СЫРЛЫ СОЗАҚ: ТҮЛЕКТЕР ҚОС БІРДЕЙ ОТБАСЫНА ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Түркістан облысы Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылы мен Таукент кентінде қос бірдей мұқтаж отбасына тұрғын үйдің кілті табысталды.
Аудан орталығындағы Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп лицей интернаты мен Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектепті бітіргеніне 20 жыл болған түлектер Шолаққорған ауылының тұрғыны, көп балалы отбасына жаңа баспананы тарту етті.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков игі іске ұйытқы болған түлектерге жылы лебізін арнап, баспана иесін қоныс тойымен құттықтады.
– Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Маңайыңдағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту – адамгершіліктің белгісі. Қайырымды болу – адамның болмысына біткен ізгі амал. Еселі еңбектерімен елдің құрметіне, көптің ыстық ықыласына бөлене білген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы игі іске ұйытқы болған түлектер мен ауданның білім саласының даумына айрықша үлес қосып, үлкен ағартушылық және тәрбие жұмысын жүйелі түрде жүргізе білген жетекшілерін арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
Тағылымды шараның куәсі болған аудан ардагерлері мен ел ағалары осындай игі шаралардың өрелі жас ұрпақтың бойына изгі қасиеттерді сіңіретінін айтып өтті.
Аудан орталығынан берілген жаңа баспана асхана және үйге қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Жер учаскесі 15 сотықты құрайды. Арнайы шарбақпен қоршалған. Қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау -бақша өсіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Таукент кентіндегі І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінен түлеп ұшқан азаматтар мектепті бітіргендеріне 20 жыл толуына орай осы игі істі қолға алуды жөн көріп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырған. Жақсы іске жанашыр, ізгі ниетті, ақ тілеулі азаматтар көп балалы, жалғыз басты анаға көп қабатты тұрғын үйдің бірінен пәтер кілтін табыстап, қуанышқа бөледі.
Жаңа үйде жанға жайдың бәрі бар. Қажетті жабдықтарымен қоса алынған. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Айта кетейік, игі шараны қолға алған азаматтар үй егелерін өздері нақтылаған. Баспана егелері ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерлерді паналап келген. Бүгінгі күндегі қуаныштарын жасыра алмай, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын айтты.
и ещё 6
Все реакции:

Жандос Касымов, Erbolat Abishov и ещё 109

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *