Тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетіп, ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау үні сыңғырлады.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығындағы бірқатар білім ошақтарында болып, онда өткен салтанатты шараларға қатысып, ауданның барлық ұстаздары мен оқушыларын, ата-аналарын білім жылының аяқталуымен және айтулы мерекемен
тұсптұс келген балалар күнімен құттықтады.



Сондай-ақ, білім беру саласына үлес қосқан ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтіп, мектеп бітіруші түлектерге үлкен үміт артатынын жеткізді. Ауданымызда мектеп оқушылары бос уақытын тиімді пайдалану мен білім сапасын арттыру мақсатында қолға алынған жобаларға тоқталып өтті. 11-сынып түлектерінің әрбір сыныбына жеке дара тоқталып, болашаққа қадам басып жатқан жаңа өмірлеріне үлкен сәттілік тіледі.
Мектеп оқушылары концерттік бағдарламаларын тарту етіп, соңғы қоңырау үні соғылды.
Айта кетейік, биылғы оқу жылында аудан мектептерінде 1-сыныпқа 1540 оқушы қабылданып, 15433 оқушы білім алды. Бүгінгі таңда 937 оқушы жаңа өмірге қадам басты. «Алтын Белгіге» 53 оқушы, «Үздік аттестатқа» 90 оқушы үміткер ретінде ұсынылды.