СЫРЛЫ СОЗАҚ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТАРДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНҒАН ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы Созақ ауданы әкімі Мұхит Тұрысбеков ауданның абыройын асқақтатып, облыстық, республикалық деңгейде оқушылар арасында өткен түрлі білім және спорттық сайыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрген оқушылар мен жетекшілерін арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.


— Сіздердің осы жеткен жетістіктеріңіз мектеп жасындағы балалар арасында білімге және спортқа деген қызғушылықты арттыратыны сөзсіз. Алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындырып, ауданымыздың, облысымыздың мерейін үстем етіп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспін,-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жүлде иелері мен жетекшілеріне арнайы Алғыс хат пен сый-сияпат табыс етті.

Сонымен қатар, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың спортқа, білімге құштарлығын арттыру үшін аудан көлемінде қолға алынған ауқымды жобаларды тілге тиек етті. Ауданымыздың тарихына, ауданнан шыққан зиялы қауым өкілдері, спорт саңлақтары мен ұлттық спортымыз жайында әңгіме өрбітіп, марапат иелеріне алдағы уақытта бұданда биік шыңнан көрінуге сінім білдірді.
Айта кетейік, биылғы оқу жылында «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстарында спорттың асық ату түрі бойынша Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары Сұлтан Бақытжанұлы, Рамазан Сәбитұлы және Алмас Дәулетұлы республикалық кезеңде 3-орынды жеңіп алған.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Бахытқызы Алтынай Алғыс хатқа ие болса, республикалық ғылыми жобалар конкурсында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Құралай Сержанқызы 3-орынды иеленген.
Сондай-ақ «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының оқушылары Марина Шухратқызы мен Батырбек Тауасханұлы, «Жарқын болашақ» олимпиадасының жүлдегерлері атанып, Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінің оқушысы Шұғыла Ерланқызы республикалық Әбіш оқуларында 2-орынға табан тіреді. Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларында Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Бабайхан Дастан Сұлубекұлы 2-орынға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *