22%, АҚШ долларымен – 20,78% инвестицияланған. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде есептелген инвестициялық кірістің мөлшері жыл басынан бері 35,15 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 2,12%. Есептелген инвестициялық кірістің көп бөлігі «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақыға және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен табысқа тиесілі болды.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,03 млрд теңге. Активтердің 63,17% ҚР ҚМ МБҚ-ға инвестицияланды; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 10,76%; квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,33%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 7,62%. Ұлттық валютада портфельдің 79,08%, АҚШ долларымен — 20,92% инвестицияланды. Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2023 жылдың басынан бастап 20,88 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 1,88%. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Halyk Finance «Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 162,36 млн теңге.

Портфель құрылымындағы инвестициялар: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 85,67%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 7,40%, МҚҰ – 2,98%, ҚРҰБ ноттары – 2,95%, шоттардағы ақшалай қаражат — 1%. Ұлттық валютада портфельдің 100% инвестицияланды. Инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2023 жылдың басынан бастап 2,01 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 2,86%.

Сонымен қатар БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді.

 

Сонымен қатар биыл 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,7 трлн теңгені құрады. БЖЗҚ мәліметінше, 2022 жылы бұл көрсеткіш 1,6 трлн теңгеге өсті. 2021 жылы зейнетақы жинақтарының өсімі тек 1% құрады. Бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму қарқыны, зейнетақы жинақтарының өсуі жыл сайын 15%-дан 20%-ға дейін болған кезде зейнетақы жинақтарының баламалы мақсаттарға айтарлықтай алынуына дейінгі кезеңдердің көрсеткіштеріне жоспарлы түрде қайтарылатынын білдіреді.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 2023 жылғы 1 қаңтарға 14,2 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 11,9% ұлғайды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 12 айда 23,4% ұлғайып, шамамен 445,4 млрд теңге болды. Ең үлкен өсімді, яғни 107% астам көрсеткішті ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар берді. Олар 2022 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 3,6 млрд теңгені құрады.

Жинақтардың жалпы өсімі зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындары есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте салымшылардың шоттарына жарналар түрінде бір жыл ішінде 1,7 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 29 %-ға көп. МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) бір жыл ішінде 1,65 трлн теңге түсті, МКЗЖ – 77 млрд теңге (39%-ға өсті), ЕЗЖ жарналары бір жыл ішінде 2,3 млрд теңгені құрады (өсім 190%).

Өткен жылы инвестициялық кіріс 914 млрд теңгеден асты. Яғни, өткен жылдың қорытындысы бойынша активтердің кірістілігі оң сипатқа ие. БЖЗҚ-дан төлемдер түріндегі шығыс ағындары жыл басынан бері шамамен 1,2 трлн теңгені құрады. Оның басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖТ) – 918 млрд теңге. Бұл ретте баламалы мақсаттарға төлемдер көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 65%-ға төмендеді.

«Жас бойынша төлемдер 20% ұлғайып, шамамен 122 млрд теңге болды. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуға байланысты) 29 973 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады», делінген хабарламада. Сондай-ақ мұрагерлік бойынша төлемдер – 60,2 млрд теңге, ел шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 48,3 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 2,5 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 5,3 млрд теңге. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 26 млрд теңге аударылды.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,1 млн бірлікке жетті. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша – шамамен 11 млн бірлік. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МКЗЖ бойынша шоттар саны – 595 710 бірлікті құрады. ЕЗЖ есебі бойынша 358 695 ЖЗШ ашылды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.